Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған тілім. Дихан Әбілов

24 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Туған тілім Дихан Әбілов
Мақсаты:
Б/к: Оқушыларға ана тіліміздің құдіреттілігі жайлы ұғындыру. Өлең арқылы тіліміздің құндылығы мен қасиеті жөнінде түсінік беру
д\қ: Ана тілі туралы өз ой пікірлерін еркін айтуға баулу. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту
т\к: Ана тілін қастерлеуге бағалауға, құрмет тұтуға тәрбиелеу
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілік: Д. Әбілов портреті, нақыл сөздер, топтастыру
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Біздің мақсатымыз:
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбек ету,
Еңбек ету арқылы «5»- ке қол жеткізу.

2. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
( 3 - 4 оқушыдан жатқа сұрау)
- Өлең не туралы
- Балалар Астана қай мемлекеттің астанасы?
- Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
- Қай тұста орналасқан

3. Жаңа сабақ
- Ал біздің Отанымыз қалай аталады?
- Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
- Әлемде қанша халық болса, сонша тіл болады. Бәрінің туған тілі – ана тілі
Әркім өз тілін сүйеді, құрметтейді. Ата заңымыздың 7 бабының 1 тармағында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» - деп атап көрсетілген. Осыған орай 1997 жылы «Тіл заңы»қабылданды. Ал Қазақстанда тұратын түрлі ұлттар - бір - бірімен ресми тіл, яғни ұлтаралық қарым - қатынас тілі орыс тілінде түсініседі. Қазіргі кезде қазақ тілі барлық оқу орындарында міндетті пән болып енгізілді. Қазақ тілін үйренуге құштар өзге ұлт өкілдері өте көп. Сондықтан 22 қыркүйек Қазақстан Республикасының халықтарының тілі күні деп жарияланды.
Қазақ халқында өз ана тілі туралы жыр толғамаған адам жоқ шығар. Ана тіліміз талай жырға арқау болды. Қазақ тілі Әйтек, Қазыбек, Төле би сынды шешендердің тілі. Абай, Мұхтар сияқты ақын жазушылардың, Бауыржан Момышұлыдай атақты батырлардың тілі.
(ақын – жазушылардың тіл туралы пікірлерін оқу)
- Ендеше балалар бүгінгі біздің сабағымызда осы тақырыпта жалғасады. Бүгін біз сендермен қазақтың жоғын жоқтап, тіл туралы қалам қозғаған жазушыларымыздың бірі - Дихан Әбілов аталарың. Жазушымыздың Туған тілім атты өлеңімен танысамыз
Дәптермен жұмыс
Бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз.

Оқулықпен жұмыс
А) Мұғалімнің оқуы
Ә) Оқушылардың оқуы
Сергіту сәті
Тізбектей оқу
Түртіп алу стратегиясы
Оқи отырып өздеріңе түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеп отыру
Сөздік жұмысы
Бабам тілі - арғы аталарымыз тілі
Сыры терең - құпиясы мол
Суырып ал - жұлып ал
- Енді осы өлеңдегі туған тіл деген тіркестің орнына қазақ тілі деп оқиық
Ой толғау
- Өлең неліктен туған тіл деп аталған?
- Ақынның туған тілім, өз тілім деп отырғаны қай тіл?
- Өздерің туған тілді қалай құрметтейсіңдер? (оқушылардың ойын тыңдау.)
- Туған тіліміздің мәртебесін көтеру үшін не істеу керек?
Ситуациялық сұрақтар
- Сен кітапханада отыр едің. Кенет ішке 2 қыз бала кірді. Олар ұлты қазақ болғанымен орысша сөйлесіп отыр. Сенің оған көзқарасың?
- Сен мектепке асығып келе жатып, көшеде кездескен өзің қатарлас құрбыдан уақыттың қанша екенін сұрадың Ол саған орыс тілінде жауап берді. Сен не істейсің?
- Сенің досың әңгіме арасында қазақ тілін шұбарлап, орыс сөздерін араластыра сөйлейді. Сенің оған көзқарасың?

Қорытынды
- Сонымен бүгінгі сабақта не туралы айттық?
(5 оқушыға тест беру.)
Бес жолды өлең
Не? Тіл
Қандай? Мемлекеттік
Не істейміз? Құрметейді, сүйеді
Түйін сөз: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі
Үйге тапсырма
Жаттау. Тіл туралы эссе жазу
Бағалау
6 339
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Туған тілім - тірлігімнің  айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
«Туған тілім» Дихан Әбілев
«Туған тілім» Дихан Әбілев
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №51 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Макпал Бегасилова
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×