Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәдени - тарихи мұраларды қорғау

27 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 4 сынып
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сілтеме: Оқулық, презентация, қосымша деректер.
Жалпы мақсаты: Мәдени - тарихи мұраларды қорғау туралы мәлімет беру.
Оқу нәтижесі:
* Мәтінмен танысу;
* Қазақ жеріндегі тарихи мұраларды зерттеу;
* Мәдени мұралардың сақталуы туралы білу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: инсерт, әңгімелеу, жаңа әдіс - тәсілдер, сәйкестендіру, тест, сұрақ - жауап, сөзжұмбақ, сөздікпен жұмыс.
Сабақтың форомасы: жұптық, топтық.
Сабақтың ресурстары: кеспелер, суреттер, инсерт кестесі, тест, стикер, интербелсенді тақта.
Оқуға арналған тапсырмалар: Тақырыптық оқу

І Ұйымдастыру кезеңі: Топқа мазайкамен бөлу (қызыл, көк, жасыл, ақ )
І топ - Хеопс пирамидасы
ІІ топ - Үлкен сфинкс
ІІІ топ - Семирамиданың аспалы бағы
ІV топ - Александрия манары
Суретте не бейнеленген? – (суретті құрастырған оқушы топ жетекшісі болады)

ІІ Үй жұмысын тексеру: Әр топ құрастырған суреттеріне байланысты 2 сұрақтан дайындап, келесі топқа сұрақтарын қояды. (топ жетекшісі бағалап отырады)
Мотивация: Сөзжұмбақ арқылы жеті деген сөзге шығу, презентация көрсетіледі. Жеті керемет деген не?
1. Тудың синонимі.... (жалау)
2. Адамды адам еткен не?....( еңбек)
3. «хират» сөзін теріс яғни соңынан алға қарай оқы....( тарих)
4. Білекті бірді жығар, қандай адам мыңды жығар? (білімді)

Мәдени - тарихи мұра. Сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?
Оқушылар алдарына мақсат қояды:
* Мәтінмен танысу
*Қазақ жеріндегі тарихи мұраларды зерттеу
*Мәдени мұралардың сақталуы туралы білу
Оқулықтағы мәтінді топтарға бөлемін. Мәтінді бөлімге бөлу: 1 - 2 - 3 - 4 бөлім.
Мәтінді оқи отырып, инсерт кестесін толтырыңыздар.
Ал балалар, мәтіндегі қандай сөздер түсініксіз болды?
Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізу:
- Тарихи мәдени ескерткіш
- ЮНЕСКО
- Озық үлгілер
- Мазары, күмбез

Мұғалім: Мәдени - тарихи мұраларды не істейміз? Оқушылар әр түрлі жауаптар айтады. (топ басшылары белгілеп отырады)
Оқушылар:..........................
Сергіту сәті: қара жорға.
Қ/Д - М: Балалар, қазақ жеріндегі мәдени мұралармен танысамыз, топ басшылары келіп, тапсырмаларды алыңыз. (конверттен сурет пен қосымша деректі алып, постерге енгізеді, одан соң қорғайды).

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі — аса үлкен күмбезді құрылыс. Оның ені — 46, 5 м, ұзындығы — 65 м. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы — 1, 8 — 2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы — 3 метр. Бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
Қазандық;
Үлкен Ақсарай;
Кіші Ақсарай;
Құдықхана;
Кітапхана;
Асхана;
Көрхана;
Мешіт.
Қожа Ахмет Иасауи бірнеше тілдерді біледі: араб, шағатай, парсы, түркі тілдері, осы тілдерде өлең жазады.
Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.

Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды.

Айша бибі кесенесі — ХІ - XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған. Кесене құрылысын 1897 жылы В. А. Каллаур, 1938 - 1939 жылдары А. Н. Бернштам бастаған Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы зерттеген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3, 4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар сызық жүргізілген. Солардың біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған.

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болды. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталды.

Тестті орындайық 1 минут беремін. Ал енді парақтарымызды жұппен ауысайық, тақтадан тесттің кілті арқылы тексерейік, ұпайларын топ басшысына айтыңыз.
1. Алғашқы адамдар жануарлардан несімен ерекшеленді?
А) қимыл - қозғалысымен
Ә) айла - тәсілімен
Б) сөйлеу тәсілімен
В) өсіп - өнуімен
2. Алғашқы адамның ақыл - ойын, қиялын жетелеуші не болды?
А) аспан
Ә) жұлдыз
Б) таулар
В) табиғат
3. Алуан түрлі ғимараттар салуды неге қарап зерделеді?
А) құстың ұшуына
Ә) бал арасының ұясына
Б) табиғат құбылысына
В) балықтың жүзуіне
4. Мысыр (Египет) еліндегі алып кереметтің бірі?
А) Хеопс пирамсидасы
Ә) Александрия манары
Б) Зевс мүсіні
В) Родос алыбы
5. ЮНЕСКО - ның есебіне алынған тарихи өнеріміздің озық үлгісі?
А) Айша бибі кесенесі
Ә) Алтын адам
Б) «Медеу» мұз айдыны
В) Республика сарайы
6. Қожа Ахмет Яссауи қандай тілді меңгерген?
А) парсы
Ә) қытай
Б) қазақ
В) ағылшын
7. Алтын адамның киіміндегі алтын әшекейдің саны қанша?
А) 7 мыңға жуық
Ә) 1 мыңға жуық
Б) 5 мыңға жуық
В) 4 мыңға жуық
М: Үстелдің үстінде шеңберде берілген тақырып бойынша керекті сөздерді ақылдасып шеңберге енгізу керек, осы тапсырманы топ басшысы шығып, интербелсенді тақтада орындайды.
Балалар, лимон ағашына 2 тілек, 1 пікір жазыңыз, ал топ басшылары жалпы ұпайларды санасын.
М: топ басшыларының қорытындысын тыңдайық.

Бағалау: 5, 4, 3, 2.
Сабақты ұранмен аяқтау:
Бүгін маған керек емес ертегі,
Ертегіні өз басымда шертеді.
Тарих керек іргетасы халықтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
12 818
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 6. 3. 1. 9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау; 6. 2. 3. 4 – М. Х. Дулатидің «Тарихи - Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру; 6. 3. 1. 10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.
1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің жай - күйі туралы жан - жақты мағлұматтар беру.
Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері
Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аштаева Гүлжан Маханқызы
Сақтардың мәдениеті
Сақтардың мәдениеті
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
1867 - 1868жж. Орал және Торғайдағы көтерілістері. 1870ж. Маңғыстаудағы көтеріліс
1867 - 1868жж. Орал және Торғайдағы көтерілістері. 1870ж. Маңғыстаудағы көтеріліс
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің тарих және география пәні мұғалімі Қалиева Гүлжанат Шайхымадинқызы
Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты - тарихи дерек ретінде
Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты - тарихи дерек ретінде
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ орта жалпы білім беру мектебі Әбдібекова Назкен 8 класс Жетекшісі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×