Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым

21 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер, Отан туралы оқушылар салған суреттер, буклеттер, Қ. Рысқұлбеков «Қайсар рухты қазақ»кітабы, интерактивті тақта, т. б.

Барысы:
Әнұран орындалады
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушыларға сұрақ - жауап әдісі арқылы өтеді.
Мұғалім: Құрметті оқушылар. «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» деп аталатын тәрбиелік шараны бастауға рұқсат етіңіздер.
Біз бұдан бұрын Отан, туған жер туралы тәрбие сағаттарын өткенбіз. Кәне, еске түсірейікші.
- Біз қай мемлекеттің азаматымыз?
- Ұлтымыз кім?
- Тіліміз қандай?
- Тәуелсіздік деген не?
- Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
- Елбасымыз туралы жаңа киноның аты қалай?
- Әнұранның авторы кім?
Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
- Тудың авторы кім?
Ш. Ниязбеков.
- Елтаңбаның авторы кім?
Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов.
Хор: «Көк тудың желбірегені»

3. Келесі кезекті оқушыларға берейік.
1 - оқушы: Аманғали
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды.
2 - оқушы: Аружан
Далада думан, қалада думан жыр бүгін,
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.
3 - оқушы: Бейбарыс
Келді осылай аңсаған күніміз де,
Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге.
Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан,
Қасиетті тіліміз бен дініміз де.
4 - оқушы: Альбина
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге бұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас - талқан боп өлгені.
5 - оқушы: Айсана
Шала жансар қар астына көмгені,
Тәуелсіздік ата - баба арманы.
Қандай елмін бүгін міне, көр мені,
Алаулайды мүмкін емес сөнбегі.
6 - оқушы: Дияс
Тойланып мың мереке, ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры,
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
7 - оқушы: Райымбек
Біз - қазақпыз,
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге иегердің көзімен.
8 - оқушы: Асылзат
Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Әділ іс әрқашанда ақталады.
Ел үшін жанын қиған асыл жандар,
Ел есінде мәңгілікке сақталады.

4. «Армандаған ақ сәулеге жетпедім...» Қайрат Рысқұлбеков өлеңдерінен оқушылар үзінділер оқиды.
Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді?..
1 - оқушы: Нұрдәулет
«Менің тағдырым»
2 - оқушы: Жанарыс
«Ақтық сөз»
3 - оқушы: Данагүл
«Кездесеміз әлі де»
4 - оқушы: Ақгүлім
«Анама»
5 - оқушы: Диас
«Ана тілі»
6 - оқушы: Аманғали
«Ағажан»
Хор: «Елім менің»

5. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Міне, балалар бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын, келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
8 278
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі
Қазақ тілі
Қазақ тілі - ана тілім, байлығым. Жүрегімде тұрады сенің мәңгі үнің, Өмір бойы көк байрақтың астында. «Туған тіл» деп жырлауға да әзірмін.
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Желтоқсан қаһармандары
Желтоқсан қаһармандары
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 18 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту. Отанды сүюге, байлығымызды қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Калинов орта мектебі Садыкова Асель Нурлановна
Болашаққа нұр құйған - Тәуелсіздік
Болашаққа нұр құйған - Тәуелсіздік
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №185 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайырқұлов Алмат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×