Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар әлемінің сан алуандығы. Жануарларды қорғау

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақ. Дүниетану 4 - сынып

Тақырыбы: Жануарлар әлемінің сан алуандығы. Жануарларды қорғау
Мақсаты:
Білімділік: Жануарлар әлемінің сан алуандығы, олардың тіршілігі туралы түсінік беру. Көзге түскен жануарларды бақылап жүруге баулу. Жануарлар жайлы қызықты материалдар жайлы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлау және есте сақтау қабілетін, дүниетанымдарын арттыру. Әсемдік талғамдарын қалыптастыру. Әртүрлі қызықты мәліметтер бере отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін шыңдау

Тәрбиелік: Табиғатты сүйе отырып және түсіне білуге баулу. Жануарларды корғауға, күтіп, бағуға үйрету. Байқампаздыққа баулу.

Көрнекі құралдар: тірек сызба, жануарлар суреттері, ребус
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Өтілу әдісі: сұрақ - жауап, топтау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қоршаған орта әлемі,
Не деген көркем әдемі.
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық.

Үй тапсырмасын тексеру:
а) Өсімдік түрлерін ата.
ә) Ылғалсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді, жарықсүйгіш және көлеңкеге төзімді, жылусүйгіш және аязға төзімді өсімдіктерді ата.
б) Қандай өсімдік біржылдық, екі жылдық және көп жылдық деп аталады?
в) Қандай өсімдік жабайы, ал қандайы мәдени деп аталады?
г) Өмір сүру ортасы деген не?
е) Өсімдіктерді қорғау үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

Сөзжұмбақ шешу.
1. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты жан шыдамас үндері бар. (жолбарыс)
2. Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен. (аю)
3. Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорыққан. (жылан)
4. Ай астында ақ мамық,
Жатыр суды жастанып. (аққу)
5. Торпаң - торпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған. (тасбақа)
6. Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды. (өрмекші)

Жаңа сабақ.
Табиғатта жануарлардың көптігі соншалық. Олар туралы ұзақ әңгімелеуге болады. Жануарлар бірнеше топқа бөлінеді.
Жануарлар

Сүткоректілер, жәндіктер, қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылар, құстар

Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді өзім оқимын.
Содан балаларға оқытамын.
Балалар жануарларға тағы мынадай топтар жатады екен.
Олар: өрмекшітәрізділер
былқылдақденелілер
құрттар

Сергіту сәті:
Табиғат қандай тамаша
Тоймаймыз біз де тамсана.
Аңдар еркін жүреді
Балықтар шіркін жүзеді.
Табиғаттың жыры көп
Табиғаттың сыры көп.

«Сен білесің бе?»
Кенгуру артқа қарап жүре алмайды
Төрт тізесі бар жалғыз аң - піл
Бегемоттар су астында туады
Керіктің тілі қап - қара
Басымен тұра алатын жалғыз аң - піл
Жыландар қоректенбей 3 жыл ұйықтай алады
Ұлудың тістері тілінде орналасқан
Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды
Кесіртке судың бетімен де жүре алады
Пілдер бір - бірімен өзара 50 шақырымға дейінгі қашықтықта ұғыса алады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 536
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жануарлар әлемінің алуан түрлігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлігімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету. Ой - қиялын, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын молайту.
Жануарлар немен қоректенеді?
Жануарлар немен қоректенеді?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Абенова Жанарай Сагыйбатовна
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарамолдаева Мақпал Нұранқызы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×