Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Г дыбысы мен әрпі

08 қыркүйек 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға г дыбыс мен әрпін таныстыру. Сөз ішінде г дыбысының ерекшелігін меңгерту. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы г дыбысының дауыссыз екенін байқату.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреті, ребус.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, оқу, жазу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу.
Ә) Оқушы назарын сабаққа аудару.
Б) Балалар сабақты бастамас бұрын бір - бірімізге жылы лебіздер тілейік.
1. Елімізге тыныштық тілейміз!
2. Күніміз жарқын болсын!
3. Аспанымыз ашық болсын!
4. Деніміз сау болсын!
5. Нанымыз көп болсын!
6. Көк туымыз биік болсын!

Балалар біз бүгін Әліппе пәнінен ертегі сабағын өтеміз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма? Олай болса ертегіміздің аты «Мақта қыз бен мысық».
Ерте ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді, шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төгем», – дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. «Апа, апа, құйрығымды берші», – дейді. «Сен менің тапсырмамды орындасаң мен саған құйрығыңды беремін», – дейді Мақта қыз.
Ал балалар енді біз мысыққа көмектесейік. Осы ертегілердегі кейіпкерлердің тапсырмасын бірге орындайық.

Сиыр тапсырмасы:
- Балалар біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық
- Ендеше Й әрпін айтып көрейікші.
- Й - й - й
- Й дыбысы қалай аталады?
Өзі қысқа айтылады. Сондықтан оның төбесінде белгі бар.
- Ендеше ол қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбыс.
- Й сөздің қай жерінде кездеседі?
- Й қысқа й сөз бастамайды.
Жазамыз аппақ айды.
Сөздің орта соңында
Әріптер оны тастамайды.
Біз Әліппе пәнінен «Дыбыс және әріп» тарауын өтіп жатырмыз.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
- Дыбысты айтамыз, естиміз.
- Әріпті көреміз, жазамыз.
- Қазақ тілінде қанша әріп, қанша дыбыс бар? 42 әріп, 40 дыбыс
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Талдың тапсырмасы: Айран, қаймақ, ай, той - сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
А - дауысты дыбыс, жуан.
Й - дауыссыз, үнді дыбыс.
Р - дауыссыз, үнді дыбыс.
А - дауысты дыбыс, жуан.
Н - дауыссыз, үнді дыбыс.

Қыздардың тапсырмасы:
«Шебер қолды әжей» әңгімесін өз сөзімен айту. Әжейдің қолданып отырған құралдарын айту. Өткір қайшы, ине, жіп, оймақ - ісмер адамның құралдары.

Дүкеншінің тапсырмасы:Ребус шешу.
Жұмбақ жасыру.
Газда бар, ауада жоқ
Гүлде бар, жуада жоқ - бұл қай әріп (Г)
Дұрыс, ендеше біз сіздермен Г дыбысымен танысамыз. Енді бәріміз хормен айтамыз. Қандай дыбыс екен? Г дыбысы дауыссыз дыбыс, өйткені созып айтуға келмейді. Ұяң шұғыл айтылады, тіл арқалы жасалады. Суреттер арқылы г дыбысының орналасу ретін анықтау, г дыбысы сөздің басында, ортасында кездесетінін айтып, түсіндіру. Г дыбысының баспа, жазба түрін көрсету.
«Түймедақ» гүлін құрастырып, тақтаға ілу.

Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс. 86 – беттегі бағандағы сөздерді оқи беріп, мағынасын ашу.
Егеу - үй шаруасында қолданылатын құрал.
Сегіз - сан.
Шеге - ағашқа қағатын зат.
Кереге - киіз үйдің бөлігі.
Бетеге - өсімдік, шөптесін өсімдік, жерге жабысып өседі.
Неге - сұрақ.
Мезгіл - уақыт.
Егіз - бір анадан, бір мезгілде туылса егіз дейміз.
Хормен оқыту. Бағанадағы сөздер ішінен 3 буынды, әріп сөздерді тауып көрейікші. Ше - ге - ле, ке - ре - ге, бе - те - ге. «Ай мен Әтеш» ертегісін оқып беру. 2 - 3 оқушыға оқыту.

Дәптермен жұмыс.
Арнайы дәптерге Г әрпінің үлкен және кіші әрпін жазу. Ауада жазу.
Тышқанның тапсырмасы:
Жоғалған әріптерді тап.... үл, бүр... е, іл... ек, мер... ен, ерте... і, әң... іме, бел... і, бәй... е.

Сабақты қорыту.
Ой қозғау.
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Г дыбысы қандай дыбыс?
- Қалай айтылады?
- Г дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Г дыбысы дауыссыз дыбыс, өйткені созып айтуға келмейді. Ұяң шұғыл айтылады, тіл арқалы жасалады деп сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау Оқушылар Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып беретін болды, мысық сендерге өте риза.
Үйге тапсырма «Ай мен әтеш» ертегісін оқу
Оқушыларды мадақтау
13 436
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
Ң дыбысы мен әрпі
Ң дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
М м  дыбысы мен әрпі
М м дыбысы мен әрпі
№ 12 мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Арғынбаева Әйгерім
Ф дыбысы және әрпі
Ф дыбысы және әрпі
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы Мухадиева Жанат Шәріпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×