Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.

15 сәуір 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жастай берген тәрбие,Жас шыбықты игендей»
Ата анамен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы алтын ұясы екенін түсіндіру,ата анамен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғызып,ата ананың баласына деген сенімін ояту,оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Барысы:
1. Танысу жаттығуы
2. Бала біздің гүліміз. «Бала деген кім?»
3. Жат қылықтардан аулақ болайық «Қандай жағымсыз қылықтарды балаңызға тілемейміз»
4. Пікір айтсам... «Топтық пікірлер»
5. Бақытты жанұяның модельін құру.
6. «Қызықты сұрақтар» Сергіту жаттығулары
7. Сіз қандай анасыз? Тест.
8. Ойын. «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе....»
Құрметті ата аналар, ұстаздар!Сіздер бүгінгі «Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей» атты тренингімізге қош келдіңіздер.
Ата аналар мен ұстаздар қауымы үшінжас ұрпақты тәрбиелеп, білім беріп,қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе.осы мәселеге ата аналармен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ,онда асуымыздың биік болары сөзсіз. Ата анаға баладан басқа ешкім керегі жоқ,сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандаймыз. Қазіргі қоғамда ата ана баладан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата ананың бақыты неде? Бақытты жанұя қандай болмақ?Міне осы тұрғыдан сөз қозғаймыз

Танысу жаттығуы: Ата аналар бір бірінің қолдарынан ұстап,әрқайсысы өзінің есімдеріне сын есім қосып айтады және өз бойындағы үш қасиетінкезекпен айтып шығады.
Бала әр ата ананың болашағы,бақыты.ол оның өмірінің жалғасы.Бала біздің гүліміз. «Бала деген кім?» гүлдің бейнесін келтіру. Біздің өз ұрпағымыздан күтеріміз мол.Оай болса,біз тәрбие үрдісінде баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек.Жағымсыз мінез деген сөзге мән беріп көрейік. Ата аналармен сауалнама Сіз балаңызды қандай жат қылықтардан сақтандырған болар едіңіз?Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады.Меніңше әр бәр баланың іс әрекеті,тәрбие от басында ата ананың жағымды іс әрекетімен қалыптасады.Ата анан өз баласының тәрбиесі үшін ел, халық алдында жауапты екенін естен шығармау керек.Ендігі кезекті «Пікір айсам деп едім ...» айдарына берейік.

Әр бір бала дара тұлға.бала тәрбиесінде ата ана балаға қысым көрсетуден аулақ болып,үлгі болуы керек.Ендеше, «Бақытты жанұяның моделін құрып көрейік» Енді сіздермен «Қызықты сұрақтар» айдары бойынша сергіту сәтін жасап көрейік.Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз? Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрейік:
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

«Сіз қандай ата анасыз?» ата аналарға арналған тест.
Енді ата аналармен «Егер мен баламнан бақытымды көргңм келсе» атты ойын ойнаймыз.Ойын мақсаты мен барысы түсіндіріледі.

Құрметті ата ана! Еліміздің болашағы сіздің балаңыздың яғни балаларымыздың қолында,ол бақыт отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан да сіздерді балаларыңыз бақытқы кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер.Әр бір отбасына бүгінгі көктемнің күнінің шуағындай шаттық,жылылғындай мейірімділік,қуаныш,береке бірлік,бақыт тілей отырып «Жастай береген тәрбие жас шыбықты игендей» атты тренингімізді аяқтаймыз.

.
21 371
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бақыттың кілті – балалық шақта
Бақыттың кілті – балалық шақта
Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ал білім мен тәрбие беретін адамның қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. Балаға жан – жақты тәрбие беру біздің парызымыз.
Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым
Қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Баланы тәрбиелеудегі ата - ана рөлі
Баланы тәрбиелеудегі ата - ана рөлі
Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тунжамылова Сакен Турсашовна
Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат (тренинг - жиналыс)
Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат (тренинг - жиналыс)
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуханова Балауса Хоныспаевна
Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестіг
Адамгершілік – рухани білім мен тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестіг
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Жастай берген тәрбие жас қайыңды игендей
Жастай берген тәрбие жас қайыңды игендей
Мектепте баламен тығыз байланыста жұмыс жасайтын сынып жетекшісі. Сынып жетекшісінің жұмысындағы байланыс аясы өте кең болуы керек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×