Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көп жасушалы жасыл балдырлар

13 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Биология
Ұсынылып отырған сұрақ - жауаптар сабақ барысында лездемелік сұрақтар ретінде, «Балдырлар» тарауын қайталау, бекіту мақсатында және де ҰБТ - да жоғары баллдан үміткер мектеп бітірушілер мен талапкерлерге қолдануына өте қолайлы.

Көп жасушалы жасыл балдырлар

1. Біржасушалы және көпжасушалы жасыл балдырлардың түр саны: 13 мың
2. Спирогира - жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр.
3. Қолға жібектей жұмсақ болып сезілетін балдыр - спирогира
4. Спирогираның жасушалары - ірі, құрылысын микроскоппен көруге болады.
5. Спирогираның таспа тәрізді хроматофоры - жасушада оралма тәрізді орналасқан.
6. Спирогираның көбею жолдары - өсімді және жынысты.
7. Спирогираның өсімді көбеюі қалай жүреді?- жіпшелері бірнеше бөлікке немесе жасушаларының блінуі арқылы.
8. Спирогираның жынысты көбеюі қалай жүреді?- Жіптеріндегі екі жасушаның цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді.
9. Көпжасушалы жіп тәрізді жасыл балдырдың екінші түрі - Улотрикс
10. Ағын су түбіндегі заттарға бекініп тіршілік ететін көпжасушалы жасыл балдыр - улотрикс
11. Су түбіндегі қайыр, балшықтың бетін жауып жататын балдыр - улотрикс
12. Улотрикстің жасушалары - бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады.
13. Улотрикстің спирогирадан айырмашылығы - әрбір жасушасындағы жасыл түсті хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді.
14. Улотрикстің көбею жолдары - жыныссыз және жынысты
15. Улотрикстің жыныссыз көбеюі қалай жүреді?- кез - келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зооспоралар түзілу арқылы.
16. Улотрикстің жынысты көбеюі?- зооспоралар арқылы
17. Спирогира мен улотрикстің басқа жасыл балдырларға ұқсастығы - күн сәулесінің қатысуымен хроматофорларына судағы еріген көмірқышқыл газын сіңіріп, ағзалық зат түзіп, қоректенеді
18. Көп жасушалы жасыл балдырлардың басқа өкілдері - кладофора, ульва (теңіз салаты),
19. Балдырлардың суға бөліп шығаратын газы - оттегі
20. Қағаз өндірісінде пайдаланылатын балдыр - кладофора.
21. Жасыл балдырлар қандай көлдерде кездеспейді?- лас көлдерде
22. Лас көлдерде жасыл балдырлар түгел жойылып кетеді - тек бактериялар, көк - жасыл балдырлар және диатом балдырлары ғана қалады.
18 846
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биологиядан бақылау сұрақтары
Биологиядан бақылау сұрақтары
Көпжасушалы балдырларыдың денесін............ деп атайды (таллом)
Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар
Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар
Балдырлар, олардың әртүрлілігі. Көпжасушалы және біржасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру Көп жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және олардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға сипаттама
Балдырлар, олардың әртүрлілігі, біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру. Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау.
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Теңіз балдырлары
Теңіз балдырлары
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ерманова Сымбат
Көпжасушалы жасыл балдырлар
Көпжасушалы жасыл балдырлар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған мектебінің биология пәні мұғалімі Құдасбаева Гүлназия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×