Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есептік және реттік сан есім

01 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Есептік және реттік сан есім туралы толық мәлімет беру арқылы меңгерту, оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу. Отан сүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, музыка, математика.
Әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, ойын, түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық карта.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту.
Сан есім дегеніміз не?
Ой қозғау

ІІІ. Жаңа сабақ
Сан есім мағыналарына қарай есептік және реттік болып екіге бөлінеді.
1 - тапсырма “Мықты болсаң, тауып көр” ойыны
Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін бір бөлек топтастыр.
Бір, алтыншы, жеті, сегіз, бес, он алты, тоғызыншы, бірінші, төрт, жиырма, елу, екінші.
Қанша? неше? нешінші?
Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім деп атайды: екі, алты, жеті.
Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім деп атайды: екінші, алтыншы, жетінші.
Реттік сан есім есептік сан есімге: (– ыншы,- інші,- ншы,- нші) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
2 - тапсырма Семантикалық карта
Сөздер ---------- есептік -------- реттік
алпыс
сегізінші
он алтыншы
отыз
қырық
үшінші
екі
үш

3 – тапсырма
ІҮ. Дәптермен жұмыс
17 - жаттығу
Мәтінді оқы.
Сан есімдерді теріп жаз, оларға сұрақ қой.
Сан есімдерді салыстыр. Бұлардың бір - бірінен өзгешелігі неде?
18 - жаттығу.
Көп нүктенің орнына есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.
Реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтарды тиісті белгімен белгіле.
Әр қатардағы сан есімдерге сұрақ қой. Олардың мағыналық өзгешелігін айтып түсіндір.
Бір қатар __________ қатар
Үш орын ____________ орын
Тоғыз мектеп ___________ мектеп
Алты сынып _______________ сынып

5 – тапсырма «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны
Мақал - мәтелді жалғастыру.
Батыр... рет өледі. \бір\
Қорқақ... рет өледі. \ мың\
... атасын білмеген жетесіз. \жеті\
... рет өлшеп,... рет кес. \жеті, бір\
Ер жігіттің... сөйлегені өлгені. \екі\
....... тістен шыққан сөз... рулы елге тарайды.\отыз екі, қырық \
Ел құлағы... \елу\
Білекті... жығады, білімді... жығады \бірді, мыңды\

Тақтамен жұмыс
19 - жаттығу
Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда.
Реттік сан есімдерге жалғанған қосымшаның екі түрлі (- ншы,- нші) болу себебін түсіндір.
Бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы, отызыншы.

20 - жаттығу
Мәтінді түсініп оқы.
Сан есімдерді тауып, олар сан есімнің қай түрі екенін айт.
Мәтінге айт қой. Мәтін неше бөліктен тұрады? Әр бөлігі қандай жолдан бастап жазылған?
Қызықты мәлімет.
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қазандық бөлмесінде Көреген Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі – қасиетті Тайқазан тұр. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20 - шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті түрлі асыл металдың (мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы – 2 тонна, сыйымдылығы – 3 мың литр, биіктігі – 1, 60 м., диаметрі – 2, 42 м. Тұғырының биіктігі – 0, 54 м., диаметрі – 0, 607 м.

Ой қорыту
1. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңыз.
A) Сан есім.
B) Зат есім.
C) Сын есім.
D) Етістік.
2. Сан есімі бар мақал - мәтелді табыңыз.
А) Туған жерге туың тік.
В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
С) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
D) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

3. Реттік сан есімді белгілеңіз.
A) Жүз.
B) Тоғызыншы.
C) Бесеу.
D) Отыздаған.
4. Реттік сан есімнің жұрнағын табыңыз.
А) – ау, - еу.
В) – тан, - тен.
С) – ыншы, - інші.
D) – шы, - ші.
5. Есептік сан есімді табыңыз.
А) Бес.
B) Алтау.
C) Сегізінші.
D) Он тоғызыншы.
- Балалар жарайсыңдар, тапсырмаларды дұрыс орындап, міне сандықшадағы құпия санды таптық. Мына құпия сан туралы не білеміз?

Сергіту сәті «Ақ мамам» әнін орындау
Рефлексия
Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?
Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар?
Қай тапсырма ұнады?
Үйге тапсырма: Ережені жаттау
Бағалау \Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап бағалау\.
48 341
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлерін таныстыру, есептік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыра білуге үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Есептік және реттік сан есім
Есептік және реттік сан есім
Атырау қаласындағы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтпанова Зина Тлегеновна
Есептік және реттік сан есім
Есептік және реттік сан есім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Агисбаева Жансулу Бигалиевна
Сөз таптары
Сөз таптары
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×