Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдебиеттік оқу, Аққұс туралы аңыз

23 қыркүйек 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3
Тақырыбы: Аққұс туралы аңыз
Мақсаты: Мәтінді түсініп, мәнерлеп және дауыс ырғағын келтіре оқуға, мазмұнын айта білуге үйрету.
Міндеттері: а/Әңгімедегі музыканттар туралы қысқаша мәлімет беру;
ә/Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға және құстарға қамқор жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу;
б/Оқушылардың музыка өнеріне деген қызығушылық сезімдерін оята отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі, бейнелеу өнері, әдеп, өмірмен байланыс
Көрнекі – құралдар: Тест сұрақтары, Шәмші Қалдаяқов, Бақытжан Байқадамов, Людвиг Ван Бетховеннің суреттері, қосымша кітаптар, сызба – кесте, DVD және Ш. Қалдаяқовтың әндер жинақ дискісі, оқу құралдары, бағалау жетондары.
Жүргізу әдіс – тәсілдері: Түсіндірмелік, кіріктірмелік, көрнекілік, сұрақ – жауап, ойын, ассоциация
Сабақтың барысы:
І Психологиялық дайындық.
Жасқа – мейірім, кедейге – қайырым,
Досқа – кеңес, дұшпанға – кешірім,
Ақымақты – елемеу, білімдарды құрметтеу.
Абдоллах Ансари
ІІ Үй жұмысын тексеру
а/ Қажымұқан тақырыбына арналған тест сұрақтарына жауап алу.
ә/ Сұрақ – жауап әдісі арқылы өткен тақырыптарды тиянақтау.
- Тарауымыздың тақырыбы «Жақсы ай мен күндей»
- Қандай ұлы адамдармен таныстық?

ІІІ Жаңа сабақ
а/ Тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ә/ Сынып оқушыларын жұпқа бөліп, мәтінді үш бөлікке бөліп, іштей оқып, мазмұнын сұрау (Джиксо стратегиясын қолдану)
б/ Оқушылар, осы мәтіндегі музыканттардың есімдерін атаңдаршы. Сіздерге таныс па? (Оқушыларды тыңдап болып, мұғалім қысқаша мағлұматтар береді).
Шәмші Қалдаяқов (1930 – 1992) аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, халық әртісі. Оңт. Қазақстан обл. Қызылқұм ауданында дүниеге келген. 2005 жылдан «Менің Қазақстаным» туындысы ҚР Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.
Бақытжан Байқадамов (1917 – 1977) Торғай қаласында дүниеге келген. Ол жас кезінен өлең жазып, домбыра тартқан. Сонымен қатар мектеп қабырғасында жүріп - ақ математикаға қабілетті екенін байқатты. Алайда оның музыкаға деген құштарлығы басым болып, біржола өнер жолына түседі. Б. Байқадамов – балаларға арналған көптеген әндердің авторы.
Людвиг Ван Бетховен (1770 – 1827) Германияның Бонн қаласында туған. Ата – тегі музыканттар ұрпағы. Людвиг өте тұйық бала болып өсті. Әкесі Бетховенге клавесин аспабында және скрипкада ойнауды үйретті. 6 - 7 жасынан бастап жан – тәнімен музыканы ұнатты.
в/ Ал, енді мәтіндегі құстарға тоқталайық. Аңыздағы Аққұстың әніне табиғат қалайша табынған? Қарақұс неліктен Аққұстың көзін жоймақшы болды?
г/ Осы аңыздағы құстарды осы заман, осы күнге кімдермен, нелермен теңестіріп және салыстырып айтуға болады?
ғ/ Мәтіндегі табиғаттың Аққұс әніне табынған жерін суреттейтін тұстарды тауып, дәптерлеріне жазып алыңыздар.
д/ Ассоциация әдісі: Әр бала құстар туралы ойын жазады. Бұл жерде Т кстесін қолдануға болады
АҚҚҰС

ҚАРАҚҰС

ІҮ Қорытынды кезең

а/ Венн диаграммасын толтыру
әншілердің өмірі
композитор, әнші,
музыканттар, ұлы адамдар
ә/ Логикалық тапсырма
9 14 6 15 8 1 * 1 3 1 9 * 5 1 10 15 10 1* 11 13 * 4 2 12 2 3 7

Сандардың орнына тиісті әріптерді қойып жазу. Мысалы, 1 санының орнына А әрпін қойып жазу 1 - а, 2 – е, 3 – д, 4 – б, 5 - ж, 6 - з, 7 - і, 8 - к, 9 - м, 10 - н, 11 - о, 12 - р, 13 - т, 14 - у, 15 - ы

МУЗЫКА АДАМ ЖАНЫНА ОТ БЕРЕДІ. Л. В. Бетховеннің сөзі шығу керек.
б/ Ойын:«Әуенін тап» DVD ойнатқышынан Ш. Қалдаяқовтың әндерін қойып, әуеннің атын табу.
в/ Бағалау, үйге тапсырма беру
Мәтінді оқу, мазмұнын айту, аңызға байланысты сурет салып келу және мәтіннің авторы Оразбек Бодықов туралы мәліметтер жинақтап келу.
г/ «Менің Қазақстаным» әнұранды орындау арқылы сабақты аяқтаймыз.
ғ/ Уақыт болса өлеңнің жоқ жолын құрап көрелік.
Сабаққа ертең ерте.................................
Қиналды уәдесін....................................
Ұйқысы қанбай қалды Мейрамбектің,
Түнімен телевизор..................................
13 062
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Оқушыларды аңызбен таныстыру. Ш. Қалдаяқовтың өмір баянымен таныстыру. Қосымша мағлұматтар беру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Аққұс туралы аңыз
Аққұс туралы аңыз
Оқушыларға вальстің королі атанған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен қысқаша түсінік беру; сазгерлік өнердің рухани құндылық екенін мәтіннің мазмұны арқылы түсіндіру
Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Сабақтың тақырыбы: Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Оразбек Бодықов "Аққұс туралы аңыз"
Оразбек Бодықов "Аққұс туралы аңыз"
Атырау қаласындағы №9Ш. Уәлиханов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманбаева Ақмарал
Аққұс туралы аңыз
Аққұс туралы аңыз
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш кластар мұғалімі Қызжанова Гүлия Каримовна
Аққус туралы аңыз
Аққус туралы аңыз
Тақырыбы: Аққус туралы аңыз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×