Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, сүйікті Әліппем!

16 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: біліктілік - әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс - әрекеттері арқылы икемділігін қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
Дамытушылық - оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, байқату, олардың ой өрісін, тіл байлықтарын, тапсырдық, ізгілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік - оқушылардың ата - ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», шар, гүлдер.
Барысы.
Мұғалім: Қымбатты аталар, ақжаулықты аналар! Бүгін 1 - сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, біз бүгін барлық ғылымының атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппемен қоштасқалы отырмыз. бүгін біз шексіз қуаныштымыз. олай болса, сүйікті Әліппемізді кішкентай іні - сіңілдерімізге тапсыру - міндетіміз.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, халайық!
2 - жүргізуші: Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар!
жүргізуші: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамыр.
Алдарында жауқазындар құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Мұғалім: Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер соған жауап беріңдер.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар.
Әліппең келді ортаңа.
Менің атым - Әліппе,
Мені анадай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен әкпең де.
Балалар, сендер мені оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер!
Оқушылар: жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйренейік. Сонымен қатар жазуды, оқуды да меңгердік.

Оқушы: Әліпбейдің «А» тұрады басында,
Әрқашан да «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші.
Оқушы: «А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты.
«Б» дегенің ол балалар ғой әдемі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар әліпбидің басында.
Оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Оқушы: Іші толған әріпке
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қадірлеуге үйрету. Шешендік өнерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Ана тілі жайындағы кітаптар, даналық сөздер.

Жүргізілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Өнер алды - қызыл тілі»- деп Абай атамыз айтқандай, сіздер сөз өнері байқауына «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын тамашалағалы отырсыздар.
Ендеше, қошеметтеп, ойынға қатысушыларды ортаға шақырайық.
Ойын шарты: 1. Үйден дайындап келген 5 мақал айыту.
2. Берілген тақырыпқа мақал құрау.
3. Мақалдың тіркесін табу.

ІІ. Берілген тақырыпқа мақал құрау
1. Тіл туралы мақал айыту: «Өнер алды - қызыл тілі»
«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!»
«Басқа пәле тілден»
«Бала тілі - бал».
2. Ас туралы мақал айту: «Ас - адамның арқауы», «Асың дәмді болса, көңілің сәнді болар», «Анасын көріп қызын ал, ыдысын көріп асын іш», «Ас бар жерде ауру тұрмайды», «Ас иесімен тәтті».
3. Жақсылық пен жаманшылық туралы мақал айту:
«Жақсы бала - сүйік, жаман бала - күйік»
«жақсылыққа жақсылық ер кісінің ісі
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі».
4. Ақыл туралы мақал айту: «Ашу асыққанда ақыл басу айтады», «Ақылсыз сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе», «Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос», «ас тасыса, қатығы төгілер, Ашу тасыса, ақылы төгілер».
Адамгершіліктеріңе көп рахмет, кішкентай достарым.

Осы кезде сахнаға «Ана тілі» шығады.
Оқушы: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсеге үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Толқындатып сөйлеттің.
Хормен: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Әліппе: қош, сау болыңдар, кішкентай шәкірттер!
(шашу шашылады)
Ән: Әрқашан күн сөнбесін.
5 140
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата - ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатының, әліппенің кең дүниеге есік ашатының сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері
Қош, бол сүйікті Әліппем!
Қош, бол сүйікті Әліппем!
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×