Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамның дамуы

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Адамның дамуы (презентация)
Білімділік: Адамның тірі ағзалар жүйесіндегі орны, шығу тегі және тарихи даму кезеңдері, әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыру.
Дамытушылық: Мәтін және сызбанұсқа түрінде оқу материалымен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Белсенділікке, табандылыққа,
ізденпаздыққа тәрбиелеу.
Ой қозғау.
“Адам қайдан жаралған?”
Адам қайдан жаралған?
Осынау бір сұрақты
Топшылаймыз сан алуан,
Жауабы жоқ тұрақты.
Ұғынамыз ғылымнан
Топшылаймыз діндерден.
Адам қайдан туылған
Тәйірі оны кім көрген!
Судан ба, әлде оттан ба,
Жерден бе, әлде күннен бе.
Бардан ба, әлде жоқтан ба,
Маймылдан ба, пілден бе?
Әр нәрсеге үңілдік,
Ұқсап бақтық әркімге.
Ақыры кеп жүгіндік,
Ғұлама шал Дарвинге
Мен адамнан жаралдым,
Ниетім жоқ айнуға.
Баласымын Адамның
Ұқсағым жоқ маймылға
КІСІ емеспін АДАММЫН!

Адамның шығу тегімен тарихы даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады
Француз ғалымы: Жан Битист Ламарк 1744 - 1829
Адамның жерде жүруге бейімделген маймыл тектес ата - тектен шыққандығын айтты
К. Линнейт Швед ғалымы
1735 жылы шыққан “Табиғат жүйесі” атты еңбегіңде адам мен маймылды сүтқоректілер классың
өкілі ретінде бір туысқа жатқызған.
Ч. Дарвин Ағылшын ғалымы
1871 жылы басылып шыққан “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу “ атты еңбегінде: Адам – тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғарғы әрі соңғы буыны деп көрсетті. Адаммен адам тәрізді маймылдардың арғы ата – тегі бір деген тұжырым жасады

Адамның жануарлар дүниесіндегі орны
Хордалылар типі
Омыртқалылар тип тармағы
Сүтқоректілер класы
Ұрықжолдастылар класс тармағы
Приматтар (маймылдар) отряды
Адам тәрізді маймылдар отряд тармағы
Адамдар туысы
Саналы адам түрі

Адамның жануарлар дүниесінің әрбір жүйелік топтарына тән ұқсас белгілері
Жүйелік топтар ------------------------------ Адам ағзасындағы ұқсас белгілер
Хордалылар (желілілер) типі ------------ Ұрығының дамуында хорданың, жүйке түтігінің, жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылауларының болуы
Омыртқалылар тип тармағы -------------- Денесінің арқа жағында ұзына бойы орналасқан көптеген омыртқалылар тізбегінен тұратын омыртқа жотасының болуы. Миының бес бөлімге(алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопақша ми және мишық) бөлінуі. Екі жұп(алдыңғы және артқы) аяқтарының болуы; жүрегінің денесінің құрсақ жағында орналасуы.
Сүтқоректілер класы ---------------- Терісінде тер, май және сүт бездері мен түктерінің болуы. Ми қыртысының күрделі дамуы, тістерінің жеке топтарға (күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер) жіктелуі; кеуде қуысымен құрсақ қуысының арасын бөліп тұратын көкеттің болуы; қалдық белгілер мен арғы ата тегінің белгілерің қайталауы және т. б
Нағыз аңдар класс тармағы --------------- Етті еріндерінің болуы; ұрпағын тірі туып, сүт пен асырауы; сүт бездерінің ұшында ұрпағы еметін емшектің болуы және т. б

Рудименттік деп ата тегінен қалған қалдық белгілерін атайды.
Рудименттік белгілер

құйымшақ
соқыршек
Құлақ айналасындағы бұлшық еттер
Терідегі түктер

Атавизим деп арғы ата – тектің белгілерінің қайталануын атайды
Атавизим белгілері

Денесін қалын түк басқан баланың дүниеге келуі
Көп емшекті, құйрықты нәрестенің туылуы

Адам эвалюциясының қозғаушы күштері

Биологиялық → Тұқым қуалайтын өзгергіштік, табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес
Әлеуметтік → Еңбек әрекеті, сөз, ақыл - ой, сана, еңбектің қоғамдық сипаты

"Алғашқы адамның бір күні" әңгіме құрастыру

Қорытындылау
Тест сұрақтары
1. Рудиментті табыңыз:
а/түкті адам ә/ аппендикс б/құйрықты бала
2. 1871 жылы шыққан “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” еңбегінің авторы кім:
а/Ж. Б. Ламарк, ә/Ф. Энгельс, б/Ч. Дарвин
3. Адамның тарихи дамуы:
а/онтогенез ә/филогенез б/ антропогенез
4. Жеке түрлердің өз ата - тектерінің белгісіне қайта оралуы қалай аталады:
а/рудимент ә/атавизм б/гомологиялық мүше
5. Еңбек әрекеті, сөз, ойлау антропогенездің қозғаушы күшінің қай факторына жатады.
а/әлеуметтік ә/ биологиялық б/экологиялық
6. Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес антропогенездің қай факторына жатады:
а/әлеуметтік ә/ биологиялық б/аналогиялық
7. Адамда соқырішек, үшінші қабақ ата тегінен қалған белгілерге жатады. Осындай белгілердің ғылыми атауы:
а/рудимент ә/атавизм б/гомология
1. Ә 2. Б 3. Б 4. Ә 5. А 6. Ә 7. А
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
37 030
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары.
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары.
Оқушыларға антропосоциогенез, приматтар эволюциясы және тірі табиғаттағы адамның орны жайында мағлұмат беру;
Адамның тірі табиғаттағы жүйелік орны
Адамның тірі табиғаттағы жүйелік орны
1. Жер шарында тіршілік қашан пайда болды? 2. Тіршіліктің пайда болуы туралы қандай теориялар бар?
Жас тарихшылар сайысы
Жас тарихшылар сайысы
Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру арқылы шығармашылыққа баулу. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, іздену, салыстыру және де пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Артропогенез
Артропогенез
Еркіндік жалпы орта білім беру мектебі Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К. Ж.
Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті сынау
Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті сынау
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Адамның шығу тегі
Адамның шығу тегі
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» биология пәні оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×