Сиыр. Жуан дауыстылар
Сабақтың тақырыбы: Сиыр. Жуан дауыстылар
Сабақтың мақсаты: а) Жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып, төрт түлік туралы мәлімет беру және сөздерді сатылай кешенді талдау үлгісін меңгерту
ә) Оқушылардың сөздік қорын, танымдық қабілетін, сөйлеу мәнерін жетілдіру, дамыту.
б) Ұйымшылдыққа, білімділікке үйрете отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта көрнекті - құралдар: сюжетті суреттер, слайд, сызба, тест тапсырмалары
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу, сатылай кешенді талдау, ой шақыру, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жылы шырай білдіру
Біз қандаймыз қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген тақырыптарды пысықтау.
ІV. Жаңа сабақ
Жұмбақ шешу
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Бір сылдырмағы бар
Бір сыбыртқысы бар
(Сиыр)
«Ой шақыру» Сиыр
Жаңа сабақты тақтаға жазу Сиыр. Жуан дауыстылар.
Сиыр төлі қалай аталады?
Тағы қандай үй жануарын білесіңдер?
Төлдерін ата?
Топтарға бөлу
Бұзауқандар, ботақандар, қошақандар, құлыншақтар
Оқулықпен жұмыс
28 - жаттығу (Ауызша)
1. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар
2. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды тап
Дәптермен жұмыс
29 - жаттығу 1. Сөздерді оқыңдар.
Сүт, айран, қаймақ, кілегей, май, құрт, ірімшік
Жуан дауыстыларды көшіріп жазу
а, а, а, а, ұ
Сергіту сәті
Сары ала торпақ
Мүйізі томпақ
Басады жайлап
Басын ол шайқап
Топпен жұмыс
Түйе сиыр қой жылқы
Математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру
Тақтамен жұмыс
Бұзауқан, құлыншақ, қошақан сөздеріне сөзсазындық (фонологиялық дыбыстық мінездеме беру
Ойын
«Кімнің даусы?»
Слайдтан төлдердің даусын айыру
Ж. Смақовтың «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып,
мазмұнын түсіндіру.
Ойын
«Кім көп сөз ойлайды?» Ботақандар
Төлдерді қалай шақырады?
Мақалдар айту
Ойын «Төлдерің тап?»
VI. Жаңа материалды пысықтау
Бұзау сүтті қалай сұрайды? Тілімен нені жалайды. Бұзаудың енесі?
Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту
VII. Бекіту Біз бүгін қандай дыбыстарды өттік?
Жуан дауысты дыбыстарды ата?
Ж. Смақовтың өлеңі не жайлы айтылған?
VIII. Үйге тапсырма, бағалау «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу, 30 - жаттығу
Жауаптарына қарай оқушыларды бағалау.