Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


2 санын қосу кестесі

11 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу кестесі
Сабақтың мақсаты:
- Өткен сабақтарда игерген оқушылардың білімін, икемін, машығын пысықтау, 2 санын қосу кестесін түсіндіру.
- Ойын арқылы ойлау, танымдық қасиеттерін дамыту.
- Адамгершілікке достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, ойын сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік (топқа бөлу)
ІІ. Өткенді қайталау
1) Алдыңғы сабақта не өттік?
Ондай болса, « баспалдақ» ойыны бойынша санды +, - 2ні еске түсірейікші
Енді «миға шабуыл» стратегиясы арқылы ойымызды жинақтайық.
Мұнда біз «кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Сандардың арасына «+», «-» таңбасын қойып, өрнектерді теңестіру.
І - топ -----------II - топ --------------III - топ
5 1=4 ------------7 1=6 -----------------6 1=5
3 2=5 ------------5 2=7 -----------------4 2=6
4 1=3 ------------4 2=2 -----------------5 5=0
2 2=0 ------------2 1=7------------------ 4 3=7

ІІІ. Жаңа сабақ
1) 2 санын қосу кестесін құру
1+2=3 1 - інші қосылғыш қосындының мәні 2 - ге артады.
2+2=4 4+2=6.... т. с. с.
3+2=5
2) Оқулықпен жұмыс.
1 - Тапсырма «домино» тастарынан өрнек құру, мәнін табу. Қосу мен азайту қандай амалдар?
3). Сергіту жаттығулары
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық
Бір отырып, ғ бір тұрып,
Орнымызды табайық.
«Не жоғалттым?» ойны. Кестені толтыру. Қай топ дұрыс жауап береді?
Дәптермен жұмыс
3) Ізденушілік тапсырмасы
№ 3.
Ең ұзін кесіндіні тап? 5см – 1см= 4 см
Ең қысқа кесіндіні тап? 3см+1см=4см.
Бұ кесінділер қандай кесінділер?
4см=4см кесінді дегеніміз не?

ІV. Түсініктерін тексеру.
1) сурет бойынша өрнек құру, мәнін табу. Неше ара, неше қоңыз?
2+1=3 -----------4+2=6 --------2+3=5 ----------5 - 3=2
3 - 1=2---------- 6 - 2=4-------- 2+2=4---------- 4 - 2=2

2) Өздік жұмыс. №4
Айырманың компоненттерін ата.
9 - 2=7
8 - 2=6
10 - 2=8
7 - 2=5
6 - 2=4
5 - 2=3
4 - 2=2
3) логикалық тапсырмалар: Кім шапшаң?
Табақта 5 өрік ------------------------------Көлден ұшты 7 қаз
Қолымда 4 өрік---------------------------- Қайтып қонды 2 қаз
Қосқанда болады -------------------------Қонбады оның нешеуі
Барлығы неше өрік? ---------------------Кәне, кім шешеді?

Ауылда 5 үйрек
Қорада 3 үйрек
1 үйрек жығылды
1үйрек тығылды
Қалғаны неше үйрек?

V. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта не өттік?
Қандай санды қосуды үйрендік?
VI. Бекіту.
Мақтау.
VII. Үйге тапсырма: Кестелік қосуды жаттау.
5 496
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 санын қосу және азайту
1 санын қосу және азайту
Оқушылардың ауызша жылдам, дұрыс есептеуге, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, терең ойлау қабілетін дамыту.
3 санын қосу кестесі
3 санын қосу кестесі
Өткен сабақтарда игерген оқушылардың білімін, икемін, машығын пысықтау, 3 санын қосу кестесін түсіндіру
2 санын қосу кестесі
2 санын қосу кестесі
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акоразова Бактыгул
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×