Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
2. Өз бетімен талдау, саралау арқылы шығармашылық тапсырмалар орындату.
3. Адам өміріндегі жан - жақты үйлесімділік деген ұғымды түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ - жауап әдісімен өткен сабақты бекіту.

Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға қойылатын сұрақ:
- Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?
Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Сол жауаптардың ішінен төмендегі сөздер бөлініп алынып, сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді. Оқу, білім, еңбек, спорт, ойын.
а) Әр топ өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3 - 4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

2. Мағынаны тану.
Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады. Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді.
Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақ қойылады. Мысалы:
- Қалай ойлайсың, Интикуманың әкесі сияқты ақылды жинап алуға бола ма?
- Адам баласы қалай ақылды бола алады? т. с. с.

3. Ой толғау.
Әр топ өздеріне берілген атпен байланысты бір - бір сөйлемнен айтады.
Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады.
Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай..
Адамды адам еткен - еңбек.
Спорт - денсаулық кепілі.
Білім - таусылмайтын байлық т. с. с.
Әр топқа өз аттарына байланысты мақал - мәтелдер жазу ұсынылады.

Сөздікпен жұмыс.
Баспалап қарау - қалқаланып, жасырынып қарау.
Көз салу - қарау.
Сыбағасы - өзіне тиісті олжасы.
Оқулықта берілген мақал - мәтелдердің мән - мағынасын, айтайын деп тұрған ойын анықтай отырып, сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.
Бағалау.
6 597
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиеттік оқу 3 сынып күнделікті сабақ жоспарлары
Әдебиеттік оқу 3 сынып күнделікті сабақ жоспарлары
Ұйқышыл болғанның адамға келтіретін зиянын түсініп, жаман мен жақсыны салыстыру бағалау дағдыларын дамыту
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Әңгімені оқытып, мазмұнын ашу, жақсы мен жаман қылықтар туралы түсінік беру.
Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев
Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев
Ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
Бұғышақ пен оның серігі
Бұғышақ пен оның серігі
Сабақтың тақырыбы: Бұғышақ пен оның серігі
Әмірдің қулығы
Әмірдің қулығы
Шалқар қаласы, № 3 мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Балалар елін бағындыру (Ертегі)
Балалар елін бағындыру (Ертегі)
Қызылорда қаласы, №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Сәрсенкүл Әбдуайтқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×