Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктердің көктемгі тіршілігі

30 қыркүйек 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану. 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көктемгі тіршілігі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зерттеу әрекеттерін дамыту арқылы оқу мен жазу процесіне ынталандыру ортасын құру.
Сабақтың міндеттері:
• Оқушылардың ата - аналарымен бірге сабаққа дейін тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыт беру;
• Өсімдіктердің көктемгі өзгерістеріне талдау жасау және бақылау жүргізу арқылы өз бетінше түсінік құруға көмектесу;
• Жазу, ой бөлісу, оқу және талдау арқылы баланың жеке көзқарасын дамытуға жағдай жасау;
• Балаларды сабақта және сабақтың тыс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқыту процесін құру;
Күтілетін нәтижелер:
• Ата - аналар баласымен бірге зерттеу әрекетін жасаған соң сабағына, ынтасына, жетістіктеріне деген қызығушылығы туындайды;
• Бала көру, бірлесе талдау, ойын ортаға салу арқылы жеке білімін қалыптастырады;
• Оқу және жазу арқылы оны талдап, сараптап үйренеді және білім ғана емес, жеке пікірін де дамытады;
• Білімді ізденіс және зерттеу, жасау арқылы алуға дағдыланады;
Сабақтың алғышарттары:
• Оқушылар бірнеше апта бұрын өз отбасымен бірге үйінде топыраққа әртүрлі өсімдіктер отырғызады,
(укроп, сарымсақ, қызанақ, қияр, дәнді дақылдар т. б.) бақылайды және жазады.
• Бәйшешек, бақбақ гүл, өгейшөп деген өсімдіктер туралы қосымша оқып, суреттерін салып, газет шығарып келеді, кейбір аңыздарды зерттеп келу, ата - аналардан сұхбат алып келу.
• Сонымен қатар, балалар топтық жұмыс ережелерімен таныс болуы тиіс.
Бағалау:
• Сабаққа дейінгі отбасылық эксперимент және бақылау күнделігі бағаланады.
• Сабақ кезіндегі жеке жазбаша ойлары мен топтағы белсенділігі бағаланады.
Оқушыларды топқа бөлу: Оқушылар топқа 4 - 5 адамнан отырады.
Қызығушылықты ояту:
Бейнефильм «Көктем». 3 минут. Мұғалімнің сұрағы: мұнда не болып жатыр деп ойлайсыңдар?
Балалар жеке ойларыңды жазыңдар. 2 - 3минут.
Жазғандарыңды жұпта оқып беріңдер, топта талқылаңдар енді жариялаңдар. Жариялау барысында сыныптағы балаларға қарап сөйлеңдер. Оқушылардың жауаптары.

Мағынаны ашу:
1. Өсімдіктердің көктемгі тіршілігі туралы бейнефильм.
Мұнда не болып жатыр, ауызша айту, топта талқылау. Бүршік деген не?
1. Балалар үйден әкелген ақпараттарды, ресурстарды ортаға салады, жариялайды. Бәйшешек, бақбақ гүл, өгейшөп деген өсімдіктер туралы қосымша айтып береді.
2. Балалар ағаштардың өзгерістерін қолмен жасайды, талқылайды, жариялайды.
Ой толғаныс жасау:
Бес жолды өлең жазу. Жеке жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 824
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы
Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы
Тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі ретінде гүлдің құрылысын қайталау. Гүлді өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін зерттеу. Айқас және өздігінен тозаңдану түрлерін салыстыру.
Аңдардың көктемгі тіршілігі
Аңдардың көктемгі тіршілігі
Балалар, біз бүгін аңдардың көктемгі тіршілігі туралы айтып, сөйлесеміз. Қане, алдымен суретке қарап, аю және киік туралы не білесіңдер? Олар көктемде қалай тіршілік етеді, деп ойлайсыңдар?
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Астана қаласы, № 61орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Жалқау немере
Жалқау немере
Сабақтың тақырыбы: Жалқау немере Сабақтың мақсаты: - оқушыларға еңбек ету туралы негізгі ойды ұғынуға көмектесу.
1 деңгей мұғалімдеріне көмек
1 деңгей мұғалімдеріне көмек
Мектептегі тәжірибе кезеңінде жасалатын басты қадамдар. 1. Мектеп әкімшілігімен сұхбат (даму жоспарына ұсынылған өзгерістерді талқылау, тәжірибелік кезеңнің жоспарымен таныстыру ).
Өсімдіктер – тірі ағза
Өсімдіктер – тірі ағза
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №158 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Төленова Гүлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×