Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жол жүру ережесін білесің бе?

06 желтоқсан 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жол ережесін білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп - тұруға тәрбиелеу. Жол белгілерін ажырата білуге, есте ұстай білуге үйрету. Жолда жүргенде жол ережесін сақтап, оң жақпен жүруге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол ережесіне байланысты макеттер

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
Кіріспе. Жүргізуші:
- Арманға алдан күткен асығамыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Алдымен беріледі сәлем деген.

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Балалар, осы аптада біздің мектепте жолда жүру тәртібіне байланысты апталық өтіп жатыр. Міне, осыған орай 1 - сыныптар арасында «Жол ережесін білесің бе?»атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Біздің мектепте алты 1 - сынып болатын болса, сол сыныптардың әрқайсысы жол жүру ережесіне байланысты өздерінің білім - біліктерін, өнерлерін ортаға салмақшы екен. Олай болса ортамызға 1 «А»сынып оқушыларын шақырайық. Көріп тамашалайтындарыңыз сахналық көрініс «Жол ережесін білмегеннің кесірі». (оқушылар шығып көрсетеді)

Жүргізуші:
- Міне, көрдіңдер ме балалар, жол тәртібін дұрыс сақтамасаңдар осындай қиын жағдайларға тап болады екенсіңдер. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, ол қатер тудырады. Жол тәртібін бұзғандықтан, білмегендіктен кейбіреулері қаза тауып, ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан жол жүру ережесін бұзбаңдар, жолда абай болыңдар.
Балалар, жолда жүру тәртібіне, бағдаршамға байланысты 1 «В»сынып оқушыларының айтқысы келіп тұрған өлең - тақпақтары бар екен. Қане құлақ түрейік.
(Оқушылар тақпақтарын айтады)

Жүргізуші:
- Жарайсыңдар, балалар. Жол ережесін бұзбайтын тәртіпті бала болыңдар.
Жолдағы ережелер туралы, бағдаршам туралы біледі екенсіңдер. Бағдаршам - автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді. Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Ал, енді жол белгілері, көшедегі «тілсіз» көрсеткіштер туралы қандай білімдерің бар екен? Оны мына 1 «Г» сынып оқушылары жақсы білеміз деп тұр ғой. Қане, тыңдап көрейік.
( Оқушылар жол белгілері жайында айтады)

Жүргізуші:
- Жарайсыңдар, көшедегі «тілсіз» көрсеткіштерді де жақсы білесіңдер екен. Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын да білдік. Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер және көлік жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Олай болса, жұмбақ шешіп, ойларыңның жүйріктігін байқайық. Жұмбақ шешуге біз шеберміз деп мында 1 «Ә» сынып оқушылары дайын тұрған сияқты. Келесі кезек сендерде. (Айжан апай дайындап келген жұмбақтарын жасырады, оқушылар шешеді)
Келесі кезекте жолда тепкішпен, велосипедпен, көлікпен қалай жүру керектігін жақсы білеміз және көрсетеміз деп 1 «Ғ»сынып оқушылары дайындалып тұр екен. Қане, ортаға шақырайық.(Сынып жетекшісі мен оқушылары шығып көрсетеді)

Жүргізуші:
- Жақсы, балалар. Бұл туралы да білімдеріңді байқадық. Балалар, әрбір оқушы мектепте оқылатын «Көшеде жүру тәртібі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі; тәртіпті, әдепті оқушы жол тәртібін, жолда жүру ережесін, жол заңын бұзбайды. Сендер де сол оқушылардың қатарынан табыла біліңдер. Жолда абай болыңдар, сақ болыңдар! Жол ережесін қатаң есте сақтаңдар! Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңдар!
12 538
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережелері туралы түсінік бере отырып, көше, жол, жаяу жүргіншілер туралы түсініктерін жетілдіру; жол белгілерін ажырата білуге үйрету, бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту; көшеде тәртіп сақтап жүруге байқампаздыққа, сақтықпен жүруге
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
Көшеде сақ бол!
Көшеде сақ бол!
Шалқар қаласы, №3 орта мектептің ҰКТ тәрбиешісі Өтепова Бақытгүл Сайлаубайқызы
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "Абай атындағы №4 мектеп лицей" КММ - інде бастауыш сынып мұғалімі Агибаева Айман Тургановна
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиешісі Калкаева Адеми Жоламановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×