Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік

05 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты: "Жол тәртібін білейік, Аман - есен жүрейік"
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, Жол белгілері, плакатқа жазылған сөздер, макеттер.
Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! "Жол тәртібін білейік, Аман - есен жүрейік" атты жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен - кіші баршамызға!
Жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Жарысымыз басталсын сәлемменен.
Жүргізуші: Бүгін бізге келген қонақтарды таныстырып өтейік:
.............
Жүргізуші: 1 тур. Топтарды таныстыру.
1 - топ –«Бағдаршам».
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып!
2 - топ – «Жол белгілері».
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
3 - топ - «Жүргізуші».
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік!

Жүргізуші: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы бәріміз сұрақтарға жауап берейік.

2 - тур. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршам жоқ жерде, жолды қалай қиып өтуге болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?
5. Қанша жастан бастап, велосипедпен жүруге рұқсат етіледі?
6. Бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанда, кімдерге өтуге рұқсат етіледі?
7. Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
8. Жүрісті реттеп тұратын адам кім?
9. Жолдың қай жағымен жүру керек?
Жүргізуші: Әділқазылар өз бағамызды берейік!

3 - тур. Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып - деп «Бағдаршам» ойынын бастаймыз.
Жүргізуші: Алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екендігін байқайды.

Ойын шарты: «Бағдаршам»
1. Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
2. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
Қонақтар: Әр топқа баға беру керек.
4 тур. Көшедегі бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ өзіңе жол сілте
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңнің көзіңе - деп әр топтың көше тәртібін білетіндігін көрелік. Қонақтар баға береді.
5 тур. Әр топ жинаған жол белгілерін құрастырып қорғайды. Қонақтар әр топқа баға береді.
6 тур. Топтарға жол ережесіне қатысты жұмбақтар шешіп жіберейік.

Жұмбақтар:
І - топ. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ - топ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)
ІІІ - топ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)
Екі аяқты бір ізді,
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің,
Аяғымды жүргізді. (Велосипед)
Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)
Үлкен - үлкен қалаларда жүреді,
Табаны темір, төбесінде жүрегі. (Трамвай)

7 тур. Жүргізуші: Көрген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда.
Бағынамыз әмәндә - деп кім? «Қай топ жылдам» ойынын ойнайық! (Белгілердің ішінен аталған белгіні тауып көрсету)
Әділқазылар өз бағаларын береді.
Жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
Қорытынды: Келген қонақтар оқушыларға баға беріп, жақсы қатысқан үшін сыйлықтар береді.
30 456
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолда – абай бол!
Жолда – абай бол!
Мақсаты: Білімділігі: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылығы: Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру.
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Мыңжанова Далухан
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов атындағы №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұржаубаева Марина Сайлауқызы
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×