Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


+1+1; - 1 - 1 түріндегі қосу мен азайту

25 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: +1+1; - 1 - 1 түріндегі қосу мен азайту
Сабақтың мақсаты: Сандар қатарының негізінде бөліктер бойынша қосу, азайту тәсілдерін меңгерту. Тірек білімдерін бекіту.
Шапшаңдық дағдыларын арттыру. Мысалдарды математикалық тілде оқуларын қалыптастыру. Есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сабаққа қатысу қалыптастыру.
Тапқырлыққа, бірін бірі сыйлауға, пәнге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, «Математика» оқулығы авт. А. Б. Акпаева, Л. А. Лебедева, В. В. Буровова., Жұмыс дәптері, кеме, балық суреті бар карточкалар.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту сәті
Біз оқушы атандық,
Күн тәртібін сақтаймыз.
Таң ұйқыдан тұрғанда,
Күлімдеп, керілеміз.
Жаттығуды жасап - ақ,
Денсаулыққа көңіл - күйді бөлеміз;
- Қолды бір жоғары, бір төмен,
- Аяқ ұшына тұрамыз.
- Отырамыз, еңкейеміз.
- Жуынамыз, киінеміз.
- Асықпай ішіп таңғы асты.
Мектепте жақсы оқуға тырыс!
Достар, соғылды қоңырау
Сабағымыз басталмақ,
Демалып алдық, бәріміз
Кіріселік жұмысқа
«Математика» күтеді бізді.

Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Мен сендерді теңізге саяхатқа шығуға шақырамын. Нағыз теңізші болғыларың келе ме? (Мұғалім балаларға теңізші жағасын таратады).
Ал қазір сабаққа дайындықтарыңды тексерейін.(Қыздар дайынсыңдар ма? Ұлдар дайынсыңдар ма?)
Біз таңғажайып аралға жүземіз, ол аралдың қожайыны – Математика ғылымы. Өйткені біздің білімімізді сол ғана бағалай алады.
Кемені жүзу үшін,
Ұшақпен ұшу үшін,
Көп білу керек.
Көп нәрсе қолдан келу керек.
Балалар, біздің саяхатымыз қызық әрі қауіпсіз болу үшін барлық білімімізді ортаға салу керек, өйткені қиындықтар кездесуі мүмкін.
Ең тез тапқыш және өте ұқыпты оқушыға медаль таратылады. Сабақ соңында қорытынды шығарамыз.
- Балалар саяхатқа дайынбыз ба? Саяхатқа аттанамыз, дұрыстап ыңғайланып отырайық.(Музыка естіледі, экранда кеме пайда болады)
- Міне, біздің кеме.
Кемемен жолға аттану үшін тапсырманы орындау керек.
3. Ауызша есептеу.
Тікелей есептеу.(партада сандар жазылған карточка. 1 - ден10 - ға дейінгі сандарды ретімен қояды.)
- Ал, осы сандар туралы не білесіңдер?
(оқушылар сандар туралы өлең оқиды)
- Сандар қандай ретпен тұр? (өсу ретімен)
- Кері санаймыз.
Тапсырманы қиындатамын.
- Сандар көршісін атаңдар?
- 4,... 8…, 2….?

- Алдыңғы сандарды ата.
- Осы сандардан кейінгі сандарды ата?
- Жарайсыңдар, біздің кеме жүзіп барады.
Экранда кеме, теңіз, бөтелке көрінеді.
2. Жаңа сабақ

- Ой, балалар, бөтелкені қараңдар? Ол мұнда қалай пайда болды?
Негізінде бөтелкемен хабар жіберген. Көрейік, не бар екен?
(мұғалім пластмасса бөтелкені көрсетеді. Бөтелкеден картаны алады.)
- Балалар мұнда карта. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, әрі қарай қайда жүзетінімізді білеміз.
Экранда карта пайда болады. Онда +1+1;- 1 - 1 түріндегі қосу мен азайту.
- Бұл біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы.
- Қосудың компоненттерін атаңдар?
- Азайтудың компоненттерін атаңдар?
№1 тапсырма
1+ … =2
7 - … =6
4+ … =5
6 - … =5
3+ … =4
10 - … =9
Карта өте ескі, бөтелкеге су кірген, кейбір сандар мен таңба өшіріліп қалған. Оны қалпына келтірейік.
Дәптермен жұмыс
№2 тапсырманы орындату. Таңбаларды қою.
9 … 1=8
8 … 1=9
2 … 1=3
9 … 1=10
8 … 1=7
3 … 1=2
- Жарайсыңдар бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.

5. Сергіту сәті(компьютерде музыкасымен бірге орындайды)
Ары қарай жүземіз.
Экранда балықшылар, қайықтар
- ӨЙ, бұл кімдер? Балықшылар. Олар балық аулап отыр.
Біз де балық аулай аламыз ба?
Біз де балық аулаймыз.
6. «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.
- Балықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Балықтың қандай пайдасы бар?
- Менде балықтар бар. Кім балық аулағысы келеді.?(Оқушылар мысалдар жазылған балықтарды алып, жауап береді)
7. Оқулықпен және дәптерменн жұмыс
Дәптердегі тапсырмаларды орындау.
№3тапсырма
7 - 1 - 1=5
5+1+1=7
3+1+1=5
5 - 1 - 1=3
6 - 1 - 1=4
4+1+1=6
- Жарайсыңдар?
Әрі қарай қараймыз.
- Міне, мен сендерге айтқан арал.
- Бұл аралдың иесі қайда екен?
Математика аралының патшасы кіреді.
Мен сендерді манадан бері бақылап отырдым.
- Сендер тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Жарайсыңдар.!
- Сендерге арналған тағы да тапсырмам бар.
- Бұл тапсырма нағыз тапқырларға арналған.
- Мұқият тыңдаңдар.
Логикалық тапсырмалар:

1. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
2. Көлден ұшты жеті қаз
Қалып қойды екі қаз
Қонбады оның нешеуі?
3. Жұмбақ, өлең оқимын, сол бойынша өрнек құрастыру.
Шомылып жүр үшеуі,
Жағалауда алтауы.
Балалардың барлығын
Санап берші, сен тауып. 3+6=9
- Тақсыр, көмектесуіңізді сұраймын. Осы сабақта қандай балалар өте жақсы қатысты?

8. Қорытындылау.
- Сендерге саяхат ұнады ма?
- Математика ғылымы қызық ғылым ба?
- Ал, біздер якорьді қадап, демалуымызға болады. Тамақтануымыз керек.
- Сабақ аяқталды.
Балаларға медальдар таратылады
4 832
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Математика 5 сынып Ондық бөлшектерді қосу және азайту
26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту
26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту
Қарқаралы қаласының №1 қазақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Рапихова Куралай
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Абишев Жумабек Абдраманович
26+7 және 53 – 7 жағдайларындағы қосу мен азайту
26+7 және 53 – 7 жағдайларындағы қосу мен азайту
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ Бастауыш класс мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×