Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


185*4, 740:4 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу

31 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 185*4, 740: 4 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу 3 - сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері мен жағдайларын меңгерту. Жазбаша есептеуге есептер шығарту.

Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Көбейту мен бөлудің өз ара кері амалдар екенін тиянақтау, өзара кері есептерді шығаруды жалғастыру, математикалық өрнектерді оқи білуді үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту үшін ауызша жазба есептеу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, адал достыққа, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Типі: Дәстүрлі емес
Түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, кестелер, оқулық, интерактивті тақта.
Жаңа технология түрі: Ақпараттық – коммуникативтік технология, дамыта оқыту технологиясы
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, талдау, жинақтау
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка

Сабақтың барысы: І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
-- Балалар, біз, бүгінгі сабақта Балапан телеарнасына саяхат жасаймыз. Балапан телеарнасына саяхатқа шығу үшін, математикадан алған білімімізді ортаға саламыз.
- Біз жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеріп, білім мен білігі ұштасқан «интеллектуалдық ұлт» болуға бет бұрған мемлекетпіз.
- Балапан телеарнасының алға қойған мақсаты да – осы келешек ұрпағымыздың тамырына рухани нәр беріп, «интеллект» иесі, білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ер жетуіне ықпал жасау және дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбексүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Тренинг: «Тілек гүлдері». Бүгінгі сабақта бірі - бірімізге жақсы тілектер тілейік.
Біз Қазақстанның болашағымыз. Елімізді көркейтуге үлес қосатын азаматтармыз. Сол үшін біздің біліміміз жоғары болу керек.
Қазір білімнің шыңына көтерілеміз. Ол үшін әр белеске көтерілген сайын тапсырма орындаймыз.
Біз ақылды баламыз,
Есеп жұмбақ ойынның
Жауабын тез табамыз.
Туын ұстап білімнің,
Саяхатқа шығамыз.

Бүгінгі бағдарламада:
1. Кел, ойнайық!
2. Ғажайыпстанға саяхат
3. Жүзден жүйрік
4. Санамақ
5. Алақай, балақай
6. Жолың болсын балақай
7. Уми – зуми командасы
8. Бауырсақ
9. Айжұлдыз
10. Ән салайық
Қорытындылау
Бағалау

Барысы: 1 – белес «Кел, ойнайық!»
Мақсаты – Бағдарламаның ойыншылары – балалар. Балалар, жарыса жүріп ойнай отырып, ойлау жұмыстарын жүргізу үстінде шыңдалады.(Оқушы танымын кеңейту үшін ауызша сұрақтар қойылады)
1 – шарт «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез Абай
«Балапанға көмек» ойыны
1. Көбейтудің компоненттерін ата?
2. Есе арттыру қандай амал?
3. Көбейтуге кері амал?
4. 9 * 9
5. 100 см қанша метр?
6. Бөлудің компоненттерін ата?

2 – белес: «Ғажайыпстанға саяхат»
Жаңа сабақты түсіндіру Саяхатымызды бастау үшін бүгінгі жаңа сабағымызды жақсылап түсініп алайық.
Ол үшін барлығымыз мені мұқият тыңдап, тақтаға қарайық. Жазбаша көбейту мен бөлудің тәсілдерін түсіндіре отырып, меңгертемін. Есеп 1

3 – белес:«Жүзден жүйрік» «Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан» Есеп 2 Түсіндіре отырып, шығару:
152 * 5 ---------- 704: 4 ----------- 920: 5 ----------- 320 * 3
176 * 4 ---------- 605: 5 ----------- 604: 4 ----------- 840: 2
408: 3 ----------- 124 * 5 ---------- 560: 5 ----------- 204: 2

4 - белес «Санамақ» «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

5 – белес: «Алақай, балақай»Сергіту сәті: (балапандар би қимылымен)
Мақсаты: Баланы жастайынан салауатты өмір салтына бейімдеу. Спорт – дененің саулығын ғана арттырмай, баланы тәртіпке, шыдамдылыққа, қажырлы болуға шыңдайды.

6 – белес: «Жолың болсын, балақай» Есеп 4 Амалдар бойынша есепте:
1000 – 225: 5 – 36 * 4
900 – 147 * 3 + 199
579 + 129 * 3 – 287
1000 – (200 + 169) * 2

7 – белес: «Уми – Зуми командасы» бағдарламасы арқылы балалар фигуралар құрастырып, оның ауданын есептеп танымдары, дағдылары артады.
Есеп 5

8 – белес: «Бауырсақ» Есеп 6 (ауызша)
6 сағ 10 мин =... мин --------------- 3 сағ 30 мин=... мин
3 мин 401 с =... с -------------------- 3 мин 45 с =... с
125 мин =... сағ... мин ------------- 360 с =... мин
2 тәул. 3 сағ =... сағ ----------------- 3 мин =... с
9 – белес: «Айжұлдыз» ----------- Есеп 7 Теңдеуді шеш
Х – 96 = 125 * 4 ---------------------- у * 90 = 1000 – 730
Y * 2 = 450 + 372 --------------------- x: 7 = 810: 9

IY. Бекіту
Шығармашылық жұмыс: ана тілі қазақ тілімен байланысты: «Шифрограмма құрастыру»
2 * 5 ---- 18: 2 ---- 30 * 2 ----- 45: 0
О -------- Т --------- А ----------- Н
48: 8 --- 10* 0 ----- 240: 4
А --------- Н ---------- А
Y. Қорытындылау
• Бүгінгі сабақта не үйрендік?
• Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалай көбейтеміз?
• Саяхатымыз ұнады ма?
• Қай белесі сендерге қатты ұнады?

YI. Үйге тапсырма: Есеп 8 Сызба бойынша өрнек құрастыру
YII. Бағалау: Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша беру.
10 – белес «Ән салайық» «Туған да дүние есігін ашады өлең»
Хор: Бала тілегі
11 125
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша баған түрінде көбейту тәсілін үйрету;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×