Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қой (ғой ), қана (ғана), - ақ шылаулары

28 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қой (ғой ), қана (ғана), - ақ шылаулары
Сабақтың мақсаты: 1) Қой, ғой, қана, ғана, - ақ шылаулары өздері қатысты болып келген, сөздерге шектеу, нақтылау, өтіну мағыналарын үстейтіндігі туралы түсінік беру. Шылау туралы алған білімдерін қорытындылау.
2) Білім деңгейлерін нығайту, жетілдіру. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Сауатты, көркем жазуға, ізденімпаздыққа, мақсатқа жете білуге, көпшіл, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, тест, үлестірмелі карточкалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі.

І. Ұйымдастыру.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру.
1. Мұғалім сөзі.
2. Психологиялық икем. (1, слайд. Қоңырау, күн)
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.
Жарқын күн, жарқын күн!
Біз сені сүйеміз!
Біз сенен сұраймыз!
Бер бізге жарқын күн,
Бейбіт күн жылауын.
Бер бізге жарқын күн,
Денсаулық, ізгілік.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерінен үй тапсырмасын тексеремін ж/е 4 - 5 оқушы әңгімелерін оқиды).
аты екен.
2. Балалар, бүгінгі сабағымызда біз «Шылау» қаласының ауылына саяхат жасаймыз. Саяхатқа автобуспен барамыз.
2 - Слайд. (Автобустағы балалар ).
3 - Слайд. (Карта. Сөз таптары елі).

2.«Ой шақыру» стратегиясы
2) Өткенді пысықтау.
1. Мына картадағы сөз таптары елі онда, бір неше ірі қалалар бар оны біз 2, 3 сыныптардан бері білеміз. Біз білмейтін «Одағай» қаласы туралы келесі сабақтарда танысамыз.
Бүгін ерекше тоқталатынымыз «Шылау» қаласы ж/е оның ауылдары.
4. Слайд қаланың
- Ендеше, балалар «Шылау» қаласы туралы не білеміз.
- Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз.
- Шылаулар: мен, бен, пен, ж/е, да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, па, пе,
Дейін, шейін, үшін, туралы қана, ғана, қой, ғой, - ақ,.
- Жақсы, шылау қаласы туралы білетін болдық. Енді оның ауылдары туралы не білеміз.
5 слайд. Ары қарай тереңірек білу үшін төмендегі торкөзді сөз жұмбақты, сөз терім ойынын ж/е ребусты шешуіміз керек. Шешуіндегі сөздер ауыл көшелерінің атын табайық.
1. Өз ойынан, кезкелген уақытта өлең шығаратын адам? (АҚЫН)
2. Қойбағатын кісі? (ШОПАН)
3. Ас атасы – нанды пісіріп, дайындайтын адам? (НАУБАЙХАНАШЫ)
сағат, анар, нан, арбуз
Ғ А Н А Шешуі: ғана деген сөз шықты
- Демек балалар
Ауыл көшелері қой (ғой), қана (ғана ), - ақ деп аталады екен.
6 - Слайд. (5 - Ауылдың суреті) ауылға келдік
- Сөз бен сөзді байланыстыратын ауыл туралы не айтамыз.
- Мен, бен, пен, ж/е шылаулары сөз бен сөзді байланыстырады.
- Сөзге күшейту, анықтау мағыналарын үстейтін ауыл туралы ше?
- Да, де, та, те шылаулары өзі тіркескен сөздеріне күшейту анықтау мағыналарын үстейді.
- Сөздерге сұраулық мағына үстейтін ауыл туралы кім айтады?
- Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары өздері қатысты сөздерге сұраулық мағына үстейді. Қайталаған ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының арасына үтір, соңғысынан кейін сұрақ белгісі қойылады.
- Сөзге үстеме мағына беретін ж/е сөздің септік жалғауда тұруын қажет ететін ауыл туралы не білеміз?
Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауда тұруын қажет етеді.

3. «Топтастыру» стратегиясы
Шылаулар
мен, бен, пен, және;
да, де, та, те;
қана, ғана, қой, ғой, - ақ;
дейін, шейін, үшін, туралы;
Ма, ме, ба, бе, па, пе.

7. слайд. Ауыл суреті.
3. Жаңа сабақ. (түсіндіру, ережесін айту)

