Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жатыс септік

10 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Жатыс септік
Мақсаты: 1. Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін және оның жалғауларымен таныстыру.
2. Оқушылардың сабаққа деген қызушылығын арттыру, сөздік қорын күнделікті сөйлеу тілін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсіл: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер, таблица, сызбалар.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1 слайд Сурет
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Олар ұстаздар. Ендеше бүгінгі келіп отырған қонақтарға өзіміздің білімдерімізді, тәртібімізді көрсетейік.
(Бағалау парағын таратып, әр партадан бір бала белгілеп отырады.)

II. Үй тапсырмасы:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
321 - жаттығу
Жазған сөйлемдеріңді ауызша оқып шығамыз. Сөйлемдерін талдату.
Өткен сабақта қандай септікті өттік?
- Табыс септік
Ендеше «бәйге» ойыны арқылы өткен сабақтарда алған білімдерімізді тексерейік.
2 слайд Бәйге ойыны.
с. ж. 30 - Сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды қалай атаймыз?
с. ж. 10 - Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
орта. 40 - Атау, ілік септіктері қандай сұрақтарға жауап береді?
орта. 20 - Барыс септіктің сұрақтары мен жалғауларын ата.
оң. ж. 30 - Табыс септіктегі сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
оң. ж. 10 - Қазақ тілінде неше септік бар?

III Жаңа сабақ
3 слайд Тірек сызбамен жұмыс.
Септіктер
Атау септік, Ілік септік, Барыс септік, Табыс септік, Жатыс септік, Шығыс септік, Көмектес септік

- Қай септіктермен жұмыс жүргіздік?
- Атау, ілік, барыс, табыс септіктерімен.
Бүгінгі сабақта жатыс септігімен жұмыс жүргіземіз.
4 слайд
Жатыс септік
Сұрақтары: Кімде? Неде? Қайда? Кімдерде? Нелерде?
Жалғаулары: - да,- де, - та, - те
Мысалы: қарда, аязда, боранда

- Жатыс септіктегі сөздер қазіргі жыл мезгілінде кездеседі ме?
- Кездеседі.
- Тағы қандай құбылыстар болады?
- Қар жауады, мұз қатады, аяз түседі, боран соғады, қырау қатады, дала ақ мамыққа оранады.
Дәптермен жұмыс
Ендеше дәптерімізді ашып ай - күнді жазайық.
Қар, аяз, боран деген сөздерді жатыс септігіне қойып сөйлем құратып жаздыру.
(оқулықтағы жаттығумен жұмыс)
Оқулықтағы 322 - жаттығуды тақтада жаздырып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын айту.
6 слайд. Сергіту сәті Сиқырлы сандар ойыны
- Қыста ойналатын қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
- Шаңғы тебу, коньки тебу, хоккей ойнау
- Өте жақсы. Олай болса, мына тапсырмаларды орындайық.
7 слайд
- Шаңғышыға шаңғы тебу үшін, шаңғы керек..
- Олай болса, мына тапсырманы дұрыс орындасаңдар, шаңғышы өз шаңғысын ала алады.
8 слайд
Интарактивті тақтада жазылған, жұмбақты оқып, шешуін табады.
Ауызша талдайды.
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш )
9 слайд. 2 тапсырманы орындасақ конькиші өз конькиін алады.
324 - жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Жатыс септіктегі сөздердің астын сыз.
10 слайд
- Ал хоккейші ойнау үшін не жетіспейді?
- Шайбасы.
Хоккей шайбасын алу үшін мына тапсырманы орындаңдар.
Берілген сөздерді жатыс септігіне қойып сөйлем құра
Үйірме, ауыл, мектеп, қыс.
Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін спортшылар суреттері көрсетіледі.
11 слайд. Спортшылар суреттері көрсетіледі.
- Осы спорт түрлерінен Қазақстанда қандай жарыс өтуде?
- Қысқы Азиада
- Балалар, VII Қысқы Азиада Алматы мен Астанада өтуде. Жалпы осы жарыста 169 спортшы қатысады. Қарағанда облысы бойынша бір спортшы шаңғы жарысынан Екатерина Аидова қатысады.
Өз спортшыларымызға тек алға деп тілей отырып, сабағымызды ары қарай жалғастырамыз.
Қорытынды: Тақтадағы таблицамен жұмыс жүргізу.
12 слайд
Сұрақ - жауап арқылы қорытындылау
Оқушыларды бағалау.
(Бағалау парағымен жұмыс жүргізіп, бағалау.)
Үйге: 325 - жаттығу
Шығармашылық тапсырма: «Қыс» тақырыбына шығарма жазу.
Әңгімеде жатыс септіктегі сөздер болуы керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 164
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Барыс септік
Барыс септік
Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейте түсу, өз бетімен жұмыс жасау арқылы барыс септік туралы білімдерін одан әрі кеңейте түсу. Сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білу.
Жатыс септік
Жатыс септік
Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Жатыс септік
Жатыс септік
Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Септіктер
Септіктер
ШҚО. Семей қаласы. №11 орта мектеп Рахметова Құралай Болатбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×