Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5 санын қосу және азайту

02 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Мақсаты: 1) бұрын меңгерген білімдерін қолдана отырып, жаңа тақырыпты игеру, 5 санын қосу және азайту кестесін меңгерту, ондықтан аттап қосуға, разрядтық қосылғыштарға жіктеуге үйрету;
2) сабақты ойын түрінде өткізе отырып, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, санын құрамын анықтау, есепті талдау, математикалық тілде сөйлеу дағдыларын дамыту;
3) оқушыларды шапшаңдыққа, белсенділікке, нақтылыққа, жалпылама ойлануға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, ойын, жаттығу, көрнекілік, әңгімелесу, талдау.
Түрі: дәстүрлі емес (ойын сабағы)
Типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: кестелер, қима қағаздар, ақыл тақтасы
Кезеңдері

Өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Отырыңыздар. Бүгін математика сабағында сіздермен Жазира апайларың болады.
Логикалық тапсырма
Тақтадағы гүлге назар аударыңдар
Неше үшбұрыш бар?
Неше шаршы бар?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта қандай тақырып өттіңдер?
Үйге қандай тапсырма берілді? Ауызша тексеріледі.
ІІІ. Өткенді жан - жақты қайталау. Математикалық диктант
Дәптерлерімізге бүгінгі күнді жазып қоямыз. Қазір математикалық диктантты орындаймыз. Дәптердің шетіне м. д. деп жазып қойыңдар.
4+3=7 -------------- 5+1=6 --------- 2+3=5
9+4=13 ------------ 12 - 3=9 ------- 9 - 1=8
10 - 3=7 ------------ 8 - 4=4
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық.
Қайратта бар бір гүлі,
Жанатта бар бір гүлі,
Қанатта бар екі гүл
Санатта бар бір гүлі,
Қоссақ барлық гүлдерді
Нешеу болды шешуі? (5)

Ү. Жаңа сабақ.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы 5 санын қосу және азайту.
Қандай сандарды қосқанда 5 шығады?
Яғни бұл сандар 5 санының құрамына жатады.
5+5 шешуі неше болады?
Яғни толық ондық. 6 - ға 5 - ті қосайықшы.
Алтыға қандай санды қосқанда 10 болады? (4)
Ендеше алтыға 4 - ті қосамыз, сонда тағы шаршы қалады? Бірінші жолда он шаршы. Бұл ондықты білдіреді. Ал екінші жолақшада бір шаршы, бұл бірлікті білдіреді. Сонда неше алты мен бестің қосындысынан неше шығады? (он бір)
7+5=12
8+5=13
9+5=14
Бірақ дәптерге біз былай жаза алмаймыз ғой. Оның тағы бір тәсілі бар.
6+5=□
11 - 5=□
(6+4)+1=□
(11 - 1)- 4=□
«Поле чудес» ойыны
Сендер «Поле чудес» деген ойын туралы естідіңдер ме?
Бүгін біз осы ойынды ойнаймыз.
Ойынның шарты бойынша барабанды айналдырғанда түскен санның артындағы тапсырманы орындаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 766
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Екі санын қосу және азайту
Екі санын қосу және азайту
2 санын бөлшектеп қосу және азайту тәсілін қолдану, 2 санын бөлшектеп қосып және азайтуды біледі, ондықтан аттап 2 санын қосу және азайту тәсілдерін біледі.
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Шахта орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Н
2 санын қосу және азайту
2 санын қосу және азайту
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×