Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем. Қыс

05 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сөз. Қыс
Сабақтың мақсаты:
а) Сөйлеммен сөздің арасындағы байланысты түсіндіру. Қыс өлеңі
туралы түсінік беру.
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын қалыптастырып, сөздік қорын дамыту.
б) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: кеспе сурет «Қыс келбеті», семантикалық карта, Абай Құнанбаев суреті, презентация
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап,
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар, кім айтады үйге қандай тапсырма берілді?
- Өлеңді бәріміз жаттап келдік пе?
- Кім айтады? Өлеңдер жатқа сұралады.
- Балалар, осы өлеңде не туралы айтылады?

III. «Ой шақыру» (тақтада суреттер бөлшегінен құрап қыс суретін шығару. Әр бөлшектің артына сұрақтар жазып қою)
- Дыбыс деген не?
Сөз неден құралады?
Сөйлем неден құралады?
- Сөйлеу не үшін керек?
- Тілдің қызметі қандай?
- Балалар қараңдаршы қандай сурет құрадыңдар?
- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Дұрыс. Қыс.
Қане енді осы суретке қарап әңгіме құрайық. (әңгімелету)

ІV. Жаңа сабақ
(презентация)
Суреттегі кім?
Абай Құнанбаев - ақын.
Ол кісі көптеген өлеңдер жазған, 45 қара сөздері бар, онда қаншама дана сөздер айтылған.
- Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз да Қыс туралы болмақ
Бұл өлеңді де Абай аталарың жазған. Қыстан басқа жыл мезгілдеріне арнаған басқа да өлеңдері ба, ол өлеңдермен алдағы уақытта танысатын боламыз.
(өлеңді оқыту, талдау, сұрақ - жауап әдісі)

Қыс
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау түсі суық,
Басқан ізі сықырлап келіп қалды

- Өлеңде не туралы айтылған?
- Суретке қарайық, не көріп тұрмыз?
Қай мезгіл?
Қыс
(Өлеңді оқыту)
А) Ызыңдап оқу
Ә) Тізбектеп оқу
Ү. Сергіту сәті:
(Экранға қарап балапанмен бірге әуенге ілесіп қимылдау)
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
– Ал, енді назарымызды оқулығымыздың 5 бетіндегі жаттығуға қараймыз. (Оқушыға оқытамын. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыту)
Қыс келді. Күн суытты. Қар көп жауды. Өзенге қалың мұз қатты.
Тақтамен жұмыс
- Балалар оқыған сөйлемді кім тақтаға сызба арқылы жазады?

VI. Дәптермен жұмыс
- Балалар, Енді 2 - жаттығуға қарайық. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіру.
Қаңтар. Қаңтар айы болды күн суытты қалың қар жауды боран соқты.
Дәптерге тыныс белгіні дұрыс қойып көшіру. Тақтаға бір оқушыны шығарып жаздыру.

VII. Бекіту кезеңі. Семантикалық картамен жұмыс (әр оқушыға беру, өткен материалдарға байланысты)
- Балалар Абайдың әндері де бар. Мысалы сендер Сегіз аяқ, Желсіз түнде жарық ай, Өлсем орным қара жер сыз болмай ма, Көзімнің қарасы деген өлеңдерін естігендерің бар ма?
Қазір мен сендерге бір әнін тыңдатамын.
«Көзімнің қарасы» әнін тыңдату
Жақсы балалар енді тілімізді жаттықтырып жаңылтпаш айтайық.
Жаңылтпаш
Қар аппақ,
Дала аппақ -
Бәрі аппақ....
Қарап бақ.
Екі - үш мәрте оқытып, тілдерін жаттықтырту

VIII. Қорытынды. Топтастыру
Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Егер ұнаса алдарыңдағы Қызыл түсті, орташа ұнаса жасыл түс, ұнамаса сары түсті жапырақты таңдап тақтадағы ағашқа жапсырамыз.
Үйге тапсырма: Абайдың Қыс өлеңін оқу, жаңылтпашты жаттау.
Бағалау сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
3 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көрші атам. Ұ - ү дыбыстары
Көрші атам. Ұ - ү дыбыстары
Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау. Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту
Сөйлем
Сөйлем
Бастауыш сынып мұғалімі: Самбетова Айнұр
"Мал атасы" Дауыссыз дыбыстар
"Мал атасы" Дауыссыз дыбыстар
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, № 44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
Не деу керек? Буын
Не деу керек? Буын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы № 90орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
"Отан" Ж.Әбдірашев
"Отан" Ж.Әбдірашев
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы Абай атындағы № 90орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Сөйлем. Сөз. Аққала
Сөйлем. Сөз. Аққала
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Раушанова Жанаргүл Мақсотқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×