Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жусан иісі

03 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жусан иісі». С. Мұратбеков
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылар әңгіменің мазмұнымен танысу, әңгімеге талдау жасату, тақырыптың мәнін ашу.
2) Оқушының танымдылығы арттыру, ақыл - ойын, өзіндік талдауы, болжауын дамыту.
3) Шығарма мазмұны арқылы адамгершілікке, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Өз ойын ортаға салып, басқалардың пікірін тыңдауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, талдау, сұрақ - жауап, көрнекілік.
СТО жобасының стратегиялары: Болжау, аялдамамен оқу, хат жазу, ой қозғау, автор орындығы, галерея шарлау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жусан шөбі, дәптер, бөлікке бөлінген парақтар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
1. Қызығушылықты ояту.
- Алдарыңдағы конвертті ашып көріңдер.
- Бұл қандай шөп?(Жусан)
Ой қозғау:
- Жусан деген қандай шөп?
- Бұрын жусан туралы естігендерің бар ма?
- Жусан шөбі туралы Ақмаралдың дайындап келген мағлұматымен танысайық.
- Бүгін біз С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесімен танысамыз.(Слайд)
- Мәтіннің авторы С. Мұратбеков туралы мағлұмат беру.(Слайд)
Болжау:
- «Жусан иісі» әңгімесі не туралы деп ойлайсыңдар?
Оқушылар топта ақылдасып, сыныпқа болжауларын айтады.

2. Мағынаны ажырату.
Қазір мәтіннің бірінші бөлімін оқимыз. Сендердің болжамдарың сәйкес келді ме, байқап көрейік.
І - бөлім таратылып беріледі. Оқушылар іштей оқиды.
Сұрақ: Болжағандарың сәйкес келді ме?
- Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады?
- Соғыс не үшін болды деп ойлайсың?
- Қаралы қағаз деген не?(Сөздік жұмысын интерактивті тақтадан көрсету)

3. Ой толғаныс:
Болжау.
- Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар? (Жеке, топта, сыныпқа айту)
ІІ бөлім таратып беріледі. Оқушылар іштей оқиды, болжауларымен салыстырады.
- Келген қара қағаздың басқалардан айырмашылығы неде?
- Аян қалай қабылдады? Қалай әсер етті деп ойлайсың?
- Аян жылай білмей ме?
(Соғыс кезіндегі балалар өмірі туралы слайд көрсете отырып мұғалімнің әңгімелеуі)
Болжау.
Сеніңше ары қарай мәтінде не айтылуы мүмкін? Жусан иісі туралы айтыла ма? Оқушылар жауабы.(Топта талқылап, ойларын айтады)
ІІІ бөлім таратылып беріледі, оқушылар оқып, танысады, болжауларымен салыстырады.
- Ат қораның іші қандай?
- Ол неге қараңғы қораға келіп жылады?
- Кімнен жасырынды? Неге жасырынып жылап отыр?
- Аянның қандай бала екенін байқадың?
(Соғыс салған қиыншылық жалғыз Аянның басында ғана болған жоқ, сол кездегі мыңдаған бала басынан өткерген тағдыр екендігін айту.) (Слайд)
Болжау.
- Мәтіннің жалғасында жусан иісі туралы айтыла ма? Әкесінен айырылған Аян енді не істеуі мүмкін? Оқушылар болжауы.(Топта талқылайды)
ІҮ бөлім таратылады, оқушылар іштей оқып, танысады.
- Болжауларың сәйкес келді ме?
- Аян кімнің үйінде тұрушы еді?
- Аян қайда жиналып жатты?
- Есікбай кім, оның көңіл - күйі неге өзгерді?
(Интернат, балалар үйлері туралы айту, слайд көрсету.)
Болжау.
- Мәтін қалай аяқталады деп ойлайсың? Оқушылар болжауы.
Ү бөлім таратылады, оқушылар іштей оқып, танысады.
- Болжауларың сәйкес келді ме?
- Балалар Аянды қалай естеріне алушы еді?
- Әңгімені айтып отырған балаға жусанның иісі кімді есіне түсіреді?
- Жусан иісі арқылы автор қандай ой тастайды?
Дәптермен жұмыс.
Қора іші:... тауып жазу.
І топ: «Аянның болашағы» тақырыбында әңгімені жалғастырып жазып аяқта.
ІІ топ: Аянға хат жазу.
ІІІ топ: Аянның портреті. (Аян қандай бала?)
Топта оқып, талқылап, автор орындығына отырып оқу, жұмыстарын қабырғаға іліп үзілісте оқу.

Қорытындылау.
- Аян бұл күні қайда болуы мүмкін?
- Әңгіме неліктен»Жусан иісі» деп аталған?
- Мәтінді оқығаннан кейінгі сенің көңіл - күйің қандай? (Смайлик)

Бағалау. (слайд арқылы)
Үйге тапсырма: 1.«Туған жерге сағыныш» тақырыбына эссе жазу.
2. Біздің елімізде бүгінгі күнде жетім балаларға қандай қамқорлық жасалуда?
18 379
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
С. Мұратбеков Жусан иісі
С. Мұратбеков Жусан иісі
әдеби шығармадағы кейіпкерлердің мінез - құлқын сипаттай отырып, жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды.
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Шығарманың мазмұнын талдай отырып, идеясын ашу жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту; кейіпкерлерге талдау жасау
Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Тақырыбы: Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Жусан иісі
Жусан иісі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №3 Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сисекенова Бибигуль Уразовна
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспарлары
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспарлары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермағанбет Дана Балғазықызы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру. Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×