Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Үй жануарлары және төлдері
Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру оларды атау және тану. Үй жануарларының төлдерін атау, жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру және сұрақ жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: үй жануарлары бейнеленген фетрден жасалған көрнекілік, ойыншықтар, үнтаспа, слайд.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, күтпеген сәт, ойын
Дәлелдеу – ояту Тәрбиеші әрекеті
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты
Алтын сауле таратты
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң қонақтар.
Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту.
- Балалар қазір қай жыл мезгілі?
- Қыста не жауады?
- Қардың түсі қандай?
- Сендер бақшаға қалай киініп келесіңдер?
Ұйымдастыру – іздену
Жарайсыңдар балалар. Балалар үйде ата - әже сендерді еркелете ме?
Қалай еркелетеді?
Олай болса балалар бүгін біз үй жануарлары және төлдері туралы әңгімелейміз.(көзімізді жұмамыз, көз алдымызға жайлауды елестетеміз)?
Тақтаға үй жануарларының суреттері ілінеді.
Мынау – сиыр, мынау – ат, мынау – қой, мынау – түйе. Бұлар үй жануарлары себебі: оларды адамдар бағады, күтеді. Олардың сүті, еті – тамақ, жүні, терісі – киім.
Балалар назарын теледидарға аудару үй жануарлары туралы слайд көрсету( оларды сипаттайды)
Балалар үй жануарлары қалай дыбыстайды, барлығымыз бірге жаттығайық
- Қой «мә - мә»деп маңырайды
- Сиыр «му - му»деп мөңірейді
- Т «бө - бө»деп боздайды
- Ат «иһо - иһо»деп кісінейді екен
жарайсыңдар балалар.
Балалар үй жануарлары туралы тақпақ білеміз бе?
(балалар тақпақтарын айтады)
Шөре - шөре, лағым
Тентек болма, шырағым.
Секектеме, деміңді ал.
Селтеңдемей құлағын.
Ботақаным бөбегім
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды, шабады
Жалтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Кіп - кішкене момақан,
Қошақанды ұнатам
Сүйеді анам қозым деп
Ботақаным өзің деп.
Сергіту сәті:
«Төрт қадам алға»
Төрт қадам артқа
Айналат, айналат біздің поравоз
Қолмен шапалақтаймыз
Аяқпен топ - топтаймыз
Иықты қозғап, қозғап
Ал енді секіреміз
Күтпеген сәт
Есік қағылады, қонаққа әже келеді.
Әже: саламатсыздар ма балалар?
Мен жайлаудан келдім сендерге тапсырма ала келдім.
Тәрбиеші: қош келдіңіз әже, төрге шығыңыз. ал балалар әже әкелген тапсырманы орындаймыз ба?
1. тапсырма. Дидактикалық ойын. «Төлдерiн тап!»
(суреттен үй жануарларын төлдерін сәйкестендіреді)
2. тапсырма.« Даусынан таны» Сиқырлы үнтаспаны тыңдату (жануарлардың дауысынан не екенің табады)
Әже балалармен қоштасып сыйлық береді
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Үй жануарлары және төлдері
Тәрбиеші:
З. М. ЖакееваҮй жануарлары және төлдері жүктеу