Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


П дыбысы және әрпі

17 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу сабағы (1 класс)
Тақырыбы: П дыбысы және әрпі
Білім Ханшайымы

Мақсаты:
Оқушыларға п дыбысы мен әрпін меңгерту. Соз ішінде п дыбысының орналасуын білу, сөзді буынға дұрыс бөлу. Сөйлемдегі айтылатын ойды анықтау. Өз ойын сөйлем арқылы жеткізе білу.
Ақыл – ой, таным белсенділігін арттыру, шығармашылыққа дамыту.
Адамгершілікке, парасаттылыққа баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілі: Көрсету, түсіндіру, меңгерту, баяндау.
Қолданылатын жаңа технология: Мағынаны тану, ой толғаныс, ой қозғау, болжау стратегиясы, кластер әдісі
Көрнекілігі: Суреттер, кітаппен жұмыс, №3 жазу үлгі бейнетаспа, слайд, тақтамен жұмыс.

Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
- Білім ханшайымы бүгін бізге класқа қонаққа келіпті. Балалар! Білімді ұландарға түрлі тапсырмалар әкеліпті!

Шарға жазу
Бірнеше шарларды үрлеп дайындау. Әр шардағы буынды оқу по, па, пу, пы, пұ (оқушылар әр қатардан шығып оқиды).
Мәтінмен жұмыс
Кітап
1. Мұғалімнің оқуы
2. Тізбектей оқу
3. Сұрақ жауап: Кітап оқу неге керек?
1 – сурет
Кітап – кітаптар
Дәптер – дәптерлер
Пенал – пеналдар
Қалам – қаламдар

2 – сурет
Кітапханаға Шәріп келді. Кітап сөресі кітапқа толы (әңгіме құрау)

Тірек сөздерді қолдану
ертегі ----- кітап ------ Абай ---------- оқыды
өлең ------ сөре ------- Шоқан ------- жаттады
әңгіме ---- жинақ ---- Ыбырай ------ үйренді

Білім ханшайымының сұрақтары:

1. Шәріп қайда келді?
2. Ол нешінші сыныпта оқиды?
3. Қандай кітаптарды ұнатады?
4. Кітаптарды қайда жинап қойған?

СЕРГІТУ СӘТІ (2 МИНУТ)
Қарлығаш болып ұшайық,
Қане, қанат жаяйық,
Қарлығаш болып ұшайық,
Құстарға қамқор болайық!

Қорытындылау:

Сөздік диктант
5 сөз
Көпір, парта, кемпірқосақ, шопан, қап
Соңы
- Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы
- Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 668
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Оқушыларға Ұ дыбысы мен әрпін таныстыру, сөз ішіндегі ұ дыбысының ерекшеліктерін меңгерту.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
У дыбысының дауысты болып айтылуы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру. Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×