Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә дыбысы және әрпі

05 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету.
Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
3. Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пайдаланылған әдістер: Сұрақ - жауап; ой қозғау; ой толғау; логикалық ойын дамыту, бақылау;
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ Өткен сабақты пысықтау.
- Қандай әріппен таныстық?
- І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- І дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- І дыбысынан келетін сөздер ойлау.
Сөздік диктант.
Жарас, аңшы, тау, іні, шана, аулау, сула, жол, жаға, іс.
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.

ІІІ Жаңа сабақ.
Жұмбақ.
Анада жоқ,
Әкеде бар.
Атада жоқ,
Әжеде бар. (ә)

Орақ құйрық, тарақ бас,
Көп ұйқыны жаратпас.
(Әтеш)
Таныстырар әріппен,
Мынау кітап - Әліппең
Әліппе деген аты оның
Басталған қай әріптен?
- Бұл жұмбақтардың шешуі қай әріп жайлы болып тұр?
- Ә дыбысы жайлы не білесіңдер?
- Ә дыбыс дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
Мысалдар келтіру.
Суретпен жұмыс.
- Суретте не көріп тұрмыз?
- Ә дыбыс сөздің қай жерінде кездеседі?
- Ә дыбысынан келетін қандай сөздер білесіңдер?
Оқулықпен жұмыс.
1) мұғалімнің оқуы.
2) әр сөздің мағынасын ашып түсіндіру.
3) хормен оқу.
Сергіту сәті.
Күн бұлттанды.
Жел соқты.
Күн күркіреді.
Күн шайдай ашылды.
Дәптермен жұмыс.
Мұғалімнің тақтаға жазуы.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.
Сиқырлы буындар.
Әмір
Әке
Әже
Әтір
Әлем
Әріп
Баспалдақ.
Ә __
Ә __ __
Ә ___ ___ ___
Ә __ ___ ___ ___
Ә ___ ___ ___ ___ ___
Ә ___ ___ __ ___ ___ ___ ___
Жауабы:(ән, әке, әтеш, әйнек, әңгіме, әткеншек)
Қорытындылау.
Бүгінгі сабақты сұрақтар қою арқылы қорыту.
Үйге тапсырма.
Мадақтау
6 374
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Ш» дыбысы және әріп таңбасы
«Ш» дыбысы және әріп таңбасы
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең, жаңылтпаш айту).
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ю дыбысы және әрпі
Ю дыбысы және әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алмагуль Ашикбаева
Ғ дыбысы мен әрпі
Ғ дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
К дыбысы және әрпі
К дыбысы және әрпі
Қарағанды облысы, "Балқаш қаласы №2 Абай атындағы лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Кенжина Айгул Хамитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×