Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен әдепті боламын!

16 мам 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: 1) оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға үйрету;2) шыншылдыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға баулу; 3) оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Барысы.
Кіріспе.
- Бүгінгі іс-шара жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Өмірде бұл құбылыстар қатар орын алған. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстаған жөн.
I бөлім.Әдеби – музыкалық монтаж.”Не деу керек?”
1) Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.
2) Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
4)Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді ? (Көмектесейін) деу керек.
5) Кіші үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса.
Ол қандай бала? (Әдепті)

II бөлім. ”Мақал – мәтелдер”
Оқушылар білген мақал-мәтелдерді айтады.
III бөлім. Сұрақ-жауап. Ізгілік, әдептілік, адамгершілік жөнінде.
Мұғалім:
1)Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? (ұқыпты)
2)Таудай биік талабы
Жақсы оқитын балан
Кім дейміз? (үлгілі)
3) Бақшаны суарып, келеді су алып,
Қояды жайнатып, самаурын қайнатып.
Ол қандай бала? ( еңбекқор)
4) 5 асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
5) 5 дұшпан ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
III бөлім.”Сайыс”( жақсы, жаман әдеттер)
Оқушыларды жақсы әдеттерді, жаман әдеттерді айтқызып жарыстыру.
( Бұл жарыста көп жақсы әдеттерді айтқан топ жеңіске жетеді)

жақсы жаман
Үлкенді сыйлау Өтірік сөйлеу
Өтірік айтпау Салақтық
Сабақтан қалмау Сабақтан қашу
Үлкенді тыңдау Үлкенді тыңдамау
Қамқоршы болу Кішіге күш көрсету
Үлкендердің сөзін бөлмеу

IV бөлім. Үй жұмысы.
Амандасу түрлерін айтып, көрсету.

V бөлім
Сурет салу сайысы
Жаман жолдас, Үлкенді құрметте, Кішіге қамқорлық, Аналарды сыйлау, Құстарды атпау.
«Құпия хаттарға» жауап беру
1) Автобусқа мінгенде не істеу керек?
2) Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
3) Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?
4) Қонақ келгенде бала не істеу керек?
5) Телефонмен қалай сөйлесу керек?

- Сонымен, біз қандай баламыз ?(әдепті, тәртіпті)
- Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік, әр адам өзін кез-келген жағдайда әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен.

Марапаттау.

«Мен және менің міндеттерім, құқықтарым»

Мақсаты: 1) адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу;
2) дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу;
3) оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Барысы.
1. Кіріспе.
Қысқаша шолу. «Бүгін сабақта»
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
ҚР Конституциясы.
Өмір, денсаулық, бостандық.

2 . «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?

3. «Бәріміз бірге!» ойыны ( қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім: – Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар.Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өо Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
4. Пікірталас.
- Адамға не қымбат? – Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хұқылы.

- Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
Олай болса, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман-тоғай елімізді.
Сабақты қорыту.
- Сендердің қазіргі міндеттерің? - Адамзаттың басты құндылықтарын ата.
16 997
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдепті бала - ақылды бала
Әдепті бала - ақылды бала
Балаларға әдептілік жайлы мағлұмат беру. Әдепті болуға үйрету, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту. Әдептілік әлеміне бару барысында балаларға әдептілік ұғымының мағынасын ашу. Адалдыққа, мейірімділікке кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Әдептілік - асыл қасиет
Әдептілік - асыл қасиет
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы,Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Жансая Қонысбайқызы Қызметова
Әдептілік  - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Әдептілік әліппесі
Әдептілік әліппесі
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, № 36 «Аққу» мектеп – бақшасының бастауыш сынып мұғалімі Имашева Гульмира Достановна
Әдепті бала- арлы бала
Әдепті бала- арлы бала
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байхожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×