Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елтаңба мен Ту туралы жыр

09 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Елтаңба мен Ту туралы жыр»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жаңа тараумен таныстыру. «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінімен таныстыру арқылы, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйспешілін арттыру. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтастыққа, патриоттыққа, рәміздерімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, көрсету.
Көрнекілігі: тақта, оқулық, слайд.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Сабаққа назарларын аудыру.
Мұғалім: Психологиялық дайындық жасату.
Оқушылар: Ана тілім – бала шағым, өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
Үй тапсырмасын тексеру: «Мен не үйрендім?» тақырыбына шағын эссе жазып келу.

Жаңа сабақ
Мұғалім: Бүгін жаңа тарауды бастаймыз. Тарау – «Туған өлкем – Тұғырым» деп аталады.
Ассосация әдісі.
«Туған өлкем – Тұғырым» дегенді қалай түсінесіңдер? Көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылар: Отанымыз, Туған жеріміз, ауылымыз, өскен жеріміз, тұрып жатқан жерімізге деген сүйіспеншілігіміз. Мемлекетіміз, Елбасымыз, Рәміздеріміз.
Мұғалім: Рәміздер туралы не білесіңдер, балалар?
Оқушылар: Өз білгендерін ортаға салады.
Мұғалім: Ел рәміздері слайд арқылы көрсетіледі. Есту және көру қабілеттері арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мақсатын ұғындыру.
Туған ел, Туған жер, Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Оқушылар:
1. Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей – ел болмас.
2. Туған жердің түні де ыстық, күні де ыстық.
3. Отан – оттан да ыстық.
4. Отан үшін отқа түссең - күймейсің,
Арың үшін алыссаң - өлмейсің....
Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
«Елтаңба мен Ту туралы жыр».
Мұғалім: Мәтінді оқу ережесін сақтап оқы.
Оқушылар: Мәтінді іштей, түсініп, шапшаң оқиды.
Мұғалім: Дауыстап оқыту.
Оқушылар: Тақтаға 1 - 2 оқушы шығып дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқиды.
Қалғандары қолмен жүгіртіп отырады.
Мұғалім: Мәтінді талдау. Түсінік сұрау.
Оқушылар: түсініктерін айтады.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Мұғалім: Тапсырма 2: Мәтінге сүйеніп, мақалдармен нақыл сөздерді аяқтап жаз.
1. Ат ердің -....
2. Бергеннің..., бермегеннің....
3. Ел аралаған... болар.
4. Отан -... ыстық.
5.... – өлең төсегім.
Оқушылар:
1. Ат ердің - қанаты.
2. Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан.
3. Ел аралаған сыншы болар.
4. Отан - оттан да ыстық.
5. Өз елім – өлең төсегім.

Сабақты пысықтау.
Слайдта Елтаңба мен Тудың суреттері көрсетіледі. Артына сұрақтар мен тапсырмалар жасырынған.
1. Қос пырақ қандай елдерді аралапты?
2. Қыран олардан не деп сұрайды?
3. Пырақ не деп жауап береді?
4. Мәтіндегі мақалдар не туралы айтылған?
5. Елтаңбаның авторы кім?
6. Тудың авторын ата
7. Әнұранның авторы.

Оқушылар:
1. Шығыста Амурды, батыста Дунайды, Румды аралапты.
2. Не көрдіңдер, не түйдіңдер? деп сұрайды.
3. Көргенімізді айтсақ көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, «Әркімнің өз жері – жұмақ» екен, - депті.
4. Туған ел, туған жер туралы.
5. Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов
6. Шәкен Ниязбеков
7. Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың жауаптарын толықтыру. Өлең жолдарын слайдтан оқыту.
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым Әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата Заңым қабылданып

Бағалау:
Белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Бүгінгі өтілген тақырып бойынша эссе жазып келу немесе сурет салып келу
24 530
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі
Қазақ тілі
Қазақ тілі - ана тілім, байлығым. Жүрегімде тұрады сенің мәңгі үнің, Өмір бойы көк байрақтың астында. «Туған тіл» деп жырлауға да әзірмін.
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Ана тілім – қанатым
Ана тілім – қанатым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Ана тілім
Ана тілім
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім. Тұғыр қылып туған елдің төрінде, Асқақтатам ана тілдің ақ туын.
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×