Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ана» Ғали Орманов

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ана» Ғали Орманов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйрену;
Дамытушылық: Оқушыларға жақсылық атаулының барлығы ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыра отырып, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру; Тәрбиелік: Оқушы бойына ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру, анасын сүю арқылы ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, гүлдер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, өлең құрастыру, топтық жарыс, мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: Шешендік өнер, музыка
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық кезең
Мұғалім ------------Балалар (хормен)
- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.

2) Оқушыларды топтарға бөлу.
- Балалар, сендерге мына журналдар таныс па? - Таныс болса, балаларға арналған республикалық журналдар бізде қонақта.
І топ - «Балдырған»
ІІ топ - «Хан талапай»
ІІІ топ - «Мөлдір бұлақ»
ІV топ - «Балапан әлемі»

3) Топ ережесін еске түсіру
1. Сабаққа көңіл қою.
2. Бір - бірлерін дұрыс тыңдау.
3. Топпен жұмыс жүргізу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: В. Сухомлинский «Ақ шаш»
Ұяшықтан сандар таңдау барысында әр топтан үй тапсырмасын сұрау.
1. Мәтін мазмұнын әңгімелеу.
2. «Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада» мақалының мазмұнын айт.
3. Осы мәтіннен қандай ой түйдіңдер?
4. Шешендік өнер сабағында осы мәтін мазмұнына ұқсас қандай әңгіме оқып едік?
5. Ерекше тапсырма: В. Сухомлинский кім?

ІІІ. Өткен сабақты бекіту 1) Аналар туралы мақал - мәтел айту (Жеңімпаз топты марапаттау) 2) Келесі тапсырма, әр топ «Ана кім?» деген сұрақ бойынша постер жасау, оны қорғау.

ІV. Жаңа сабақ
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда белгілі ақын Ғали Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз. Дәптерімізді ашамыз, Салақтықтан қашамыз. Көркем етіп жазамыз.
1. Автормен таныстыру.
Ғали Орманов - қазақ совет поэзиясының қарт командирлерінің бірі. Ол үлкен жолдар кешкен, қиын - қыстау өткелдерден өткен, өлең жолында көп тер төккен, ыстық - суық кезеңдерде шыныққан шебер ақын. Ақын Талдықорған облысының Қапал ауданының "Қызыл Жұлдыз" колхозында 1907 жылдың 15 тамызында дүниеге келген. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Ол 71 жасында 1978 жылы қайтыс болды.
Қызыл ту, Ленин, Қызыл Жұлдыз орден иегері
Анна Коренина романын қазақшаға аударған
Ғали Орманов - ақын, аудармашы, бірнеше орден иегері.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 911
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын айтуға машықтандыру. Балалардың бойына ананы сыйлау, құрметтеу өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Әже  Ф.Оңғарсынова
Әже Ф.Оңғарсынова
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш класс мұғалімі Аптимов Серікжамал Ихсанқызы
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Әсемгүл Тәңірбергенқызы
Ғали Орманов "Ана"
Ғали Орманов "Ана"
Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Б. Жұмалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қамысбаева Роза Дауылқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×