Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биологиядан "Ауызша журнал" қайталау сабақ

11 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: «Ауызша журнал» қайталау сабағы
Мақсаты: Өсімдіктану пәнінен алған білімдерін бір жүйеге келтіру, пысықтау, тез ойланып жауап беруге үйрету, халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу, нанды қастерлеуге, табиғатты қорғап, экологияны сақтауға баулу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, медицина, экология, өмірмен байланыс. Қолданған құралдар: мақал жазылған плакат, журнал, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:

I. Сабақтың жоспарымен таныстыру.
II. Журнал
1 - беті. «Сауалхана».
1. Неге бактерияларды төменгі сатылы өсімдіктерге жатқызамыз?
2. Бір жасушалы бактериядан хламидомонаданың қандай айырмашылығы бар?
3. Мүктері неге жоғары сатылы өсімдіктерге жатқызады?
4. Шаңжапырақтар мен мүктердің айырмашылыға бар ма?
5. Неліктен жалаңаштұқымдылар делінеді, және тұқым мен спораның қандай айырмашылығы бар?
6. Жабықтұқымды өсімдіктерді неліктен даражарнақты, қосжарнақты деп бөледі?
7. Даражарнақты өсімдіктің тұқымы мен қосжарнақты өсімдіктің тұқымының қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
8. Орамжапырақтың қандай түрлері бар, қандай пайдасы бар?
9. Төменгі сатылы өсімдіктерге сипаттама бер.
10. Қандай жеуге жарамды жеуге жарамсыз саңырауқұлақтарды білесің?

2 - беті. «Дастарханда наны жоқтың - тамағының сәні жоқ»
Нан туралы өлең.
О, адамдар, айтарым бар
Нанды баспаңдар!
Онда қол жетпейтін аспан бар,
Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
Өтініп сұраймын
Ана бол, дана бол, бала бол
Нанды баспаңдар!
Нанға үлкен жүрекпен
Қараңдар!
Нанды өмір деп санаңдар.
Нан болмаса,
Қызығың, бақытың
Құр әуре далбаса...
О, адамдар, кең пейілділер,
Бір дән жолда жатса,
Ұлылықпен еңкейіңдер!
(Кәрім Сауғабаев)

3 - беті. «Ойлан тап!»
1. Өсімдікке қажетті зат /тұз/
2. Негізгі тамырдан пайда болатын тамыр /жанама/
3. Тыңайтқыш /шымтезек/
4. Қоректік заттарды сіңіруге әсер ететін күш /қысым/
5. Түкшелері бар тамыр аймағы /сору/

4 - беті. «Қазақ ырымдарының қастерлі қасиеті»
1. Дастархан басында, тамақтанып отырғанда сырттан сәлем беріп кірген кісінің қолын алмайды. Бас изеп, асқа кел деп шақырады. Жуылмаған қолды сілікпейді. Бұлай істегенде ас сілкінеді, дәм - тұз атады деп ұйғарылады.
2. Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі мұндай ас бұзылады, айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады.
3. Өзен суына төніп, етпетінен жатып ішпейді. Суға кетесің, не су мақұлығы жұтады, не асқазан ауруына, өңеш қабынуына жолығады деп жориды.
4. Жуған қолды сілікпейді. Қайта сорғалатып барып, орамалмен сүртеді. Жуған қолды сілку – жаман ырым. Бүйткенде су атасы - Сүлейменнің киесі атады, соның салдарынан бастау көздері бітеді деп жорылады.
5. Ас – тамақтан, жел құздан, иіс қоқыстан ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жығылған адамның бір жері ауырып қалса да сол жерде: «Кет, пәлекет, кет! Ұшық! Ұшық!» деп ұшықтайды. Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып ұшықтап, үйге әкеліп, жылы жауып тастайды.

5 - беті. «Биологиялық диктант»
1. Өсімдікке жасыл түс беріп фотосинтез процесіне қатысқан жасыл пигмент -... бар.
2. Фотосинтез кезінде... сіңіріліп,... бөлінеді, нәтижесінде... түзіледі.
3. Барлық бұршақтұқымдас өсімдіктердің тамырында... болады.
4. Жасуша тыныс алғанда... сіңіріліп,... бөледі.
5. Гүлі, тұқымы, жемісі бола бермейтін, және жасыл емес өсімдіктер тобын... дейді.

