Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

04 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Тақырыбы: Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Мақсаты: 1. Оқушыларды екі таңбалы санға бөлу алгоритмімен таныстыру;
2. Есептеу қабілеті мен дағдыларын жетілдіру;
3. Сауатты есептеуге, ұқыпты, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) сабаққа қатынасын бақылау;
б) сабаққа бейімдеу, зейіндерін жинақтау.
2. Үй жұмысын сұрау
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
Тақырыпты ашу мақсатында тақтаға мынадай сандар жазылған карточка ілінеді.

392, 333, 492, 261

Осы сандарды кему ретімен орналастырғанда «бөлу» деген жазу шығады.
Бүгінгі тақырыбымыз. Екі таңбалы санға бөлу.
Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.
Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырма беріледі.
1 - топ: Бөлінгіш 81, бөлгіш 27, бөліндінің мәнін табу; (3 )
2 - топ: Бөлінгіш 69, бөлгіш 23, бөліндінің мәнін табу, (3 )
3 - топ: бөлінгіш 76, бөлгіш 19, бөліндінің мәнін табу; (4 )
4 - топ: бөлінгіш 70, бөлгіш 35, бөліндінің мәнін табу. (2 )
Енді жаңа сабаққа назар аударамыз.
Түсіндіру: №1.
Бөлуді орындар алдында бірінші толымсыз бөлінгішті және бөліндінің мәніндегі цифрлар санын анықтап алу керек.

Жазамын: бөлінгіш 1 134, бөлгіш 21. Бөліндінің мәнінде мыңдық шығатындай етіп 1 мыңдықты 21-ге бөлуге болмайды. Бөліндінің мәнінде жүздік шығатындай етіп 11 жүздікті 21-ге болмайды. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 113 ондық.
Бөліндінің мәнінде екі цифр (ондық, бірлік) болады.
Ондықты бөлемін: 113: 21=5(қалдық 8 онд.), бөліндінің мәніне 5 - ті жазамын, қалдықты ондықтардың астына жазамын. Бірліктерді түсіремін. 8 ондық және 4 бірлік - бұл 84 бірлік.
Бірліктерді бөлемін: 84: 21 =4, 4 - ті бөліндінің мәніне жазамын, қалдық нөлге тең., яғни толығымен бөлдік.
Жауабын оқимын: 54.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 307
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілі
Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілі
Оқушыларға үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін үйрету, есептердің шығарылу тәсілдерін меңгерту, есептеу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді дұрыс орындауды қалыптастыру, сәйкес қалдықпен бөлуді орындау.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Не білу керек: бөлінді, көбейткіш пен бөлінгіште нөл болған жағдайда екі таңбалы санға бөлуді және көбейтуді білу; Не істей білу керек: есептеуде жазбаша тәсілдерді қолдана білу;
3 – ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
3 – ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
3 – ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау, есеп шығару барысында алған білімдерін қолдана білуге үйрету
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×