Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарының пәндер олимпиаданың ашылу салтанаты

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
СҚО, Ақжар ауданы,
№2 Ленинград орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Байгожина Асемгуль Серикбаевна

Бастауыш сыныптарда пәндер бойынша олимпиадасының ашылу салтанатының сценарийі
Фанфары
Египет киімін киген 2 қыз шығады.
І египет қызы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
ІІ египет қызы: Бүгін №2 Ленинград орта мектебінде Ақжар ауданының бастауыш сыныптары арасында пәндер олимпиадасы өткелі жатыр.
І египет қызы: Жарыстан қапы қалып қоймаңыздар!
ІІ египет қызы: Өз білімдеріңізді көрсетуге асығыңыздар!
І египет қызы: Қайырлы күн, Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
ІІ египет қызы: Бүгінгі бастауыш сыныптар арасында өтетін аудандық пәндер олимпиадасына қош келдіңіздер!
І египет қызы: Жалпы олимпиадалар ертеден қалыптасып, келе жатқан сайыс. Алғашқы сайыс Олимп елінде өткен. Бұл сайысқа Зевс құдайдың бес ұлы қатысыпты. Ағайындылардың үлкені Геракл барлық сайыстарда жеңіске жетіп, зәйтүн жапырағынан жасалған тәжімен марапатталыпты.
ІІ египет қызы: Сол күннен бастап Геракл 5 жылда 1 рет осындай сайыстар өтетінін жариялады. Олимпия елінде өткен жарыс құрметіне барлық спорт және білім жарыстарын бүгінгі күнде Олимпиада деп атайды. Бүгінгі біздің өткізгелі жатқан Олимпиаданың мақсаты ең білімді, ең үздік, ең озат оқушыларды айқындау.

І египет қызы: Олимп елінің елшісі (рим музыкасы, елші шығады)
Елші: Бүгінгі бастауыш сыныптар арасындағы пәндер олимпиадасының өтілуі құтты болсын. Биылғы олимпиада ерекше, өйткені бастауыш сыныптар олимпиадасы аудан бойынша бесінші рет өтілуде. Бұл сайысқа аудан мектептерінен таңдаулы, білімді, зерек оқушылар келіп отыр. Сендердің білімдерің болашақта мектептің, ауданымыздың, еліміздің көркеюіне зор үлес қосады деп сенемін.
Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң.
Бүгінгі олимпиаданың ашылу салтанатына білім елінің есігін ашатын кілтін ала келдім. Олимпиада №2 Ленинград орта мектебінде өтетін болғандықтан бұл кілтті осы мектептің директоры Сайран Қадылқанқызына табыс етуге рұқсат етіңіздер. (фанфары, кілт табыс етіледі)

ІІ египет қызы: Аудандық бастауыш сынып оқушыларының пән олимпиадасы ашық деп жариялаймыз.
І египет қызы: Салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Ережепова Сайран Қадылқанқызына беріледі.
ІІ египет қызы: Аудандық білім бөлімінің әдіскері Бастыбаева Азиля Егінбайқызы.
І египет қызы: Олимпиада қатысушыларын құттықтау мектеп оқушыларына беріледі.

1 - оқушы:
Қайсарлы Қазақстан ұланымыз
Еліме лайық болу ұранымыз.
Шығарып қазақ атын бар әлемге,
Сөнбесін әрқашанда жыр - әніміз.
2 - оқушы:
Бақытты елдің, ұл - қызымыз
Әркімнің маңдайдағы жұлдызымыз.
Елдерді бір - бірімен жалғайтұғын,
Болашақтың ертеңгі ұланымыз.
3 - оқушы:
Бақытты балғын баламыз,
Өседі ой санамыз.
Білімнің нәрін сусындап,
Биікке самғап барамыз.
4 - оқушы:
Балалар, бұл – жол басы даналыққа,
Келіңдер түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
5 - оқушы:
Шырқаймыз асқақтата жыр әнді біз,
Қашаннан қайсар елдің ұланымыз.
Ертеңге қанат қағып самғайтұғын,
Қорғаны болашақтың қыранымыз.
6 - оқушы:
Жарысып ойнап желменен,
Биікке талмай өрлеген.
Бағыттан тайып көрмеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
7 - оқушы:
Көңілін қиял кернеген,
Өмірін шаттық тербеген.
Ертеңге қанат сермеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Ән «Үйретеді»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Египеттегі ғылым мен мәдениет
Египеттегі ғылым мен мәдениет
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылы. Тарих пәні мұғалімі: Есеналин Акылбек Габиденович
Жыл мезгілдері (Ертегі)
Жыл мезгілдері (Ертегі)
Атырау қаласы, Дамбы селосы, Амангелді орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы Зиннор Мерейлі Шығармашылыққа баулыған ұстазы Урбисинова Маржан Кубегенқызы
Ақылды қыз (Ертегі)
Ақылды қыз (Ертегі)
Байқоңыр қаласы, Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы №14 бастауыш мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Мұхамедқалиева Сымбат
Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі аудандық олимпиада
Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі аудандық олимпиада
Атырау облысы, Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімі Досанова Гулзар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×