Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Өнегелі өмір» атты сын есімді қайталау сабағы

06 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Өнегелі өмір»атты сын есімді қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты:
Сын есім туралы білімдерін пысықтау. Теория мен практиканы байланыстыра отырып, оқушыларды дәлелдеуге, талдауға, топтастыруға дағдыландыру.
Дамыта оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық ойлауын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сауатты жазу дағдыларын арттыру, өз елінің құндылықтарын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, жаттығу
Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, семантикалық карта, Әйтеке би портреті, естелік хат
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, өлкетану, психология
Сабақ барысы:

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Психологиялық дайындық:
- Балалар, бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр. Қане, осы қонақтарға өз бойымыздағы адамгершілік қасиеттерімізді білдіретін әдемі сөздермен өзімізді таныстырып жіберейікші.

(әр оқушы өз аттарының алғашқы әріпінен басталатын сын есім айтып танысады.)
- Ал, енді осы сөздерге қалай деп сұрақ қояр едік?
- Қандай?
- Бұл қай сөз табының сұрағы?
- Сын есім
- Олай болса бүгін біз сын есім туралы білімімізді пысықтайтын боламыз. Теория жүзінде алған білімімізді іс жүзінде қолдана білу машығын арттыруға арналған «Өнегелі өмір» тақырыбындағы сайыс сабағымыз бастаймыз.

Дәптерді ашып күннің жадын жазу.

Поэзия минуты
«Біздің өлке» С. Байжиен
Осы арада, сары далада, тақырда,
Шықты талай балуан да, батыр да.
Аузын ашса жыр төгілген көмейі
Талай шешен, талай ділмар ақын да.

Сардалада ұлы адамдар қалай туған десе де
Шыққан талай ел басқарған көсем де.
Жинақтаған қазағымның тарихын
Ырғыз бойын тұтастай бір кешен де.

- Өлеңде не туралы айтып тұр?
- Осы жерден талай ақын, шешен, көсем шыққан дейді.

- Ия, біздің Ырғыз өзенінің бойы ұлы адамдарға кенде болмаған. Біздің бүгінгі сабағымыз да солардың біріне, ең атақтысы мен ең көсеміне арналады. Оның кім екенін сендер сабақтың соңында білетін боласыңдар. Осы өлең ішінде «ділмар» деген сөз кездеседі. Ол – сөзшең деген мағынаны білдіреді. Қане, сол ділмар сөзімен сөйлем құрап көрейікші?

Көркем жазу(интерактивті тақтада көшіру)
Талай шешен, ділмар ақындар туған жер.
Сын есімді табамыз. Құрамына талдаймыз. Көркем етіп жазамыз
- Бүгінгі сабағымыздың кімге арналып отырғанын білгілерің келе ме?
- Олай болса, мынадай үш шарт бойынша екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. (слайдтан шарттарды таныстыру)

І. «Мен не білемін?» Ережені еске түсіру
ІІ. «Білгеніңді іске асыр» Практикалық жұмыстар орындау
ІІІ. «Өміріңе өнеге ал!»

Әр шартты дұрыс орындап аяқтаған сайын оның суретінің белгілі бір бөліктерін ғана ашып отырамын. Сонымен,
« Мен не білемін?»
1. Интерактивті тақтада сызбамен жұмыс.
2. Экспресс – тест өз беттерінше орындайды, интерактивті тақтамен тексереді.
ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең
«Білгеніңді іске асыр»
1. Оқулықпен жұмыс: 61 - жаттығу екі топтан екі баладан шығып ауызша интерактивті тақтада орындайды.

62 - жаттығу екі бағанын екі топтан бір - бір бала шығып интерактивті тақтада орындайды, қалғандары орындарында отырып орындайды
Сергіту: Босаңсып демалу « көктемді күтеміз»
64 – жаттығу Тақтада орындау. Екі топқа екі сөйлемнен бөліп беремін. Жұмбақты шешіп, сын есімді өзіне қатысты зат есімдермен бірге көшіріп жазады.

