Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Міржақып Дулатов "Қыс"

02 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Қыс» Міржақып Дулатов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Автормен таныстыру. Оқушыларға қысқы табиғат құбылысы туралы және адамдар мен жануарлар жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Қыс туралы алғашқы білімдерін толықтыра отырып, қысқы даланы, қысқы орманды сипаттай білуге, көркем сөздер топтамасын жинақтай білуіне жағдай жасау.
Тәрбиелік: Табиғат көріністерін тамашалау, әр жыл мезгілінің кереметін байқау арқылы оны бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, іздену.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс келбеті суреттері, автор портреті, ойынға қажетті суреттер мен сызбалар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Қазақ тілі

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу
- Оқу құралдарын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру
1. Туған жер туралы жыр ертегісінде әнші құс неліктен ән салуын тоқтатты?
2. Император ертегі соңында нені түсінді?
3. Император сөзінің мағынасы.
Психологиялық кезең
Қызық өрік әнін қимылмен көрсету.
Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Қызығушылықты ояту
- Балалар өз туған жерлерің туралы айтыңдаршы?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Тәуелсіз.
- Біз тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз?
- 16 желтоқсан
- Табиғатта неше жыл мезгілі бар және қандай?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір бізде қай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс айларын кім атап береді?
- Қыс мезгілінің алғашқы айы?
- Желтоқсан айы.
- Желтоқсан айының алғашқы күні қандай мереке?
- Президенттің сайланған күні.
Ендеше бүгінгі сабақта біз осы жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеміз.
1 - топ. Қыс мезгілі
2 - топ. Жаз мезгілі
3 - топ. Көктем мезгілі
4 - топ. Күз мезгілі

Біз көктем туады, жаз шығады, ал қыс келеді дейміз. Не себепті қыс келеді дейміз?
- Өйткені тіршілік иелері қыс келеді деп оған дайындалады. Азық жинайды, отын - шөп дайындайды, құстар да дайындалады. Қыс келеді дегенде адамда қорқыныш сезімі пайда болады. Себебі қыс өзінің қатал мінезімен келеді. Ал бір жағынан қуаныш сезімі пайда болады. Балалар асыр салып ойнайды.

- Ал, енді балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп аламыз.
1. Қыс мезгілінің бірінші айы. (Желтоқсан)
2. Қайқы тұмсық, қос табан,
Қос таяқпен ұштаған (Шаңғы)
3. Бас қала. (Астана)

Жаңа сабақ
Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қыс» екен. Ақын Міржақып Дулатовтікі.

Ақын туралы мәлімет.
Міржақып Дулатов туралы қазақша реферат Міржақып Дулатұлы (1885 — 1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Өмірбаяны Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс - қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім - тәрбие, терең білім береді. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі
- Мәтінді түсіндіріп беремін.
- Әр балаға оқытамын.
- Әр топ мәтінді оқып түсіндіреді.

Сұрақтар:
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
3. Бірінші бөлімде жазушы қай мезгілді суреттеген?
4. Қысқы орман сипатын тауып оқы.
5. Үшінші бөлімде қыстың қай кезеңін суреттеген?
6. Төртінші бөлімде қыстың қай кезеңін суреттеген?
- Балалар мәтінде бізге таныс емес қандай сөздер берілген?

Сөздік жұмыс
Бек қиын – өте қиын
Шилі бет – бетін үсік шалған
Әр топ берілген мәтіннің бөлімдері бойынша сурет салып қорғайды.
1 - топ. Қыс мезгілінің
2 - топ. Орман ішіндегі қоянның
3 - топ. Үй жануарлары мен жылқышылардың
4 - топ. Мектеп пен балалардың

Сұрақтар:
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілінде қандай жануарлар ұйқыға кетеді?
- Қыс туралы қандай өлеңдер білеміз?
- Балалар қыс мезгілінде аппақ қар жауады. Қар - қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын - шашын. Қардың да бірнеше түрлері бар екен.
Ақша қар – жаңа жауған таза қарды айтамыз.
Жапалақ қар – ірі түйіршікті қар.
Мұздақ қар – үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
Ұлпа қар – жеңіл үлпек қар