8. слайд. Бүгінгі күн, тықырып.
1 - Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді, тықырыпты жазып аламыз.
Енді 31 - жаттығуды ауызша орындап, шылауларды тауып, өзге шылаудан айырмашылығын айтамыз (оқулықпен жұмыс жасаймыз )
Ғана, қана - ақ, шылаулары өтініш, шектеу, даралау мағыналарын үстейді. Баяндауыш болды. Ақ - шылауы дефис арқылы бөлек жазылады.
10 - Слайд. Бұлақтың суреті.
-«Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақыл сөз бар, балалар. Ауыл шетінде бұлақ бар екен бірақ, оның көзі жабылып қалыпты.
Біз 32 - жаттығуды орындап, білімімізді көрсете отырып бұлақтың көзін ашайық.
11 – Слайд. (Жазуға арналған бос )
Тапсырманы орындап болып, бұлақтың көзін ашамыз.
12 Слайд. Сергіту сәті: Көбелек суреті
Көбелек тұрып ертемен
Күлімсіреп керілді де,
Бір дегенде – шықпен бетін жуды ғой
Екі дегенде – шырайналып жүрді ғой
Үш дегенде – ғана қанат қағып,
Төрт дегенде – биікке ұшып кетті ғой.
13 - слайд. Қызғалдақтар
- Балалар, ауыл деген қандай керемет, айнала жасыл желек, шөптер, қырдың қызғалдақтары да жайқалып өсіп кетіпті.
Ендеше осы гүлдерден теріп алып жақындарымызға, достарымызға сыйлайық. Олар жәй алына салмайды, тапсырманы дұрыс орындасқаны оны теріп аламыз. Бұл қызғалдақтары теру үшін мына тапсырмаларды орындайық.
1 топ Эссе жазу «Қырдың қызғалдағы»
2 топ Мақал – мәтел шылау сөзі бар.
3топ Сурет бойынша әңгіме құрау
33 жаттығу ауызша орындалады
14слайд
- Венн диаграмма құрады. (оқушылар)
- Мағынасын үстейтін шылауды ата?
Сөзбен сөзді байланыстыратын шылауларды ата?
Екеуіне ортақ не? шылау

15 - слайд. Ауыл адамдары көшеге көшеттер отырғызып жатыр. Біз де оларға көмектесейік, ол үшін 34 - жаттығуды орындай отырып, көшеттер отырғызайық.
16 - слайд. Сұрақ жауап алу
Құстарға өз ұясын табуға көмектесейік. 36 - жаттығуды орындау. Ғой, ғана, - ақ шылауларына сөйлем құрап жазу.

ІV. Қорытынды.
- Тест тапсырмаларын орындау.
– Балалар, тест тапсырмаларын дұрыс орындап жақсы нәтиже көрсетсек, осы ауылдың сыйлы аталарының бірі сендерге батасын береді.
17 - слайд. Тест жауаптары.
1. Сөз бен сөзді байланыстырып тұрған шылауларды тап.
а ) Да, де, та, те б ) Мен, бен, пен, ж/е в) Үшін, туралы, дейін
2. Сөзге күшейту, анықтау мағыналарын үстейтін шылауларды тап.
а) Ма, ме ба, бе, па, пе б) да, де, та, те в) Үшін, туралы, дейін, шейін
3. Шылауды тап.
а) Айгүл сабаққа келді. б) Күн жылынды. в) Көп білу үшін көп оқу керек
4. Көмектес септіктің жалғауы тап.
а) мен, пен, бен б) қой (ғой), қана (ғана) в) те, та, да, де
5. Баяндауыш шылауды тап.
а) Ілгері жүрді. б) Мен жаздай демалдым. в) Тез оқи ғой.
6. Сөздерге сұраулық мағына үстейтін шылау
А) Мен, бен, па, пе Б) Ма, ме ба, бе, в) Үшін, туралы, де, та,
1 - б, 2 - б, 3 - в, 4 - ә, 5 - в, 6 - б
6 сұрақ дұрыс болса - «5»
3, 4 сұрақ дұрыс болса - «4»
3 сұрақ дұрыс болса – «3»
(Оқушылар өзара алмасып тексереді)
18 - слайд. Атаның бата беруі.

Бағалау. Рефлексия.
19 - слайд. Төрт түрлі смайликтар.
Әркім өз біліміне, көңіл күйіне қарай тиісті смайликтерді таңдайды.
1. – Кім бәрін түсіндім, сабаққа белсене қатыстым, өте жақсы жауап бердімдесе 1 - смайликті таңдайды, яғни өз күнделігіне «5» қояды.
2. – Жаңа сабақты түсіндім, бірақ белсене қатыспадым, жақсы жұмыс істедім деп ойласа 2 - смайликті таңдайды, өзіне «4» деген баға қояды.
3. – Кім ойланатын нәрсе бар, бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе – 3 - смайликті таңдайды, яғни «3» деген баға.
4. – Ал өте көңілсіз фигураны ешкім таңдамайды деп ойлаймын, өйткені бәрің еңбектеніп, сабаққа қатысып отырсыңдар.
V. Үйге тапсырма: Ережені жаттау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 342
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері бойынша оқушыларда білім қалыптастыру. Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, оқушының белсенділігін арттыра отырып, өзін бақылауға, бағалауға дағдыландыру.
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының өздері қатысты сөзге сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінік беру, олардың емілесін меңгерту.
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға қосу және азайту жағдайындағы білімдерін кеңейту. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есеп шығаруға деген қабілеттерін дамыту;
Шылау қой (ғой), қана (ғана),- ақ шылаулары
Шылау қой (ғой), қана (ғана),- ақ шылаулары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айманкүл
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Cара
Шылау
Шылау
ШҚО Аягөз қаласы КММ «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» бастауыш сынып мұғалімі Слямгазина Нургуль Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×