Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елім деп жырлаған үш бәйтерек

17 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Елім деп жырлаған үш бәйтерек» (мәнерлеп оқу сайысы)
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Бейімбет, Ілияс, Сәкен жайлы тың деректермен таныстыру, талдау, қолдану, жүйелеу, салыстыру.
дамытушылығы: өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту. Сыры ашылмаған дәйектемелер арқылы дүниетанымын кеңейту.
тәрбиелілігі: сұлулыққа сүйсінуге, талғампаздыққа, отансүйгіштікке, елін жерін, тілін құрметтей білуге, еңбекқорлыққа баулу, патриоттық сезімді бойларына сіңіру
Көрнекілігі: 1. Интерактивті тақта
2. Әдеби кітаптар
3. Газет - журналдар
4. Суреттер

Барысы:
Құрметті ұстаздар және бүгінгі сайысқа қатысушы сайыскерлер! Бүгін І. Қалниязов атындағы «Жас ұрпақ» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Елім деп жырлаған үш бәйтерек» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізгелі отырмыз.

Сайысты бастамас бұрын бүгінгі сайысқа бағын сынағалы келіп отырған сайыскерлерімізді және әділ қазы мүшелерімен таныстырып өтейін:
5 сыныбы бойынша: Арапа Есен, Палуанбек Нұрсұлтан, Сәдуақас Ерқұлан
6 сыныбы бойынша: Мырзабай Мағжан, Жаңғазы Назира
7а сыныбы бойынша: Темірхан Айжан, Құдайберген Тамара, Алмасбекова Айымкүл
7б сыныбы бойынша: Асылбек Талант, Раманқұл Нұрболат
8а сыныбы бойынша: Толыбаева Мария, Әміреев Абай
8б сыныбы бойынша: Арапа Индира, Әбілова Шынар
Әділ қазы мүшелері: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Әбдешова Бағым, Абытова Өркен, Нөкешова Зұлхия.

Кіріспе
Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір жыл туыпты. Үшеуі де бір жаздың майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты.

Үш бәйтерек.... Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат – парқын, арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл.

С. Сейфуллин атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш жігерін осы ізгілікті іске арнады. Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған, өнер - білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды армандады.

Қараңғылық, дәрменсіздік, қос үрей қорқақтық құрсауында талмаусыраған қалың бұқараны азаттандыру, еркін де жарық әлемге шығару, озық жұрттар санатына қосу, өнер - біліммен қаруландырып, бақытты өмір жасардай дәрежеге жеткеру Б. Майлиннің ес біле көкірегіне ұялаған аңсаулы арманы, ынтыға іздеген нысанасы еді.

Жаңа заманда бостандыққа қолы жетіп, бақытты өмір сүрген, халқымен жиырма жылдай бірге жасасып және жақсы білген өмірін айқын бейнелеп, туған халқының жалынды жыршысы болған І. Жансүгіров поэзияның кең арналы эпикалық, терең сырлы лирикалық салаларында жарқырап көзге түсті де, шын халықтық, нағыз ұлттық поэзияның өрнекті үлгілерін салды. Кеңес заманында білімі де, тәжірибесі де, таланты да жетілген кешегі ауыл ақыны аз уақыттың ішінде әдебиет шеберлерінің алдыңғы сапына шығып, қазақтың жас совет әдебиетінің қалыптасу кезеңінде де қатарға жетіп кемелденген кезінде де өзіне лайық ардақты орнын алды. Сөйтіп оның есімі туған ел әдебиетінің тарихында «аспанның төсін арда емген» Алатаудай зәулім шоқының бірі болып қалды.
Енді сайыскерлеріміз дайын болса, сәттілік тілеп ортаға шақырайық.

Құлпытас
Жарасқан Әбдіраш
Талай ұрпақ бізден кейін келсе де,
Тағзым етер дұға оқып зейіндеп.
Мына дала болса егер мына бел,
Сол арада жатыр Майлин Бейімбет.

Ежелден - ақ екі көздің бірі қас,
Озық туған, ойы жүйрік, жыры жас.
Ақаңның да Құлагері бар десек,
Сол Құлагер – Жансүгіров Ілияс.

Теңеуін халық төксе де,
Байламын айтқан бекемдеп.
Сұлуы жердің Көкшетау,
Сұлуы ердің Сәкен деп.
Сайыскерлерге алдағы уақытта да тек қана жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз
19 032
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Айбынды біздің әкелер
Айбынды біздің әкелер
Әкемен, бала мектеп арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және кез – келген жағдайдан шыға білетін жеке тұлға тәрбиелеу. - Құрметті ата - аналар, ұстаздар, сайысқа қатысушы әкелер! Бүгінгі әкелер арасында өткізгелі отырған
Мәнер керек сөзге де
Мәнер керек сөзге де
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қуатбаева Айман Мамытовна
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы6 Жосалы кенті6 №105 орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбукенова Қарашаш
Күш білімде
Күш білімде
Есік қаласы, Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жазира Молдагулова
Тіл мәртебесін ұлықтайық
Тіл мәртебесін ұлықтайық
«Құрылыс техникалық колледжі» МКҚК Өзін – өзі тану пәні оқытушысы Жангабулова Несибелди Кайдаровна
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×