Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері

30 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері

Кіріспе
Балалардың қасиеттерін анықтау және дамыту бастауыш мектептің басты міндеті болып табылады. Бастауыш мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мазмұны баланы мектеп жағдайына дайындауды қамтамасыз етуі қажет.
Баланы мектепке психологиялық тұрғыда дайындау ата - аналар мен бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестігінің негізінде табысқа жететін мәселе және бұл болашақ мектеп табалдырығын аттайын деп тұрған бүлдіршіндерді де толғандырады.
Көпшілік ата - ана бала мектепке барғанша хат танып және жазу, санау машықтарын игеріп барса, жеткілікті деп ойлайды. Бірақ бұл баланың мектепке барған соң өте жақсы оқып кетуінің негізгі кепілі болып саналмайды.
Оқу, санау, жазу машықтарын игеріп барған сайын баланың өзі, кейде ынтасы түсіп оқуға қызығушылығы болмайтын кездері болады. Оның негізгі себебі, сабаққа зейінін шоғырландыра алмай, селқос, салдыр - салақ, оқу материалдарын қалай болса - солай тыңдайтын, үй тапсырмасын өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы, есте сақтауы, таным процестері өз дәрежесінде толық дамып, жетілмегендіктен, яғни оқу әрекетін меңгермеген деп есептелінеді.
Сол себепті балалардың танымдық белсенділігін, зейінділігін, пайымдауын, талдап салыстыру, жалпылау мен ерекше белгілеріне қарап ажырату дағдыларын қалыптастырудың олардың қабілеттерін диагностика негізінде анықтап және оларды дамытудың маңызы ерекше.

Жобаны негіздеу
Қабылдау мен сезіну арқылы әлемді тануға болады. Адам қоршаған ортада өмір сүруі үшін ақпараттарды қабылдауы, өңдеуі, оны талдауы және олардың арасынан өзіне қажетті мәліметтерді ала білуі керек. Адамның өзекті қажеттіліктеріне байланысты, әсіресе оны қанағаттандыруға қажетті ақпараттар ең маңызды. Маңызды ақпаратта адамға әсер ететін механикалық, химиялық, электромагниттік, гравитациялық және т. б. энергия түрлері жинақталады. Миллиондаған жылдар бойы жануарлар мен адамдардың ақпараттар қабылдайтын, әртүрлі энергиялары бар және ақпараттарды электромагниттік толқын (көру), механикалық әсер ету (тері сезімдігі), химиялық әсері (иіс және дем сезу), ауа қысымының тербелісі (есту) арнайы мүшелері дамып, жетілді.
Адамды қызықтыратын ақпараттар олардың сезім мүшелері арқылы қабылданғанымен барлық уақытта қажетті түрде болмайды. Сондықтан әлем туралы ақпараттарды қабылдаумен қатар, оның тіке қабылдаудан жасырын тұрған бөлігін бөліп өңдеу қажет. Кейде ақпараттардың осындай қажетті бөлігін алу үшін күрделі міндеттерді шешу керек болады. Ол үшін адамдарда зейін, елестету, есте сақтау, ойлау және сөйлеу сияқты психологиялық танымдық процестер бар.
Ең алғашқы әлем туралы түсінікті адамдар сезіну арқылы алды. Оларды адамдар қоршаған ортаның әсері ретінде қабылдайды. Қабылдаудың сезінуден айырмашылығы – адамдар әлемді бейнелер ретінде қабылдайды, бұл өзін қоршаған денелер мен құбылыстар және олардың қасиеттер жиынтығын тұтас қабылдауға мүмкіндік береді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 011
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - сынып оқушыларының бейімделуіне қажет тиімді көмек
1 - сынып оқушыларының бейімделуіне қажет тиімді көмек
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш сынып оқушыларының психикасын дамыту мәселесі. 1 сынып оқушысын мектепке бейімдеу.
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету
Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті №5 орта мектебінің психологы Абуова Акжунис Аманкосовна
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, «Балапан» балабақшасының меңгерушісі Ж. Маниева
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия Дайындаған: Абдинова Үміт Даутқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×