Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігі

05 қазан 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Баяндама
Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігі

Кіріспе бөлім: Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет? Неліктен деңгейлік бағдарлама оқу тәжірибесін өзгерте алады деп ойлаймыз?
Негізгі бөлім:
• Оқушының құзіреттілігін арттыруда сындарлы оқыту теориясының маңыздылығы.
• Сапалы оқыту мен құзырлы мұғалім.
Қорытынды бөлім: Cындарлы оқытуда мұғалім нені және қалай жүзеге асырулары қажет?

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес. « Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді., алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдері тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді.(Barber and Moursahad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім.( Strong Ward & Grant 2011)

Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орында да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі.

Құзырлы мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі туралы зерттеулерден білуге болады. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі көңілге сай оқыту тұрады.(Frost, 2011) Әріптестеріне ықпал ету үшін, сондай ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады. Сонымен үшінші деңгей бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің қасиеттерін, икемдіктері мен жұмыс тәртібін дамытуға бағытталған болса, екінші деңгей бағдарламасы берілген мазмұнға қосымша, өз әріптестеріне ықпал етуге қажетті тәлімгерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді. Бұларға қоса Бірінші деңгей бағдарламасы әріптестеріне бүкіл мектеп жағдайында коучингті (сөзбе сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі) коуч іске асыруды үйрететін көшбасшыларды дайындауға арналған. Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жасөспірімдер мән жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Өз кезегінде, мектеп көшбасшыларына педагогикаға өзгеріс енгізу үшін жаңаша оқыту тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік алу мақсатында педагогикалық жаңа нысандарын игеруге мүмкіндік береді.

Негізгі бөлім:
1. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген
анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған (Hattile, 2009)
Аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Дайын білімді беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық түрде есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқыту мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерге, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістете алатындай етіп орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Егер де дайын білімді беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.

1. 2 Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып
мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Шульман ілімі бойынша

Мұғалімнің көмекшілері
Бас - Кәсіби түсінік оқыту мен оқу, сондай ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай ақ тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді
Қол - Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл ілім көрсету, таныстыру, түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.

Жүрек - Кәсіби адамгершілік тұтастық
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұсынады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға сенімділік, құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір жерден шығып жатады.
Сапалы оқыту мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгеле бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.

Қорытынды: Сыни тұрғыдан ойлау қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау, немесе проблемаларды шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады. Сын тұрғысынан ойлау «Ойлану туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс тәжірибеде қолданылады деп болжанады.
38 820
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп
Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп
Сапалы білім бере отырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу, өз - өзіне сенімді, алған білімін өмірде пайдалана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мен курстың бірінші «Бетпе - бет» кезеңінде нені үйрендім?
Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету
Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету
Тәжірибелі ұстаздардың іс - тәжірибесіне сүйене отырып, сындарлы оқыту арқылы оқушылардың жан - жақты дамуында әдіс - тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт - бағдар беру. Сындарлы оқыту мектеп жүйесін жетілдірудің негізгі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Биология пәні мұғалімі Айгуль Балгалиева
Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет? (рефлексиялық есеп)
Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет? (рефлексиялық есеп)
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ө. Жаңабаев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Шанбаева Асем Сабеновна
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×