Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту

03 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Сабақтың дамытушылығы: мәтінді талдау арқылы ой тұжырымын жасауға, өз ойларын дәлелдеуге дағдыланады; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл - ойын дамыту;
Сабақтың тәрбиелігі: адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздену, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілі – өмірің де өлең де
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге
Қазақ тілі - - болашаққа жетелеп
Ұрпақтарды танытады әлемге

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3 - жаттығу тексеру, оқу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Негізгі ой
Түрлері Мәтін Тақырыбы
Мазмұны Бөлімдері

ІҮ. Жан - жақты білімдерін тексеру.
- Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады.
- Мәтінге ат қою – оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір – бірімен тығыз байланыста болады.
Мәтін дегеніміз не? Тірек сызбаға сүйене отырып мәтіннің мағынасын ашу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а). Оқулықпен жұмыс.
ә). Дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.
4 - жаттығу. Терең ойлау тапсырмалары. Тақтамен жұмыс.
Көргені бойынша жазып шыққан қыздың әңгімесін ретке келтіріп жаз.
Әңгімең қалай болып шықты? Көшіріп жазып, оқы.
5 - жаттығу. Көркем жазу. Терең ойлау тапсырмалары.
Суреттерге қара. Бұлар қай ертегі бойынша салынған?
Төмендегі сөйлемдердің берілу реті сурет мазмұнына сәйкес келе ме?
Сурет реті бойынша сөйлемдерді көшіріп жаз.
6 – жаттығу. Ертегі мазмұнын әңгімелету. «Түлкі мен ешкі» ертегісін айтуға дайындал:
1). Суреттер мен сөйлемдер арқылы;
2). Суреттердің көмегімен;
3). Есіңде қалғаны бойынша.

Сергіту жаттығуы
7 – жаттығу. 5 – жаттығуда қарамен жазылған сөздерді ертегі мазмұнының ретіне қарай көшіріп жаз. Неліктен бұл сөздер тірек сөздер бола алатынын ауызша түсіндір.
8 – жаттығу. Ертегіні оқы. Түлкі мен құмыра
Сөйлемдердегі сұрау сөздерінің көмегімен тірек сөздерді тауып жаз.
1. Әйел шөптің арасына нені қойды?
2. Сүті бар құмыраны не көріп қалды?
3. Түлкі басын қайда сұқты?
4. Құмырадан басын шығара алмаған түлкі қайтті?
5. Түлкі немен бірге суға батып кетті?
Тірек сөздерді пайдаланып, ертегінің мазмұнын айтып бер.

ҮІ. Бекіту:
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
ІХ. Оқушыларды бағалау
13 587
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Пайымдау мәтіні
Пайымдау мәтіні
Пайымдау мәтіні туралы білімдерін тереңдету, оның сипаттау мәтінінен айырмашылығын байқату, оқушыларды өз ойын дәлелдей білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Зейінділікке тәрбиелеу.
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып 7. Сөз бен мағына 8. Сөз мағыналарының сипаты 9. Сөз мағынасының өзгеруі 10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Мәтін және стиль
Мәтін және стиль
Мәтінді танып, талдау. Әр мәтіннің тілдік сипатымен өзіндік құрылым, түзілім ерекшелігін білуге үйрету
Мәтін
Мәтін
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Өзіңді - өзің тексер
Өзіңді - өзің тексер
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Керешова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.