Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жемістер. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан. Астана.
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Жемістер. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушының дыбыс түрлері жайлы түсініктерін қалыптастыру, жемістер туралы әңгіме жүргізу;
2. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау дағдыларын дамыту;
3. Оқушыларды тазалық пен әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, жемістердің суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындатамын.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

ІІ. Өткенді қайталау:
Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Көкөністер жайлы әңгімелетемін.
Сұрақтар қоямын.
- Балалар, көкөністерге нелер жатады?
- Көкөністердің қандай түрлері болады?
- Көкөністерді қалай өсіреді?
Оқулық бойынша пысықтап, әңгімелеу.
Сергіту сәті
Кел балалар, ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық,
Үзіп алып бақтардан,
Жолдастарға сыйлайық.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Балаларға жемістер туралы айтып түсіндіремін.
Суреттері арқылы жемістермен таныстырамын.
Балалардың өздері білетін жемістері туралы сұрап әңгімелеу.

Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы суреттерді таныстырамын.
Алма, шие, алмұрт, өрік.
Әр сөйлемде неше сөз барын анықтатамын.
Әр сөзде неше дыбыс бар, неше буын барына көңіл аудартамын.
Оқулықтағы суреттер бойынша оқушыларға сөйлемдер құратамын.
Алманың түрлері көп.
Балаларға жемістердің суреттерін көрсете отырып, дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратамыз.
Тақтаға сөздер жазып, сол сөздер арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстар жайлы түсінік беремін.
Оқушыларға «Жеміс бағында» өлеңін оқып беріп талдау.
Жеміс бағында
Бағбан ата Бименге
Үшке толған шағында.
Аралатып көрсетті
Жемістерді бағында.

Мынау - алма, айналдым,
Түрлі - түрлі болатын.
Бірі ерте, бірі кеш,
Кезектесіп салатын.

Мынау өрік күнім
Ерте ашар гүлін.
Қара өрік, сары өрік,
Ектім екі түрін.

Мынау шие шырағым,
Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Ұрлыққа торғай түседі.

Мынау анар құлыным,
Қабығы қалың болатын.
Мөлт - мөлт еткен түрлері,
Моншақты еске салатын.

Бағымда менің қарағым,
Жеміс - жидек тағы бар.
Қарақат, алма, құлпынай.
Дастарқаннан табылар.

Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттерді боятамын.
Оқушыларға 9 - беттегі материалдарды пайдаланып сызу жұмыстарын жүргіземін.
Суреттердің атауларын сөз схемасына салдыртамын.
ІҮ. Сабақты қорыту:
6 588
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау, 1 - сыныпта өткенді еске түсіру.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністерді ажыратады. Дауысты дыбыстарды ажыратып жазады
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздегі орны туралы түсінік беру, берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету П дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау, сөйлемдер құрату. Танымдық іс - әрекеттер арқылы ой - өрісін, тілін дамыту
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т3. Хабарламаны тыңдау жəне мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сəйкес иллюстрация /заттық сурет/ сызба таңдау
Менің Отаным - Қазақстан. Астана
Менің Отаным - Қазақстан. Астана
Бастауыш сынып мұғалімі: Ерғалиева Ақнұр Түлкібайқызы
Аңдар. Үй жануарлары. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын)
Аңдар. Үй жануарлары. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын)
Бастауыш сынып мұғалімі: Ерғалиева Ақнұр Түлкібайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×