Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш

21 қараша 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға бастауыш туралы ұғым қалыптастыру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
2) Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын дамыту.
3) Шыншылдыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгелдеу
2. Сынып тазалығы, жеке бас тазалығы
3. Сабаққа әзірлігі
Сәлемдесу: Келіңіз, төрлетіңіз,
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлемдесіп үлкенмен
Бас иеміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
- Cөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
- Айдана жазды. Олар шықты. Сиыр ішті деген сөйлемдерге сөздер қосу арқылы сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз.

ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар, біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Сиқырлы сандар» ойынын ойнап, өткенді қайталайық. Сол арқылы тақырыбымызды ашамыз.

Қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім?
кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жәния дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.
Ендеше, балалар дәптерімізді ашып, күн ретін жазайық.
- Көркем жазу минуты
- Тақтамен жұмыс
22 - жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты.
- Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
23 - жаттығу
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.
Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
ІҮ. Ой сергіту сәті
«Тез тауып, бөгелмей айт» ойыны
Шарты: Кез - келген сөздер оқылады. Ал, оқушылар сол сөзге бастауышты қойып, тез айтады.
Отыр, жасады, айтады, жүрді, ойнады т. б.
24 - жаттығу
Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жазу.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
(Күз)
25 - жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып, бастауышты тауып, астын сызу.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың - құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада.
26 - жаттығу
«Адасқан сөздер» ойынын ойнай отырып, жаттығу жазу.
Арыстан ---------- боздайды
Түйе --------------- мөңірейді
Жылқы ----------- ақырады
Қой ---------------- кісінейді
Сиыр -------------- маңырайды
27 - жаттығу
Сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап беру.
Ү. Сабақты қорыту

ҮІ. Үйге тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Ереже жаттау
ҮІІ. Бағалау
24 944
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Бастауыш
Бастауыш
Оқушыларға бастауыш туралы ұғым қалыптастыру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын дамыту.
Бастауыш
Бастауыш
Оқушыларға сөйлемнің негізгі мүшесінің бірі бастауыш туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын молайтып, ой белсенділігін дамыту.
Бастауыш
Бастауыш
Сөйлем мүшесі бастауыш туралы түсінікті тереңдетіп, олардың грамматикалық белгілерін меңгерте отырып, өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Баяндауыш
Баяндауыш
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосы, Мұқыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маханбетова Қарылғаш Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×