Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қожанасыр туралы әңгімелер

30 қазан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 - сынып
Тақырыбы: Қожанасыр туралы әңгімелер

Мақсаты: 1) аты халқымыздың аузынан түспейтін, ерте заманнан әйгілі болған, сөз тапқыш кейіпкерге айналған Қожанасыр туралы хикаяларды оқып, танысу;
2) тіл байлығы мен ақыл - ой өрісін дамыту;
3) ауызекі тілге қызығушылығын тәрбиелеу.
Көрнекілік Қожанасырдың суретін интертақтадан слайдынан көрсету, «Балдырған» журналы.
Әдісі: топпен жұмыс, СТО стратегиясы, сахналау.
Түрі: аралас сабақ..

Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Топтар құру, І - топ -«Білгіштер», ІІ - топ - «Тапқырлар», ІІІ - топ - «Зеректер»
ұрандарын айтқызу, бір - біріне жақсы тілек айтқызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( үйде құрастырып келген өтірік өлеңдерін ортаға шығып, оқып беру, сәтті шыққандарына мақұлдайтын 3 рет шапалақтау)
ІІІ. Ой шақыру: (тақтадағы топтама )- Мына сипаттамаға сай келетін, баяғы заманнан кез - келген балалар журналының ішіндегі ертегілер мен аңыздарда қызықты оқиғаларымен әйгілі кейіпкерді тауып көріңдер. Аты кім екенін айтыңдар.
?

Сөзтапқыш
Халықтың сүйікті кейіпкері
Жуас
Айлакер
Күлкілі
Жақсылыққа жақ

(Әр басылымдағы суреттерін көрсету)
- Ал, сендер атақты Қожанасыр туралы қандай қызық хикая білесіңдер?
(Әр топтан үш оқушы өздері білетіндерін айтып береді)
Интертертақтадан слайд көрсету

ІҮ. Топпен жұмыс
І - топ: Оқулықтың 36 беттеріндегі Қожанасыр туралы мағлұматты топ ішінде оқып, бүкіл сыныпқа таныстыруға дайындалады.
ІІ - топ: Оқулықтың 37 бетіндегі «Қожанасыр мектепте» хикаясын өз тобының ішінде оқып, бір - біріне айтып береді, ортаға шығып бүкіл оқушыларға рөлге бөліп айтады
ІІІ.- топ: «Төрттен төртті алса не қалады?» хикаясын оқиды, дәл басқа топтардай дайындалады, мазмұнын ортаға шығып 2 - 3 оқушы болып, рөлмен айтып береді.
(Дайындалуға 5 мин.)

Ү. Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық..

ҮІ. Бекіту жұмысы. (Сұрақтар жазылған карточкаларға жауап алу)
- Қожанасырдың мұғалімге берген жауаптарына қарап, оны қандай оқушы деп ойлайсың?
- «Күн бір сағатқа ұзарды» деген мұғалім сөзін Қожанасыр қалай түсінген? Сен Қожаға қалай түсіндірер едің?
- Екінші мәтіндегі Қожанасырдың жауабын дұрыс не бұрыс екенін дәлелде..
- Қожанасыр шынымен төрттен төртті азайта алмауы мүмкін бе?
- Қожанасыр туралы әңгімелерді оқығанда, қандай сезімде болдың?

ҮІІ. Дәптермен жұмыс 23 бет.
а) «Қожанасырдың қуанышы» өлеңін оқып, мазмұнын ашу.
ә) Шығармашылық жұмыс:
1. - Қожанасырға не айтар едің? Оған хат жаз. Баспадан шыққан дәптердің 23 беті
2. – Ортаға шығып оқып беріңдер. (2 - 3 оқушыға оқытып, бағалау)

ҮІІІ. Сабақты қорыту, бағалау.
ІХ. Үйде: 36 - 38 беттер. Шапшаң оқу, мазмұнын айту.
18 517
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қожанасыр жайлы әзіл-әңгімелер
Қожанасыр жайлы әзіл-әңгімелер
Қожанасыр бір күні түнде далаға шықса, есіктің алдында ағарып тұрған бір затты көреді. Жалма - жан үйіне жүгіріп кіріп, мылтығын алып шығып, әлгі ағарғанды атып тастайды да: «Не де болса ертең көрермін», - деп үйіне кіріп жатып қалады.
Еріккен хан
Еріккен хан
Еріккен хан бір күні халықты жинап ап: «Кімде - кім жалтыр мұздың үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей шықса, соған өмір бойы жетерлік алтын беремін. Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады», - деп жариялайды.
Қомағайлық жаман әдет. Қомағайлық. Мысал. Қожанасыр мен ашқарақ. Аңыз
Қомағайлық жаман әдет. Қомағайлық. Мысал. Қожанасыр мен ашқарақ. Аңыз
шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау.
Үш сом
Үш сом
Бастауыш сынып мұғалімі Хабиденова Г.А
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспарлары 2 сынып
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспарлары 2 сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Тлеубаева Жанар Жолдыбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×