Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Тәжен мектеп - балабақша кешені.
Бастауыш сынып мұғалімі
Сарсенбаева БактыгулТақырыбы: Тасымал. Қазақстан – Республикам менің.
72 - 73 жаттығулар.
Мақсаты:
а) Еліміз, жеріміз туралы мағлұмат беру, 5 - 6 буынды сөздердің тасымалдану жолдарын ұғындыру. Буындық дыбыстық талдау жасау. Ұлы ақындарымыз және батыр ұл, қыздарымызбен таныстыру.
ә) Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін жандырып, сауатты жазу, оқу дағдысын жетілдіру.
б) Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Танымдық логикалық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: автордың портреті, қазақстанның картасы, Елтаңбасының, Төлеген, Мәншүк, Абай Құнанбаевтың, Сәкен Сейфуллиннің суреттері, рәміздер, Астананың суреті, бәйтерек, алтын жұмыртқа, алма ағашы.
Әдісі: мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын әдісі.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу, ән - музыка.
Түрі: жарыс сабақ.
І. Ұйымдастыру: Үлкен де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Сізге сәлем береміз.
Құрметпенен біз.
Оқушылар сабаққа дайынбыз ба?
Бір мен екі алмаңдар!
Үшке алданып қалмаңдар!
Кілең төрттік алғандар,
Мені ғана армандар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Отан» өлеңін жатқа сұрау.
2. Сұрақ – жауап.
• Балалар Отан деген не?
Отан дегеніміз біздің еліміз, туып өскен жеріміз, ата - ана, ауылымыз. т. б.
• Біздің Отанымыз?
Қазақстан Республикасы деп аталады.
3. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: (алма жемісіне жасырынған сұрақтарға жауап береді)
• Бір буынды сөздер жаз.
Ай, ат, ән, ас т. б
• «Балапан» сөзін буынға бөл.
Ба - ла - пан
• «Жапалақ» сөзін тасымалдап жаз.
Жапа - лақ
ІІІ. Жаңа сабақ. «Ойтолғау»
Мұғалім: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Желбірейді туымыз.
Бұл қай ел – балалар!
Оқушылар: Қазақстан
Бүгін еліміз туралы қандай жаңалықтар көрдіңіздер?
Мұғалім: Олай болса, біз бүгін ақын Д. Әбілов аталарыңның (1907 ж. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген) «Қазақстан Республикам менің» өлеңін өтеміз.
Балалар ең алдымен «Қазақстан Республикам менің» дегенде біздердің ойымызға не түседі?
Оқушылар: Н. Ә. Назарбаев, ту, елтаңба, әнұранымыз, Астана, бәйтерек.
Сұрақ – жауаптар. (әр жауаптың суреттері тақтаға жапсырылады)
• Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
• Республикамыздың қандай рәміздері бар?
• Тудың түсі қандай?
• Біздің бас қаламыз?
• Мемлекеттік тіл?
• Ұлтымыз?
• Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды?
• Қазақстанда неше облыс бар?
• Біздің Отаным? – Қазақстан
Мұғалім: Қазақстан – кең байтақ ел. Бізде достығы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқы - ержүрек, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстан елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты ел. Біз Республика күнін 25 қазан да тойлаймыз. Оның Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық – өзендері бар.
Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер:
Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.
Қазақстан бүкіл мерекелерді атап өтеді. Оқушылар алдымызда қандай мереке жақындап келеді?
(8 наурыз, 22 наурыз жаңа жылымыз)
Пысықтау: Қазақстан рәміздеріне әнұран, елтаңба, ту жатады. Осыларға жеке - жеке тоқталып өтейік.
(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)
• Қандай өлең - тақпақ білеміз?
1 - оқушы:
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған.
2 - оқушы:
Құт - береке, шаңырақ
Орын алған ол төрден.
3 - оқушы:
Айнымайды, аспаннан
Біздің тудың бояуы.
4 - оқушы:
Көк байрақтың бетінде
Бала өседі талапты.
а) Оқулықпен жұмыс.
86 - бет (мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру)
Айқаста жаудың алқымын сыққан,
Ажалға қимай намысты елін.
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан – Республикам менің!
Абай туған, Сәкен туған
Құрметте, достым, қазақтың жерін,
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан – Республикам менің!
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.