Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар біздің досымыз

24 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
ашық тәрбие сағаты, бастауыш класс

Мақсаты: 1) Оқушыларға құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру
2) Құстардың түрі, тіршілігі туралы білімдерін дамыту, ата - бабамыздың құстарды қалай қастерлеп құрметтегені туралы айтып ой - өрістерін дамыту
3) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, құстардың суреттері мен мүсіндері, ағаш ұялар, буклеттер, слайдтар, интер - активті тақта
Әдісі: Әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын

Барысы:
1. Кіріспе бөлімі (Психологиялық дайындық)
Жаңбыр, жаңбыр, жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың,
Тазартасың ауасын.
- Ендеше сол таза ауамен дем алып көрейік. (балалар тыныс алу жаттығуын жасайды)
Құрметті ұстаздар, оқушылар. Хош келдіңіздер! Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар - біздің досымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз.
- Енді сөзжұмбақ шешеміз, ол үшін мына жұмбақтардың жауабын табу керек.

1) Биікте ұшып жүреді,
Түлкі, қоян бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі? (Бүркіт)
2) Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. (Қарға)
3) Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)
4) Алмас - алмас күшті аңды,
Аулар - аулар тышқанды. (Ителгі)
5) Айдын судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді. (Шағала)
6) Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (Тырналар)
7) Көктемде ерте келетін,
Біз ұя жасап беретін
Ол қандай құс, балалар? (Қараторғай)

- Сонымен сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?
- Табиғат
- Балалар, «Табиғат» дегенде сендердің ойларыңа не келеді? Қане, тақтаға жазайық.
ТАБИҒАТ→ жер, су, адам, орман, өсімдік, құстар, аңдар

Табиғатты құрайтын жанды тіршілік иесінің бірі - құстар. Құстар - табиғаттың әні мен сәні.
1 - оқушы: Табиғат, қандай сұлу, қандай көркем,
Мамырда жасанады гүлдеп ертең.
Сылдырлап бұлақ ағып сай - саладан,
Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.
Мұғалім: Табиғат - халық қазынасы. Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты, күш - қуатты, бар игілік пен жақсылықты ол табиғаттан алады.
- Көктем айларын атаңдар. (Наурыз, сәуір, мамыр). Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай? (тақтаға жазады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 216
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Құстар қайтып келеді!
Құстар қайтып келеді!
Балаларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы Өнер мектебінің мұғалімі Адамиянова Сағат Советқызы
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебіінің бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×