Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


І дыбысы мен әрпі

08 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсатты:
Білімділік: І і дыбысы мен әрпін таныту; І і әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадір-қасиетіңмен, тіл туралы, кітап туралы мақалдармен танысып, түсінік алады.
Дамытушылық: І дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелік: Сауатты, көркем, таза жазуға тәрбиелеу;
Типі: жаңа білімді игеру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік;
Көрнекілігі: І і әрпінің жазба және баспа түрі, буындар, сөздер, кеспе әріптер, суреттер, интерактивті тақта;
Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал.
ІІ. Өткен сабақтарды пысықтау жұмысы.
Ойын: ( бас әріптер мен кіші әріптер жұптарын табу.)

Мәтінмен жұмыс: « Орманда» мәтінін тізбектей оқыту.
Тақтамен жұмыс: кеме, кесе, кебеже, көбелек, кеше, кесте, кеспе сөздерін оқушыларға жазғызу.

Жаңа сабақты меңгерту.
1. Қар жауғанда орманға барсаң, қардың беті толған жазу. Ол жазуды кез - келген адам оқи алмайды. Ол жазуды ормандағы аңдар мен құстар жазады. Ол не жазу? (Із)
Алыстан түлкі кетіп бара жатыр еді, кенет жоқ болып кетті. Ол қайда кіріп кетті екен? (ініне кірді)
- Із, ін сөздерінде қандай дыбыс естіп тұрмыз?
- І і дыбысын дыбыстап көрейік. «і» дыбысын әндетіп айтып көрейік.
А - а - а - а - а - а - а
Ә - ә - ә - ә - ә - ә - ә
О - о - о - о - о - о
І - і - і - і - і - і - і - і - і
Ендеше дауыстылар қатарына тағы бір дыбыс қосып, оған қызыл көйлек кигіземіз.
Дыбыс пен әріп айырмашылығын еске түсіру.
Дыбысты айтамыз, естиміз.
Әріпті жазамыз, көреміз.
Ендеше, І і дыбысының әріп таңбасымен танысайық. («І і»әрпін көрсету.)
- Оқушылар, і әрпіне л, ш, т, с, н әріптерін қосып, сөз құрайық.
Іш, іс, тіс, іні, ін, тіл

Оқулықпен жұмыс.
79 - беттегі бағанда берілген сөздерді хормен оқыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті
Ал, кәнеки көжектей.
Ырғып – ырғып қашайық
Қолымызды созайық,
Түрлі қимыл жасайық.
Сурет бойынша әңгімелеу. (Ормандағы аңдар ізі)
Мақалдармен жұмыс(мазмұнын ашу)
Бірлік болмай,
Тірлік болмас.
Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.

Дәптермен жұмыс.
А) «І і» әрпін жазып үйрену;
Ә) Көшіріп жазу;
Ы – і дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату.
Бекіту.
- Бүгін біз қандай дыбыспен, әріппен таныстық?
- І дыбысымен.
- І дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты.
- Дыбысты біз не істейміз? (естиміз, айтамыз)
- Әріпті біз не істейміз? (оқимыз, жазамыз)
Оқушыларға қасқыр, қоян, құс, аю, адам іздерін сурет бойынша таптыру.
Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау.
48 141
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Екі әріптің қосарлануынан айтылатын дыбыстар мен әріптер: Я -(й+а) Ю -(й+у)
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Азиева Нурлыгул Изиметовна
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Нәубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Ләззат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×