2. Өз беттерінше жұмыс: Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талда.
І топқа: Берекелі жерден мереке кетпес.
Талапты ерге нұр жауар.
Саналы адам сағыңды сындырмас.
Білімдінің сөзі - жібектей.
ІІ топқа: Әдепті бала ата - анасын мақтатар.
Ақылсыз адам айқайлай келеді.
Санасыз адам жағыңды тындырмас.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
Сын есім жаса (интерактивті тақтада)

І топқа: ақыл - ІІ топқа: біл -
бой - көр -
саз - байқа -
дәм – тап -

3. Шығармашылық жұмыс: Дұрыс ойлан! Мағынасы майысқан мақалдарды қалпына келтіріп жазу.
Жастайыңнан еріншек бол. Еріншектік бәрін жеңеді. Еріншектік адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды қорқақ атандырады.
Дұрысы: Жастайыңнан еңбекқор бол. Еңбек бәрін жеңеді. Еңбек адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды батыр атандырады.
ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
Өміріңе өнеге ал!
- Сонымен біздің бүгінгі кейіпкеріміз кім екен, таныдыңдар ма?
- Әйтеке Кіші жүздің Әлім руынан, Сейтқұл аталығынан туып, күллі Алшын елінің беделді мықты биі болған. Бес жасынан сауатын ашқан зерек бала, Ақша атасынан елді әділ басқару, билікті сөз саптауды үйренсе, Жалаңтөс атасынан қолбасшылықты, батырлықты үйренеді. Медреседе арабша, парсыша дәріс алады. Ол қазақ елінің бүтіндігі мен ынтымағына, өсіп - өркендеуіне сөзбен де, іспен де үлес қосқан айтулы тұлға. Әйтекенің шешендігі туралы, әділдігі туралы әңгімелер халық арасында әлі де өз мәнін жойған жоқ. Өнегелі өмірі біздің де жанымызға жарық сепсін деп әрқайсыңа мынадай естелік хат ұсынғым келіп тұр.

- Кане, біз де Әйтеке би бабамыздай шешен болып көрейік.
Ойын: «Бір сөзбен қалай атар едің?»
- Сөзге шебер адамды? Сөзшең
- Айтқанға сене салатын адамды? Сенгіш
- Көрінгенге соқтыға беретін адамды? Сотқар. Ұрыншақ
- Тез ашуланатын адамды? Ашуланшақ
- жан аямай жұмыс жасайтын адамды? Еңбекқор
- Бойы ұзын баланы? Бойшаң
- Біреуге бәле ойлап жүретін адамды? Пәлеқор
- Ал сен қандай баласың? Өзің туралы не айтасың (икемдімін, еңбекқормын, көңілдімін)

- Бүгінгі сабақ туралы не айтасың?
Олай болса бүгінгі сабақтың нәтижесі....................(бағалау)

Үлестірмелер
Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талда.
Берекелі жерден мереке кетпес.
Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талда.
Талапты ерге нұр жауар.
Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талда.
Саналы адам сағыңды сындырмас.
Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талда.
Білімдінің сөзі - жібектей.
Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талда.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар.
Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талда.
Ақылсыз адам айқайлай келеді.
Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талда.
Санасыз адам жағыңды тындырмас.
Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талда.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
3 935
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Зат есімді қайталаймыз
Зат есімді қайталаймыз
Зат есім туралы өткен сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Жаттығулар орындау барысында зат есімдерді тауып, туынды зат есімге айналдыра білуге үйрету.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Сын есімді қайталау сабағы
Сын есімді қайталау сабағы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Г. Шевченко атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тагитаева Анар Акимовна
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Зат есім
Зат есім
Қазақ тілі (3 - сынып) Сабақтың тақырыбы: Зат есім Сабақтың мақсаты: 1. Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Қатесіз, дұрыс жазуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×