Дәптермен жұмыс
1. Жазушының қысты сипаттау ретін көрсет.
1. Нағыз қыс.
2. Қысқы орман.
3. Үй жануарларының қыстағы көретін қиыншылығы.
2. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің екі шумағын салыстыр. Қыс сипаттарын сызық арқылы қос.
Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша - бауды, тауды да
Бояған ақ түспенен.
Қыс – ызғарлы, аппақ, суық, сәл қорқынышты.
3. Желтоқсан айын сипаттап бес жолды өлең жаз.
Қыс
Ызғарлы, суық
Суытады, мұздатады, қатырады

Алақай, жаңа жыл келді! (Лепті сөйлемнің ережесін сұраймын)
Қар
Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру
«Аққала» ойынын ойнатамын.
Ойын мақсаты: Бұзылған аққала берілген. Аққаланы құрастыру үшін әр бөлшегінде сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап беріп аққала құрастырамыз.
1. Қыс мезгіліндегі өзгерістерді ата. - Аяғы
2. Бірінші бөлімде жазушы қай мезгілді суреттеген? - Денесі
3. М. Дулатов кім? - Қолдары
4. Қандай қысқы ойындарды білесің?- Басы
5. Қардың қандай түрлерін білесің?- Қалпағы

Жаңа сабақты бекіту
Берілген керекті сөздермен тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.
1 - топ
Қыс
Керекті сөздер: Аппақ, жауды, құстар, ұшып, қар, мезгілі, үш, ай, келді, болады.
2 - топ.
Жаңа жыл
Керекті сөздер: Қыс, мерекесі, айында, болады, алыстан, келеді, Аяз ата мен Ақша қар, қандай, жаңа жыл мерекесі, тамаша!
3 - топ
Жануарлар
Керекті сөздер: Ұйқыға, аю, қыс, кетеді, мезгілінде, көптеген, қасқырдан, жануарлар, қорқады, ішінде, жүгіреді, аңдар, жер, ақ, беті, жамылғандай, кілем, құстар, сайрайды, бұлбұлдай.

4 - топ
Адамдардың қысқа дайындығы
Керекті сөздер: Жемістерден, адамдар, дайындайды, тосап, қыс, мезгіліне, малдарына, өздерінің,
жинайды, шөптерін.
Сабақты қорыту
Шырша безендіру ойыны.
- Балалар біз желтоқсан айындағы тағы қандай мерекені білеміз?
- Жаңа жыл мерекесі.
- Жаңа жыл мерекесінде нені безендіреміз?
- Шыршаны.
- Олай болса, біз қазір шыршаны безендіреміз.
Ол үшін ойыншықтар артындағы сұрақтарға жауап береміз.

Сұрақтар:
1. Бек қиын сөзінің мағынасы.
2. Шырша сөзіне сөйлем құра.
3. Ескі қандай жылды шығарып саламыз?
4. Қыс мезгілінде ұйқыға кететін қандай жануарды білесің?
5. Қыс мезгілінде қоян қандай түсті киім киеді?
Бағалау
Өзін - өзі бағалау.
Үй тапсырмасы: Міржақып Дулатов туралы мәлімет жинау.
Қыс мәтінін мазмұндап келу.
18 904
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Киім және киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Аққала мен - ақ бала
Аққала мен - ақ бала
Оқушыларға әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі барын түсіндіре отырып қыс қызығымен таныстыру. Табиғатты сүюге, қысқы таза ауа туралы айта отырып салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Қоршаған әлемді танып білуге деген ынталарын дамыту.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Қысқы табиғат
Қысқы табиғат
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешова Гүлсім Орынбасарқызы
Қысқы табиғат
Қысқы табиғат
Сабақтың тақырыбы: Қысқы табиғат
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×