Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі және үш таңбалы сандарды көбейту және бөлуді қайталау

19 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сынып: 3
Сабақтың тақырыбы: Екі және үш таңбалы сандарды көбейту және бөлуді қайталау.

Сабақтың мақсаты:
1 Оқушылардың көбейту және бөлу тақырыбындағы алған білімдерін пысықтау
2 Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдығын, жылдамдығын дамыту.
3 Адамдарға әртүрлі жағдайларда жәрдем беруге тәрбиелеу. Көрнекілігі: сызбалар, қима қағаздар, презентация
түрі: қайталау сабақ
пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Сабаққа дайындық
Психологиялық дайындық
Қазір тақтаға назар аударып, мына әріптердегі А және У әріптерінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаймыз.
О И Қ Е Ө А Ә І ЙО И Т І Е А Ә Л О И Е А Ы О У
Қандай сөз шықты?
ҚАЙТАЛАУ, дұрыс. Ендеше бүгінгі сабақта біз көп таңбалы сандарды көбейту және бөлуді қайталаймыз.

Ауызша есептеу
Тақтаға назар аударып бөлуді қайталаймыз.
Үй тапсырмасын сұрау
277 - бет, №2, 4
Балалар, кемедегі амалдарды дұрыс орындапсыңдар
Адамның өмірін сақтап қалуға қандай көліктер көмекке келетінін, тапсырмаларды орындау арқылы бүгінгі сабақта білетін боламыз?
Жауабы: 714 сарбаздар артық

Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.
210 сандарымен неше сан жазуға болады?
102, 120, 201, 210
104 нөмірі газ қызметі

Математикалық диктант
Ең үлкен үш таңбалы сан – 999
Екі кг неше грамм - 2000
10сағ неше минут - 600
Азайғыш 74, азайтқыш 32, айырманың мәнін тап - 42
Бірінші көбейткіш - 70, екінші көбейткіш 4, көбейтіндінің мәні – 280
118 санында неше жүздік бар – 1 жүздік
118 – телефон анықтамасының нөмірі
Есепті шығарайық
Келесі тапсырманы орындау арқылы келесі жедел қызметімен танысамыз.
Қалалық ауруханада 49 медбике, олардан 3 есе көп дәрігерлер және бірнеше тазалыққа жауап беруші жұмыс істейді. Ауруханада 250 адам жұмыс істейтін болса, неше тазалыққа жауап беруші жұмыс істейді?
Тағы да жедел байланыс қызметімен таныстық. Ол - жедел жәрдем қызметінің нөмірі 103

Математикалық эстафета
әр қатардағы оқушыларға тапсырмалар жазылған парақтар үлестіріледі. Олар тізбек бойымен бір - біріне береді де, шешуін жазады.
40 30 10 20 10 2 – осы сандарды қосып көрейік. Қандай сан шықты?
112 Ал бұл жай сан емес, бұл – төтенше жағдайларда көмек беру қызметінің нөмірі

Сергіту сәті
Көз жаттығуын жасайық
Барлығымыз тақта назар аударып, қызыл дөңгелекпен көзімізді ілестіріп отырамыз
Өздік жұмыс
№1
Үш қатар өз теңдеуін шығаруына мән береді.
Теңдеуді шеш
х * 2 = 408: 2
х * 4 = 162 + 250
832: х = 72: 9

Тағы да жедел байланыс қызметімен таныстық. Ол 102 – полиция қызметінің нөмірі
№2
Периметр мен ауданын табуға арналған есеп.
Екі нұсқа бойынша жұмыс жасаймыз
1 - нұсқа периметрді табу
2 - нұсқа ауданды табу керек.

а=200м
в=31м
Р=? м
Шешуі: Р=(а+в)*2
Р=(200+31)*2=462(м)
Жауабы: P=462 м а=11м
в=7м
S=? м
Шешуі: S=а*в
S=11*7=77(м2)
Жауабы: S=77 м2
Не көріп тұрмыз. мектеп
Неліктен мектептің суреті шықты?
Енді сандарды біріктірп қойсақ, мектептің телефон нөмірі шығады.
4 - 62 - 77
Ойын « Жасырын санды тап»
505: ... =
... • 101=
... • ... =
Жауабы: =101, =5, =505
Қай санды адам қауіпсіздігін сақтауға қолданамыз?
101 – өрт сөндіру қызметі.

Қорытынды.
Бүгінгі қандай жедел байланыс қызметімен танысқанымызды қорытындылайық.
Газ шаруашылық қызметінің нөмірі - 104
Жедел жәрдем қызметінің нөмірі – 103
Төтенше жағдайларда қызмет көрсету 112
Полиция қызметінің нөмірі - 102
№5 мектептің нөмірі – 46277
Өрт сөндіру қызметі - 101
Телефон анықтамасы - 118
Үйге тапсырма
Бағалау
10 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту. Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлуді қайталау
Бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлуді қайталау
Бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлу туралы есептерді өз бетінше шығару іскерліктерін қалыптасады.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді дұрыс орындауды қалыптастыру, сәйкес қалдықпен бөлуді орындау.
Көбейту және бөлу
Көбейту және бөлу
16*5, 80: 5 түріндегі көбейту, бөлуді меңгереді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×