Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілінен 1 сыныпқа сабақ жоспары «Адам болам десеңіз» тарауы бойынша

10 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1 сынып
«Адам болам десеңіз» тарауы
1. Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Кел, балалар,оқылық! Мақал.
2. Заттың сынын білдіретін сөздер. Бала Шоқан
3. Заттың сынын білдіретін сөздер.Тарту

Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Кел, балалар, оқылық! Мақал.
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздер туралы
түсініктерін кеңейту. Ы. Алтынсарин туралы түсінік беру. ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілін, сөйлеу мәдениетін, жылдамдықтарын дамыту. б) таз, ұқыпты, қатесіз жазуға, өлеңді мәнерлеп оқуға, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: суреттер, Ы. Алтынсарин портреті
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:
I Қызығушылықты ояту:
Психологиялық дайындық
Ұқыпты - ұтар,.
Іздеген - озар.
Талпынған – табар
Ерінген - тозар.
Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Ой шақыру.
Ойын. «Менің ұям» Сөздерді тиісті ұяға орналастыр.
(Торғай, көгершін, ұшты, сайрады, қонды, шоқыды, сауысқан).
Заттың атын білдіретін сөздер:
Заттың қимылын білдіретін сөздер:

(Әр жауапқа 1 ұпай беріледі)

ІІ Мағынаны тану:
1) Көркем жазу.
Я я ұя
Құстар – біздің досымыз.
2) Ассоциациялы аймақ құру. Көктемді сипаттап жаз.
Көктем қандай мезгіл?
Шуақты,..................... (жалғастыру)
Сөздерге сұрақ қойғызу.
Оқулықпен жұмыс. 121 - жаттығу. Оқушыларға оқыту. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
Ережені оқыту.
Сергіту сәті.
Сұрақтарға жауап беріңдер.(Сөз тіркесі: биік үй, сөйлем: Үй биік. еске түсіру)
1. Қандай үй?
2. Қандай орамал?
3. Қандай бала?
Ы. Алтынсарин 1841 ж. дүниеге келіп 1889 ж. қайтыс болған. Ол кісі қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып, ең алғаш оқулық жазған. Балаларды оқуға шақырған. Оның көптеген өлеңдері бар. Соның бірі «Кел балалар, оқылық!» өлеңі.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мағынасын түсіндіру. Оқушыларға мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап беру. Мақалды оқытып, мағнасын сұрау.

ІІІ Ой толғаныс.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту.
1. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? Ы. Алтынсарин кім? Оның біз қандай өлеңімен таныстық.
Бағалау. Ұпаймен бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 548
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздерді табу. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу. Оқушылардың тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Заттың сынын білдіретін сөздер
Заттың сынын білдіретін сөздер
Заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге, сөз ішінен таба білуге үйрету; Балалардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттері дамыту;
Заттың сынын білдіретін сөздер
Заттың сынын білдіретін сөздер
Бастауыш сынып мұғалімі Тасанова Жанар Байжановна
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Жезказған қаласы №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Абдраимова Женисгул Абибуллаевна Сабақтың тақырыбы: Атаның ақ батасы.( 1 сынып) Заттың сынын білдіретін сөздер. Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгерту, сөйлем ішінен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.