Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күзгі қарбалас Б.Тәжімбетов

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Күзгі қарбалас Б. Тәжімбетов
Сабақтың мақсаты:
1. Өлең мазмұнынан ақынның күз тіршілігінің бейнесін шығаруын түсіндіру;
2. Өлең тақырыбы мен мазмұнындағы қозғалыстағы тіршіліктің заңдылығын түсінуге мүмкіндік беру арқылы талдау, ойлау, ізденуге жағдай жасау.
3. Тіршіліктегі әдемілікті көре білуге, ести білуге әдемілікті сезінуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі. Мәтін, плакат, маркер, жеміс, көкөніс, дәнді - дақылдар, т. б.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар жылулық шеңберіне тұрып өзі туралы жақсы сын есім сөзді айтып таныстырады
- Оқушылар, мен сендерге бүгінгі күндерің нұрлы болып, сабағымыз жақсы өтсін деп тілеймін.
Олай болса, ақындар, жазушылар, суретшілер бөлініп отырады.
1. Қызығушылықты ояту
Жұмбақтар жасыру
1 - топ ортаға шығып жұмбақтарын жасырады.
1. а) Халық оны айтады,
Дәм басы – деп.
б) Оны бір қолмен сындыруға болмайды.(нан)
2.
1. а) Күнге бетін бұрады
Өзі қара дөңгелек, дәні ақ.
б) Ана және бала оны жақсы көреді.(Күн бағыс)
3. а) Найзаға сары тістер тізілген,
Өзі тәтті (Жүгері)
2 - топ ортаға шығып жұмбақтарын жасырады
1. а) Сыртыда қызыл, ішіде қызыл,
Өзі жұп - жұмсақ, дәмі жақсы (қызанақ)
2. а) Сырты қынасары, шашы немесе айдары жасыл. (сәбіз)
3. а) Қабат - қабат тоны бар, дөңгелек өзі ащы (пияз)
3 - топ ортаға шығып жұмбақтарын жасырады
1. а) Дөп - дөңгелек доптай,
Жасыл, сары, қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсем,
Одан дәмді жоқтай (алма)
2. а) Сырты жұмсақ іші қатты,
Ағашта балбырап пісті (алхоры)
3. а) Жасыл қара маржанды,
Жіпке инемен тізгендей,
Өзі сондай жұмсақ өзі сондай тәтті (Жүзім)
- Қай мезгілде дәнді дақылдар, жеміс - көкөністер пісіп, молшылық
болады?
- Күз мезгілінің қандай екі түрі болады?

3. Миға шабуыл
1 - топ Алтын күзде табиғат қандай болады?
Ойларыңды жазыңдар.
- Бидай сап - сары болып піседі
- Бақшада көкөністер піседі.
- Жапырақтар сарғаяды.
- Күннің көзі нұрын шашады.
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Салқындау самал жел еседі.
- Бақта алма - жүзім балбырап піседі.
- Бидай сұлы, арпа қауызына сыймайды.
- Оқушылар мектепке барады.
2 - топ Қоңыр күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Жер бетін қоңыр, қызыл, сары жапырақтар кілемдей жабады.
- Күн суытып, түнде салқын түседі.
- Адамдар жылы киінеді.
- Жиі суық жаңбырлар жауады.
- Кей күндері бұршақ жауады.
- Тұман түсіді.
- Жан - жануарлар қыс мезгіліне дайындалады.
- Күн қысқара бастайды.
Қырман астыққа толады.
-
3 - топ Күзгі еңбек түрлерін қағаз бетіне түсіре қойыңдар.
- Астықты орады, қырманға тасиды.
- Картоп, көкөністерді жинайды.
- Оңтүстікте жеміс – жидек жиналады.
- Адамдар үйлерін жөндейді.
- Ауылда малдарға шөп дайындайды.
- Отын дайындап, бақшаларын жиыстырады.
- Құстар ұяларын, жануарлар апандарын дайындайды.
• Күз туралы жақсы айттыңдар, ал қарбалас сөзін қалай түсінесіңдер?
- Қай уақытта адамдарда қарбалас жанталасу болады№
- Тойдың алдында, мерекелерде, жолға шыққанда болады.
- Дұрыс айтасыңдар ақын Б. Тәжімбетов күз гі қарбаласты көріп
Осы өлеңді жазған екен.
4 - Мағынаны тану
• Өлеңді оқып беру Топ басшыларын сайлау
• Іштен оқыту
• Оқушыларға оқыту
• Өлеңнің мазмұнын жұпта айтқызу
• Жанұя басшыларын ауыстыру.
• Ор топтан 1оқушыдан мазмұндату

Әр топқа сұрақтар беру, талдау, дәлелдеу
3 - топ Ұйқасын тап.
2 - топ Теңеу сөздерді тап.
1 - топ Өлеңде оқиға бар ма?
Ой толғау
1 - топ 5 жолды өлең жау
2 - топ Күз тақырыбына эссе жазу
3 - топ Өлең мазмұнына коллаж жасау
Қортынды
• Ма қал - мәтелдер сайысы
Топта бағалау
Бағалау
Рефлексия
Сабақ өте ұнады
Сабақ жақсы
Ұнаған жоқ
7 887
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін
Алтын күз ертеңгілігі
Алтын күз ертеңгілігі
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күзгі ағаш
Күзгі ағаш
Атырау облысы, Индер ауданы, "Райхан" балабақшасының тәрбиешісі Нугманова Қалампыр Қабдысалыққызы
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудан Жаңабұлақ ОЖББМ – ің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Күз
Күз
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×