Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндауыш

13 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Тақырыбы: «Баяндауыш»

Тақырыбы: Баяндауыш.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға баяндауыш жайлы ұғым бере отырып, теориялық және практикалық білім дәрежесін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өзіндік қорытынды жасай білуге, ізденуге үйрете отырып сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, салт - дәстүрлерді ұмытпауға баулу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, ана тілі.
Қолданған әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, талдау, Веен диаграмма, түсіндіру, әңгімелеу, суретпен жұмыс, карточкамен жұмыс, кітаппен жұмыс.
Көрнекілігі: киіз үй суреті, 4жыл мезгілінің суреті, қима қағаздар, вен диагр.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тәлім сәт.
Айналаға алақаннан,
Жылулықты шашайық,
Күлімсіреп, сәттілік тілеп,
Біз сабақты бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру:
Бүгін балалар, бізде ерекше күн ашық сабақ қазақ тілі пәнінен. Сондықтан өз білгендерімізді көрсетейік.
Кезекші үйге қандай тапсырма берілді?
- 159 жаттығу. Сурет бойынша сөйлем құрату.(1 - 2 сөйлемді оқытып, бастауышын тапқызу).
- Қазір сендерге жеке - жеке карточка беремін, ондағы сұраққа сан қатарына байланысты шығып тақтаға жауап береміз.

Сандар қатары бойынша тақтаға шығып жауап береді.
1. Сөз дегеніміз не? Сөз туралы не білесің?
2. Сөз табының қандай түрлерімен таныстық?
3. Мәтін дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
4. Зат есім дегеніміз не?
5. Етістік дегеніміз не?
6. Сөйлем дегеніміз не? Түрлерін ата?
7. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
8. Сөйлем мүшелері неше топқа бөлінеді?
9. Бастауыш дегеніміз не? 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Б А Я Н Д А У Ы Ш
- Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз Баяндауыш екен.
Жеке суретпен жұмыс.
Сөйлем құрату.
- Бұл сөйлемнің бастауышы қай сөз. Осы бастауыштың қимылын, іс - әрекетін білдіріп тұрған сөзді атайықшы.
Оқушыларға ережемен таныстырып өтемін.
Ой қозғау сұрағы:
- Бұрындары қазақ халқының баспанасы не болған?
- Киіз үй.
- Киіз үйдің сүйегі неден тұрады?
- Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық, т. б.
- Киіз үй қазақ халқының мал шаруашылығымен айналысқан соң көшіп - қонып жүру үшін қолайлы болған екен. Қазір біз сол киіз үйді құру арқылы сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
- Алдымен киіз үйдің керегесін құрамыз. Оны оң жақтан бастаған екен, сол үшін де қазақта оң босаға деген ұғым қалыптасып кеткен. Ол үшін кітаптағы
1. 160 - жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқиық.

Өлеңді талдау. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойғызып, бастауышқа қатысы бар екенін аңғарту. Жыл мезгілдеріне байланысты суретті іліп қоямын.
Осы жыл мезгіліне байланысты қазақтарда қандай сөздер бар?
- Көктеу, жайлау, күзеу, қыстау.
- Жыл мезгіліне байланысты қай ақынның өлеңін оқыдық?
- Абай.

2. Енді шаңырақ көтеру қажет. Қазақта шаңырақ пен бақанды ер адам көтерген екен сондықтан да шаңырақ иесі ер бала болатыны бұрыннан келе жатқан салт.
Дәптерді таратып беремін.
Көркем жазу, әдемі тік етіп жазғызу.

3. Шаңырақ пен керегені байланыстырып тұру үшін уық қадаймыз. Әрбір уықты мықты етіп байлайық, ол үшін 161 - жаттығуды орындайық.
(Тақтамен, дәптермен жұмыс. Баяндауыштарға тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрату)

4. Сықырлауық(есік) қою.
Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім, бәрін осы басқарған,
Мынау менің басым, бәрін осы бастаған.
Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым,
Бәрін осы бастаған.

5. Киіз үйдің сыртынан кереге бойы киіз жабамыз.(Туырлық, басқұр)
162 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазамыз.
Өзіндік тапсырма. қима суреттер таратып беріп сөйлем құрату.
Талдату. Дәлелдеп, айтқызу.

6. Шаңырақ бойын киіз үйдің кигізін жауып (үзік, түндік) үйіміз дайын болды.
Вен диаграммасы.

7. Киіз үйдің есігін ашып ішке кірмес бұрын Баяндауыш жайлы өлең, ребус, ертегі, өтірік өлең құрап жіберейік.(Оқушыларды тыңдау)
- Ендеше киіз үйдің іші әсем, әр - түрлі бұйымдар бар екен. Сол секілді қазақ тілінің біз әлі таныспаған, көптеген түрлері мен салаларымен алдыңғы сабақтарда және сендер жоғарғы сыныптарда танысасыңдар.

Қорытындылау:
- Сонымен, балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
Үйге тапсырма: 4 жыл мезгіліне байланысты еңбек түрлеріне сөйлем құрату.
Киіз үйдің айтылмаған бөліктерін тауып, жазып келу.
Бағалау: Әркім өз фишкасы арқылы бағаланады.
11 981
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толықтауыш
Толықтауыш
Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амалдарды заттық жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесіне айтамыз.
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда бастауыштан кейін сызықша қойылатынын салыстыру тәсілімен түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, талдау, салыстыру арқылы алған білімдерін пайдалана білуді дамыту.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Баяндауыш
Баяндауыш
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Кыйгашова Сая Бердіғалиқызы
Баяндауышқа арналған жаттығу жұмысы
Баяндауышқа арналған жаттығу жұмысы
Рахметова Айсұлу Советовна Ақтау қаласы №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×