6 - беті. «Жанға шипа, дертке дауа»
I. Мен көп жылдық өсімдікпін. Қыркүйек, мамыр айларында гүлдеймін. Жапырағымды, тамырымды жұрт дәрі ретінде пайдаланады. Негізгі өсетін мекенім – жол жиегі. Мені қан тоқтатуға, іріңді, жараның жазылуын тездетуге қолданады. Сонда мен қай өсімдікпін?

II. Мен күй талғамай кез келген жерде өсе беремін. Алқа тұқымдас өте улы өсімдікпін. Менің жапырағымды, тамырымды жеген мал мен құс өледі. Әсіресе, адам мен балалар үшін өте улымын. Ұлы ғалым Ибн Сина «Бұл у есірткі, оны жеген адам естен айырылады» деген. Мені тіс ауырғанда, сүйек сырқырағанда, сүйек ауырғанда ем ретінде пайдаланады. Бесіктегі баланы менімен аластайды. Сонда мен қай өсімдікпін?

III. Биіктігім метрге дейін жететін өсімдікпін. Мені мал жемейді. Тікенектерімді жұмсарту арқылы адамдарға жауын жауатынын алдын ала хабарлаймын. Жемісім жабысқақ, тікенді болғандықтан мал мен адам мені алысқа таратып, септігін тигізеді. Сөлімді өкпе демікпесін емдеуге пайдаланады. Сонда мен қай өсімдікпін?

7 - беті. «Табиғатты аяла!»
Топырақтың қоректі қасиеттерін арттырып, ауылшаруашылық өсімдіктерінен мол өнім алу үшін адамдар аса қуатты техника күшін жұмсайды. Топырақтың түріне қарай бірін суарады, екінші бірін құрғатады. Енді бірін түрлі әдістермен өңдейді. Мұнан топырақтың болашағы да адам әрекетіне бағынышты екені көрінеді. Қазіргі табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану мәселесі бүкіл халықтың міндеті болып отырғанда, топырақты қорғауға да зор көңіл бөлінуге тиіс. Бүгінгі таңда республикамызда астық дақылдарын егу алаңын кеңейту көзделіп отыр.
III. Сабақты қорыту.

IV. Бағалау.
Сабақты өзіндік талдау.
7 - сыныпта биология.
Тақырыбы: «Төменгі сатыдағы өсімдіктер».
Дәстүрлі емес, қайталау сабағы.
Өсімдіктер систематикасында бұл тақырып жеке берілген.
Сабақ 6 бөлімнен тұрады, әр бөлімде дидактикалық материалдар арқылы оқушылар білімі тексерілді. Халықтық педагогика элементтерін енгізу арқылы нанды қадірлеуге тәрбиеленді.
Слайдтар арқылы көрнекіліктер қолданылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Мақсатыма жеттім.
5 627
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысы. Тұқымның типтері. Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы.
Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысы. Тұқымның типтері. Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы.
Оқушыларды тұқымның құрылысымен таныстыру. Қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың қызметтерін айқындау. Генеративті мүшелер туралы алған білімдерін дамыту.
Биологиядан қысқа мерзімді жоспар (6 сынып)
Биологиядан қысқа мерзімді жоспар (6 сынып)
Тұқымның құрылысымен танысады, құрылысын қызметін біледі. Топта жұмыс жасауға қалыптасады Тұқымның құрлысымен танысу.
Өскіннің пайда болуы. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар
Өскіннің пайда болуы. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар
Өскіннің пайда болуы. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Өскін және тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар туралы білімдерін кеңейту;
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру
Жабық тұқымды өсімдіктер
Жабық тұқымды өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Жабық тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы, көптүрлілігі.
Тұқым. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысы
Тұқым. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысы
Тақырыбы: Тұқым. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×