Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Теңдеу

26 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу
Сабақтың мақсаты: а) Теңдеу туралы түсініктерін қалыптастыру
ә) Оқушылардың теңдеу бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін дамыту
б) Оқушылардың адамгершілік қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кеспе суреттер
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, логикалық есептер, дидактикалық ойындар

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып қажетті құрал-жабдықтарын алғызу
Психологиялық дайындық
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Кім көп біледі?»ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Гүлдің жапырақтарының артындағы сұрақтарға жауап беру
Қосудың компоненттерін ата?
Азайтудың компоненттерін ата?
Қосуды не арқылы тексереміз?
Азайтуды не арқылы тексереміз?
1-ден 10-ға дейін тура, кері санау.
Ой қозғау. «Сөзжұмбақ»
Сөзжұмбақты дұрыс шешкендеерекше торкөзден бүгінгі сабағымыздың тақырыбын оқып аламыз.
3-пен 1-дің қосындысы
Төрт түліктің бірі?
Қасқыр жыртқыш....
Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
*Кигіз үй бөлшегі?
*Мөлдір, түссіз, иіссіз.
Яғни бүгінгі сабағымыз тақырыбы «Теңдеу»
Мағынаны ашу
Жазуларды оқы:
10-с ----------- с+2 ------------ 7+1 ---------- с+2=3
10-с -?
С+2 -?
7+1 -?
С+2 =3 -?

Оқулықпен жұмыс
Санды өрнек: 7+3; 8-2
Әріпті өрнек: 10-а; а-3
Теңдеу 8+а =9

№1 Теңдікті жаз 3 пен 4 сандарының қосындысы 7-ге тең
6 мен 4 сандарының айырмасы 2-ге тең
3-пен а-ның қосындысы 7-ге тең
10мен а-ның айырмасы 1-ге тең
а мен 2-нің айырмасы 6-ға тең
3+а=7
10-a=1
a-2=6 --- Б Ұ Л А Р-теңдеулер

3+a=7
а=7-3
теңдеудің шешімі: a=4
№2
10-а=1 a-2=6
Теңдеуді шеш
№3 Ләззат-5 гүл
Қайрат-3 гүл
Есепке айналдыр. Шығар.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
«Ойлан тап» ойыны
с+2 =3 -------- 6+а =4
с=3-2 --------- а=6-4
с =1 ----------- а=2
ҮІ. Сабақты қорыту.
Бүгін біз сендермен нені шешуді үйрендік?
Математикалық диктант
- 6 санын 2-ге арттыр 6+2
- 10 санын 9-ға кеміт 10-9
- 5 пен 2 санының қосындысы 5+2
- 9 бен 7 санының айырмасы 9-7
ҮІІ. Үйге тапсырма.
ҮІІІ. Бағалау
9 134
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика пәнінен сабақ жоспарлар
Математика пәнінен сабақ жоспарлар
МАТЕМАТИКА № 1. Тақырыбы: Ондықтармен және бірліктермен санау. №2. Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды оқу жазу және салыстыру. № 3. Тақырыбы: Азайтуды тексеру
Квадраттық теңдеу. Толымсыз квадраттық теңдеу
Квадраттық теңдеу. Толымсыз квадраттық теңдеу
• Квадраттық теңдеудің коэффициенттерін анықтау; • толық және толымсыз квадрат теңдеулерді ажыратып шығарып білу;
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтау, бекіту, қозғалысқа арналған есептер шығаруды пысықтау. Периметр, аудан, көлем табуды бекіту. Оқушылардың іздену қабілетін шыңдау.
Теңдеу ұғымын қайталау
Теңдеу ұғымын қайталау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сералиева Гулнар Жанаевна
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×